«Бекітемін» Қр бғм жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры м а. Исмагулова С. С



Дата25.02.2016
өлшемі44.95 Kb.
#24712

«Бекітемін»

ҚР БҒМ Жоғары, жоғары оқу

орнынан кейінгі білім және

халықаралық ынтымақтастық

департаментінің директоры м.а.

Исмагулова С.С.

________________________ «____»_____________ 2015 ж.











Құқықтанушы ғалымдар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған үздік жұмыстар байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №1223 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының 83-тармағын жүзеге асыру үшін ұйымдастырылады.




  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже байқау өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды таңдау жіктерін анықтайды.

1.2. Байқау тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлттық құқықтық жүйенің түпқазығы ретінде».

1.3. Байқауға қатысуға 25 жастан асқан, жоғары құқықтық білімі бар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын адамдар шақырылады.

1.4. Байқау өткізу мерзімдері:



  • 2015 жылғы 05 шілде мен 03 тамыз аралығы – байқауға жұмыстар қабылдау;

  • 03 тамыз бен 21 тамыз аралығы – ғылыми жұмыстарға сын пікір беру;

  • 22 тамыз – байқау нәтижелерін шығару;

  • 2015 жылғы 28 тамыз – байқау жеңімпаздарын марапаттау.




  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

    1. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлттық құқықтық жүйенің ілгерілемелі дамуындағы рөлі мен маңызын ғылыми тұрғыдан зерделеу мақсатын көздейді.

    2. Байқау міндеттері:

  • Конституцияның негіз қалаушы нормалары мен қағидаттарын өрбіту;

  • конституциялық дамудың қазақстандық үлгісінің артықшылықтарын насихаттау;

  • құқықтанушы ғалымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру;

  • заңгерлердің кәсіби тұрғыда тілдесуі үшін алаң ұсыну.




  1. Ғылыми жұмыстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар

    1. Ғылыми жұмыс (мақала, эссе, шолу) еліміздің Негізгі заңының жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуын; конституциялық ұстанымдардың салалық заңнамада, құқық ғылымында және құқық қолдану тәжірибесінде жүзеге асырылуын баяндайтын қағидаларды; нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.

    2. Байқауға мәтін көлемі машинамен басылған толық 5-7 бет қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындалған ғылыми жұмыстар (мақала, эссе, шолу) қабылданады. Әрбір қатысушы тек қана бір ғылыми жұмыс ұсына алады. Ұжымдық жұмыстар байқауға қатысуға қабылданбайды.

    3. Мәтін Microsoft Word редакторында терілген болуы керек, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жол аралығы – 1, тегістеу – ені бойынша, барлық жиектер – 2 см. Әдебиетке сілтемелер текше жақшаларда ресімделіп, мәтін соңында көрсетіледі.


Ғылыми жұмысты ресімдеу үлгісі:

ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

(1 шегініс)



Садуақасов Арман Серікұлы

sadyakas@mail.ru

КАЗГЮУ Университетінің докторанты

(1 шегініс)

Мақала мәтіні

(1 шегініс)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Байқауға қатысушы КАЗГЮУ Университетінің ресми сайтында http://kazguu.kz. тіркеуден өтуге тиіс. Тіркелу кезінде ғылыми жұмыстың электрондық нұсқасы және автор турылы мәліметтері (аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, байланыс ақпараты) бар файл қоса тіркеледі.



    1. Байқау ұйымдастырушылары бекітілген мерзімдерден кеш келіп түскен, байқаудың тақырыбы мен ғылыми деңгейіне сәйкес келмейтін ғылыми жұмыстарды қабылдамауға құқылы.




  1. Байқау комиссиясының құрамы және жұмыс істеу тәртібі

    1. Ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздарын ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелерінен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінен, КАЗГЮУ Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылары құрамынан тұратын байқау комиссиясы анықтайды.

    2. Жұмыстардың әділ бағалануын қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясының мүшелеріне ғылыми жұмыстар авторларын көрсетпей шифрланған түрде ұсынылады.

    3. Қарастыру нәтижесінде әрбір ғылыми жұмыс бойынша байқау комиссиясының мүшесі байқауға қатысуға жіберу немесе жібермеу туралы қорытындысы бар сын пікір жазады.

    4. Ғылыми жұмыстарға сын пікір бергенде байқау комиссиясының мүшесі төмендегі жіктерді басшылыққа ала отырып оның ғылыми деңгейін анықтайды:

  • байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі;

  • тақырыптың өзектілігі және жаңашылдығы;

  • ұсынылған ойлардың негізділігі;

  • ұсынылған ойларды тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі;

  • тақырыпты әрі қарай өрбіту мүмкіндігі;

  • авторлық ұстанымның сонылығы.




  1. Байқау нәтижелерін шығару

    1. Байқау нәтижелері байқау комиссиясының 2015 жылғы 22 тамыздағы отырысында шығарылады.

    1. Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің дипломдарымен марапатталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі 2015 жылғы 28 тамызда ғылыми конференцияда мына мекен-жайда өткізіледі: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

    2. Байқау қатысушыларына конкурсқа қатысқаны үшін сертификат табысталады.

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8.

Тел.: +7 (7172) 703038 (вн.: 1078), +7-701-111-72-15



Е-mail: d_zhanguttinova@kazguu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет