Жоспар: - 1.Философияның пәні,әдісі.
- 2. Философияның функциялары,негізгі бағыттары
- 3. Философияның өзге ғылымдармен байланысы.
Философияда дәстүрлі түрде ойлаудың болмысқа, ал болмыс — ойлауға (санаға) қатынасы туралы мәселе саналады. Бұл сұрақтың маңыздылығы оның дұрыс шешілуіне қоршаған әлем және ондағы адамның орны туралы тұтас білімді құру байланысты, ал бұл философияның басты міндеті болып табылады. Философияда дәстүрлі түрде ойлаудың болмысқа, ал болмыс — ойлауға (санаға) қатынасы туралы мәселе саналады. Бұл сұрақтың маңыздылығы оның дұрыс шешілуіне қоршаған әлем және ондағы адамның орны туралы тұтас білімді құру байланысты, ал бұл философияның басты міндеті болып табылады. Бүгінгі тақырыбымызда философияның пәні мен әдісі туралы қарастыратын боламыз. Өткен дәрісімізде қарастырған философияның пайда болуынан бастап,сонау грек мәдениетіндегі филосфтардың дәстүрінен бастап,қалыптасып келе жатқан философияның әрмен қарай қызметін оның өрісін кеңейтуге әсер ететін бұл әдістер екеніне тоқталатын боламыз.Біз өткен жолы айтып өткеніміздей философия белгілі бір уақытта,белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасып,пісіп жетіліп отыратын қоғамдық сананың ерекше формасы. Философияның негізгі пәні деген сұраққа тоқталатын болсақ бұл адам және дүние. Адамның қоршаған әлеммен байланысы,адамның қоғамда алатын орны,адам өмірінің мәні. Философия б.з.б 5-7 ғ. Грек мәдениетінде жеке дербес ілім ретінде, пән ретінде тіптен ғылым ретінде қалыптаса бастады.Яғни грек филосфтары осы философияны арнайы дамытуға көңіл бөлді. Бұған қарап философия тек қана грек мәдениетінде немесе батыс аймағында ғана дамыған деп айта алмаймыз. Өйткені адам бар жерде оның ойлау мәдениеті, оның шығармашылығы, оның дүниетанымы, өмір сүру тәжірибелері бар мұның бәрін біз философия деп айтамыз. Грек мәдениетінде осы тәжірибелерді зерттеу яғни зерттеулердің құралы ретінде адамның дүниедегі алатын орнын және айнала қоршаған ортаны тәжірибе негізінде танудың үлкен құралы ретінде философияны қолға алды. - Философия б.з.б 5-7 ғ. Грек мәдениетінде жеке дербес ілім ретінде, пән ретінде тіптен ғылым ретінде қалыптаса бастады.Яғни грек филосфтары осы философияны арнайы дамытуға көңіл бөлді. Бұған қарап философия тек қана грек мәдениетінде немесе батыс аймағында ғана дамыған деп айта алмаймыз. Өйткені адам бар жерде оның ойлау мәдениеті, оның шығармашылығы, оның дүниетанымы, өмір сүру тәжірибелері бар мұның бәрін біз философия деп айтамыз. Грек мәдениетінде осы тәжірибелерді зерттеу яғни зерттеулердің құралы ретінде адамның дүниедегі алатын орнын және айнала қоршаған ортаны тәжірибе негізінде танудың үлкен құралы ретінде философияны қолға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |