Ұғым
|
Ұғымға түсінік
|
1
|
2
|
Авеста
|
Өлең-гимн. Ол өлең күн мен айға, отқа, тауға табынушылардың діни талабымен жазылған.
|
Алтын хан
|
ІХ-Хғ.ғ.ғ. монғол тегінен шыққан қара татарлар немесе қара қытайлар(қидандар)
|
«Андронов мәдениеті»
|
Қола дәуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. және орта кезеңін б.з.б. ХҮ-Хғғ. түгелдей қамтыған мәдениет, алғашқы ескерткіші ашылған Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениеті” деп аталады.
|
Арамей жазуы
|
Б.з.б. ХІҮ ғасырдан бұрын Аравия түбегін мекендеген көшпелі Семит тайпаларының бірі, осы жазуды пайдаланған. Арамейлер бұл жазуды ертедегі финикия жазуына негіздеп жасаған.
|
Арази –емирис-халие
|
Мемлекеттік қазынаға тікелей кіретін Оттоман империясындағы мемлекеттік жер бөлігі
|
Ариліктер
|
Үнді-еуропа тілінде сөйлеген, қазіргі Иран жерінен шығыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген тайпалар
|
Ашина
|
Қытай тілінен аударғанда «қасқыр» деген мағынаны білдіреді
|
Басымыл
|
Грек тілінен аударғанда тегі аралас адам деген мағына білдіреді
|
Гуз
|
Оғыздарды арабтардың атауы, түркі халқында-оғыздар
|
Даругачи
|
Қытайдағы монғол империясындағы жекелеген аймақтарда дара билікке тағайындалған адам.
|
Диван
|
Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы үкімет органы
|
Дуализм
|
Қос құдайға сенушілік
|
Жете
|
Қарақшылар, кезбелер
|
Жужань немесе жуань-жуань
|
«Шылаушын құрты» деген мағына білдіреді. Қытайлықтар көшпелі халықтарды кемсітіп осылай атаған.
|
Зороастризм
|
Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні. Б.з.б. ҮІІғ. шамасында Шығыс Иранда, Орта Азияда(Хорезмде) пайда болған.
|
Иемденуші шаруашылық
|
Табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану
|
Ихта
|
Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданнан немесе қала халқынан салық жинау құқысын сыйлады, бұған дейін бұл салықтар мемлекет пайдасына жыйналып келген болатын. Бұл артықшылық ихта деп аталды.
|
Ихтадар
|
Белгілі бір ауданнан немесе қала халқынан салық жинаушының лауазымын ихтадар деп атайды.
|
Керамика
|
Мықты қыш ыдыс
|
Кремация
|
Өртеу
|
Қаған
|
Аса үстемдік лауазымды білдіретін сөз.
|
«Қара шаңырақ»
|
«Ел», «билік», «жер» деген мағына білдіреді
|
Қидан
|
Қытай –маньчжур тегінен шыққан халықтың аты
|
Матриархат
|
Әйелдердің қоғамда жетекші орын алуы
|
Мемлекет
|
Жария өкіметтің пайда болуы мен оның іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы
|
|
Жаңа тас дәуірі
|
Неолиттік төңкеріс
|
Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу
|
Homo
|
Адам
|
Homo habilis
|
Епті адам
|
Homo erectus
|
Тік жүретін адам
|
Homo sapiens
|
Саналы адам
|
Мезолит
|
Орта тас дәуірі
|
Моғолдар
|
Моғолстанның түркі тілдес көшпелі, жартылай көшпелі түркі тайпалары
|
Орда
|
Б.з.б. 230-225 ж.ж. хундардың әскери лагері мен қолбасшы орын тепкен жерді атаған
|
Палеолит
|
Ежелгі тас дәуірі
|
Патриархат
|
Қоғамда ер адамдардың үстем етуі
|
Рабад
|
Қаланың кедейлер тұратын бөлігі.
|
Сасанид патшалығы
|
Иран династиясы, ІІІ-ҮІІ ғ.ғ. Таяу Шығыстағы мирастық билік
|
Сефевид әулеті
|
1502-1736 ж.ж. Таяу және Орта Шығыстағы мемлекет билеушілер әулеті
|
Соғдылар
|
Самарқан мен Бұқара арасында орналасқан парсы тілінде сөйлеген түркілер
|
Сұлтан
|
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстанда, Орта Азияда және Шығыс Түркістанда хан тегінен шыққан Шыңғыс хан ұрпағы ханзадаларын білдіретін атау
|
Сібір
|
Түркі сөзі, солтүстік-батыс Сібірдегі көне елді мекеннің аты
|
Сэму
|
Қытайдағы монғол империясындағы саяси және әкімшілік билікке тағайындауға лайықты халықтардың өкілдері дегенді білдіреді.
|
Тархан
|
Түркі-монғол текті ежелгі термин, ерекше көзге түскені үшін әскери, азаматтық және діни адамдарға берілетін атақ
|
Темучин
|
Татар тілінен «ұста» деген мағына білдіреді
|
Туран
|
Ертедегі иран тілдес көшпелі тайпаларды отырықшы-егінші тайпалардан ажырату үшін олардың көшіп-қонып жүрген тарихи этнографиялық даласын атаған.
|
Ұйғыр жазуы
|
Манихейліктер Вавилоннан (арабтық ирак) әкелген алфавит. Бұл ғылымға «ұйғыр жазуы» деп енген.
|
Ұлыс
|
Этникалық-саяси тұтас болып табылатын ұжым немесе «ел», «халық» деген мағынаны білдіреді.
|
Хорезмшах
|
Хорезм билеушілерінің феодалдық лауазымы
|
Хунну
|
Қытай тілінен аударғанда “еріксіз құл немесе кекшіл құл” дегенді білдіреді
|
Шағатайлар
|
Мауереннахрдың көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары
|
Цитадель
|
Қала әкімшілігі тұратын ішкі қала.
|
Энеолит
|
Мыс дәуірі
|
Яссы
|
Монғол дәуіріндегі заңдар жинағы
|