«Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері» Дайындаған: Зинелғабиден Перизат тл-23-1к



Дата21.09.2023
өлшемі2.38 Mb.
#478207
Презентация 2

«Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері»

Дайындаған: Зинелғабиден Перизат тл-23-1к

Тексерген: Иманбаева А.

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы

Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер. Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдар аралығында өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”,“Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.

Саяси ғылымның қалыптасуы

Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлекетті қарсы қояды. Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлекет мынадай белгілерге ие болуы тиіс:


1) қорғау құралдарымен;
2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру;
3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.
Ол мемлекеттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы әрбір адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.
5)сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

Аристотель

Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”,“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясатқа кең мағына бере отырып, мемлекет- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған.

Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм).

Адамзат ойының даму тарихы үш мың жылды қамтиды. Біз бұл пән аясында саяси ойлар мен идеялардың бәрін бірдей қамти алмаймыз. Олардың ішінен біз өзінен кейінгі дәуірге әсер еткен ойлар мен көзқарастар туралы ғана сөз етеміз. Өйткені оларға бүгінгі күні де қоғамдық қызығушылық бар.

Көне Шығыста қоғамды ұйымдастыру мен билік туралы түсініктің дамуында буддизм мен конфуцияандық ерекше роль атқарады. Олар б.д.д. VII – VI ғ.ғ. қауымдық құрылыстың ыдырауы, алғашқы мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді. мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді.

Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Адамзат ойының даму тарихы үш мың жылды қамтиды. Біз бұл пән аясында саяси ойлар мен идеялардың бәрін бірдей қамти алмаймыз. Олардың ішінен біз өзінен кейінгі дәуірге әсер еткен ойлар мен көзқарастар туралы ғана сөз етеміз. Өйткені оларға бүгінгі күні де қоғамдық қызығушылық бар. Көне Шығыста қоғамды ұйымдастыру мен билік туралы түсініктің дамуында буддизм мен конфуцияандық ерекше роль атқарады. Олар б.д.д. VII – VI ғ.ғ. қауымдық құрылыстың ыдырауы, алғашқы мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді.

Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер Дамуының кезеңдері 

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.

Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар

Араб – мұсылман Шығысындағы саяси ойлар VII ғасырда пайда болған Ислам дінінің ықпалымен дамыды. Мұсылман дінінің екі тармағы – Суниттер ( Мұхамед пайғамбардың «Құран» кітабына негізделген ) және шейіттер ( Әлидің партиясы басталған ) болды. Суниттердің пайымдауынша мұсылмандардың саяси өмірі Халифат деп аталатын мемлекет шеңберінде дамыды, ал суниттер мемлекетті имандар басқаратын иманат түрінде түсінеді. Иманды Алланың – Құдайдың жердегі өкілі деп санайды. Сондықтан иманның билігі – алланың әмірі әрі ол шектелмейді. Мұсылман әлемдегі мемлекет даму процесін XIV ғасырда алғаш зерттеп жазған араб ғалымы Ибн Хальдун ( 1332 – 1406 ж. ) еді. Ол « Үлкен тарих » деген еңбегінде арабтардың, парсылардың, берберлердің шексіз билігінің сабақтарын, мысалдарын келтіреді.

Қорытынды

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет