«Бекітемін»
ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.
«___»___________2016 ж.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
қазақ тілі пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.
Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:
1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;
2) жаратылыстану - ғылыми сауаттылық – (биология, химия, физика, география) –қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс – тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану – ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;
3) оқу сауаттылығы – (қазақ тілі, орыс тілі) мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу; қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.
Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.
1. Мақсаты: 9-сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейлері мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде – 7, үшінші деңгейде – 3 тапсырма.
Қазақ тілі пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Лексика
|
01
|
Сөз және сөздің мағыналары
|
01
|
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер
|
02
|
Омоним, антоним, синоним
|
03
|
Тұрақты тіркес, мақал-мәтел
|
02
|
Сөздік қор
|
01
|
Көнерген сөздер, неологизмдер
|
02
|
Кірме сөздер, диалект сөздер
|
03
|
Кәсіби сөздер мен терминдер
|
02
|
Фонетика
|
01
|
Дауысты дыбыстар
|
01
|
Дауысты дыбыстардың түрлері
|
02
|
Дауыссыз дыбыстар
|
01
|
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
|
03
|
Буын және тасымал
|
01
|
Буын түрлері, буынға бөліну ерекшеліктері, тасымал шарты
|
03
|
Үндестік заңы
|
01
|
Орфография, орфоэпия
|
01
|
Буын үндестігі, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
|
02
|
Дыбыс үндестігі, ықпал түрлері
|
04
|
Сөзжасам
|
01
|
Сөздік құрам
|
01
|
Түбір сөз, туынды сөз
|
02
|
Күрделі сөз, түрлері
|
05
|
Морфоло-гия
|
01
|
Зат есім
|
01
|
Зат есімнің мағыналық, құрамдық түрлері, қызметі
|
02
|
Зат есімнің жалғаулары, көмекші есім
|
02
|
Сын есім
|
01
|
Сын есімнің жасалуы, түрлері, қызметі
|
03
|
Сан есім
|
01
|
Сан есімнің түрлері, емлесі, қызметі
|
04
|
Есімдік
|
01
|
Есімдіктің түрлері, емлесі, қызметі
|
05
|
Етістік
|
01
|
Етістіктің құрамдық, мағыналық түрлері, қызметі
|
02
|
Етістіктің шақтары, райлары
|
03
|
Көсемше мен есімше, етіс түрлері
|
04
|
Тұйық етістік, емлесі, көмекші етістік
|
06
|
Үстеу
|
01
|
Үстеудің түрлері, емлесі, қызметі
|
07
|
Еліктеу сөздер
|
01
|
Еліктеу сөздердің түрлері, емлесі, қызметі
|
08
|
Одағай
|
01
|
Одағай түрлері, тыныс белгісі
|
09
|
Шылау
|
01
|
Шылаудың түрлері, емлесі
|
06
|
Синтаксис
|
01
|
Сөз тіркесі
|
01
|
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері
|
02
|
Сөз тіркесі, есімді және етістікті сөз тіркесі
|
02
|
Сөйлем мүшелері
|
01
|
Тұрлаулы мүшелер, қызметі
|
02
|
Тұрлаусыз мүшелер, қызметі
|
03
|
Жалпылауыш мүше, айқындауыш мүше, бірыңғай мүшелер, тыныс белгілері
|
03
|
Жай сөйлем
|
01
|
Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері
|
02
|
Құрылысына, құрамына қарай сөйлем түрлері
|
04
|
Құрмалас сөйлем
|
01
|
Салалас құрмалас сөйлем, жасалуы, түрлері
|
02
|
Сабақтас құрмалас сөйлем, жасалуы, түрлері
|
05
|
Оқшау сөздер. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз
|
01
|
Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер, тыныс белгілері
|
06
|
Төл сөз
|
01
|
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз, тыныс белгілері
|
07
|
Оқу сауаттылы-ғы
|
01
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс
|
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар қазақ тілі курсынан меңгеруі тиіс:
1) лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлері, лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б. білуі;
2) фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, фонетикалық ұғымдардың мәні, сөз құрамындағы дыбыстардың түрлері және олардың жіктелуі;
3) түбір сөз бен туынды сөздің белгілері, тіркесті сөздердің ерекшеліктері және емлесі, қос сөздер, біріккен сөздер, т.б. емлесі;
4) морфологияның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, сөз таптарының өзіндік белгілері және бір-бірінен айырмашылықтары, сөз таптарының мағыналық топтары, сөз құрамына қарай талдау жасай білу, сөйлемге морфологиялық талдау жасай алу, сөз таптарының түрлену заңдылықтарының сөз мәдениетімен бірлігін тани алу, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтау;
5) синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, сөз тіркесінің өзіне тән белгілері, тіркесу тәсілдерін ажырату, сөздердің байланысу тәсілдері, сөйлемнің мағынасына және құрылымына қарай бөлінуінің жолдары, сөйлем мүшелерінің түрлері, сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне тән белгілері, сөйлемге синтаксистік талдау жасай алу;
6) стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай білу, сөйлеу мәдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеру;
7) төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін, төл сөздің орналасу тәртібін, тыныс белгілерінің қойылу себебі;
8) Қолдану – нақты іс-әрекеттер мен жаңа жағдайларда негізгі ұғымдар мен принциптерді қолдана білу. Сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын ажырату, дыбыстарды акустикалық, артикуляциялық белгілеріне қарай топтастыру, сөз бөлшектерінің өзіне тән мағынасы мен қызметін ажырату, сөз тіркесінің байланысу тәсілдерімен түрлерін ажырату, стиль түрлерін салыстыру;
9) Анализ – ақпаратқа түсінік беру, көзқарасты талдау. Сөз мағыналарын қолданылу өрісін (актив,пассив сөздер), орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді, сөз таптарының мағыналық түрлерін, жасалу жолдары мен грамматикалық ерекшеліктерін, сөз таптарын сөйлемдегі қызметтерін, құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін талдау. Стиль түрлерінің қолдану;
10) Синтез – негізгісін атап көрсету. Берілген сөздерді лексикалық мағынасының жақындығына қарай жинақтау, фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді ажырату, ықпал түрлерін талдау, дайын үлгі бойынша сөз жасау, берілген сөйлемге керекті тыныс белгісін қоя білу, стиль түрлерін көрсету;
11) Оқу сауаттылығы – мәтін мазмұнын түсіну, ұғыну, жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, өз ойын қорыта білу.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 15 тапсырмадан және оқу сауаттылығына арналған 5 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 40 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 20.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры
|
Қ. Әбдиев
|
Достарыңызбен бөлісу: |