Арман да, арман, шын арман



Дата04.07.2016
өлшемі1.61 Mb.
#177971
Бұл басылым – «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады.

Кәрібай Таңатарұлы


АРМАН ДА, АРМАН, ШЫН АРМАН

Дастандар, айтыстар, өлең-толғаулар

ЕЛ-ШЕЖІРЕ.

Алматы. 2011

Суретті сызған Бейсен Дастанұлы мен Ғалым Қалибекұлы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының сирек қолжазбалар мен кітаптар бөлімінде дайындалып, университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген.

Жоба жетекшісі және жалпы редакциясын басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Қ. Жұртбай

Жауапты редакторы: филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Қ. Алпысбаев

Пікір жазғандар: ф.ғ.к. И. Нұрахмет пен ф.ғ.к. Арыққара Е.


Ақын мұрасын жинап, құрастырып, өмірбаянын жазып, қолжазбаларды «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына тапсырған халықтың рухани қормалы Асқар Игенұлы.

Араб қарпінен криллица қарпіне түсіріп, баспаға дайындаған филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ.Алпысбаев пен Иманғазы.



Зобалаң шақта шекарада опат болып, сүйегі көмусіз қалған, соңында қалған мұрасы туған елімен енді ғана қауышайын деп отырған, өлеңнің өрен жүйріктерінің бірі– Кәрібай Таңатарұлының бұл жинағына «Майқы би», «Қаракерей Қабанбай», «Қанжығалы Бөгенбай», «Мұрын және Байжігіт» сияқты тарихи дастандар және ақынның Әсетпен, Бәтимен айтысы, толғаулары енгізіліп отыр. «Майқы би» дастанындағы ықылым заманның көшпелі көріністері, «ұлы қоныс аудару дәуіріндегі», «ғұлындардың», яғни, ғұндардың Сарыжазық пен Амур бойынан қотарылуы, Құнан қыпшақтың көші, Орнық қаласы, Майқы би кезеңі, «жеті жарлық», «он бір жора» тұсындағы оқиғалар, қазақтың қоныстану жолы сияқты көркем мәліметтер бүгінгі көркем ойлау жүйеміздің жүлгесіне түйсік берер тосын көркем құбылыс болып табылады.

ТАҒДЫРЛЫ ТАЛАНТ

(Ілеспе.пікірлер)
Бұл да бір нысана шығар, тағдырлы талант иесі Кәрібай Таңатарұлының бұл жинағы, ұлттың рухани мұрасын жинап, жүйелеп, игілікке жарату мақсатында үкімет қаулысымен ашылған «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылуының 10 жылдығына тұс па тұс басылым көріп отыр. Осы жылдардың ішінде орталықтан жетпіске тарта бұрын беймәлім қадыми қолжазбалар мен сирек кітаптар ел игілігіне айналды.

Сол орайда жарияланған халықтық үндеуге үн қосқан Шығыс Түркістандағы бауырымыз, халықтың рухани қормалы Асқар Игенұлы ақын Несіпбек Айтұлы арқылы осы қолжазбаны орталықтың сирек қорына байғазы ретінде жолдапты. Азаматтық тағдыры аса зауалды Кәрібай ақынның шығармашылық мұрасы, әсіресе, «Майқы би» тарихи дастаны бір өкініште қалдырып, бір үміт оятады. Өкініште қалдырғаны – мұндай эпикалық, тарихи-көркем танымдық, шежірелік туындының толық сақталмауы. Үміттісі – соның жұрнағының сақталып қалуы. Осы арқылы да қазақтың халықтық көркем ойлау жүйесінің қисыны қылаң береді.

Толық жетпеген эпикалық бұл дастаннан тарихи хаттамалары сақталған жұрттардың өзінде елеске айналған ықылым заманның көшпелі көріністері, «ұлы қоныс аудару дәуіріндегі», «ғұлындардың», яғни, ғұндардың Сарыжазық пен Амур бойынан қотарылуы, Құнан қыпшақтың көші, Орнық қаласы, Майқы би кезеңі, «жеті жарлық», «он бір жора» тұсындағы оқиғалар, қазақтың қоныстану жолы сияқты көркем мәліметтер бүгінгі көркем ойлау жүйеміздің жүлгесіне де түйсік берер тосын көркем құбылыс болып табылады. Бұл деректерді салыстыра суыртпақтаса бізге келбеті анық емес оқиғалардың сорабы толық танылады. Егерде, бұл деректердің ХІХ ғасырдың соңындағы шежіреге сүйеніп, ХХ ғасырдың басында жазылғандығын ескерсек, көшпелі қазақ ойының сол кездегі тарихи талғам мен таным парасатының биік деңгейде болғандығынан толық хабардар етеді. Әрине, бұл жырлардың тағдыр тезінен жентектеліп өтуіне байланысты, алмастай жарқыраған сөз сымбатының ұнтақталған ұшқындарының жылтыры ғана аңғарылып қалуы заңды.

Қалай дегенмен де, баяндалған оқиғалардың тарихи негізінің өзі қазақ руханиятына үлкен олжа, көп көмескі жайдың тігісін жатқызады – деген сенімдеміз.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жанындағы



«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет