Тақырыбы: Ферменттер-ақуыз табиғатының биологиялық катализаторлары



Дата18.05.2022
өлшемі1.53 Mb.
#456949
ТӨХ Срсп 11

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тақырыбы: Ферменттер-ақуыз табиғатының биологиялық катализаторлары.


Орындаған: Баймухаммедов А
Тексерген: Нұрдәулетова Т
Ақтөбе
2022 ж

Жоспар:

Биообъект - ферменттер


Фермент - барлық тірі организмдер құрамына кіретін, биокатализатор қызметін атқаратын күрделі ақуыздар. «Фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер, әр түрлі елдердегі қолданысына қарай екі атаумен аталды.
Ферменттердің ерекше маңызды қасиеттері - өте жоғары белсенділігі және таңдамалы спецификалық әсері - әр фермент белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Осы қасиеттеріне байланысты ферменттерді ерте кезден бастап адамның тұрмыс – тіршілігінде кеңінен қолданылып келеді (шарап, сыра, сірке су алу, тері, ет өндеуінде).
Қазіргі кезде 3000-ға жуық ферменттер белгілі, сонын ішінде, 150 түрі - кристалды түрде бөлініп алынған, 300 - көпмасштабты өндіріс жолға қойылған.
Жапонияда - 55-60мың тонна/жылына ферменттер шығарылады, оның ішінде 38% ауыл шаруашылықта , 26% тағам өндірісінде және т.б. пайдаланылады. АҚШ-та - 30-35мың тонна/жылына ферменттік препараттарды өндіреді. Өндірістік масштабына байланысты ферменттер - үшінші орында, антибиотиктер мен аминқышқылдардан кейін.

Ферменттердің қолданылуы


Глюкоамилазалар - спирт өндірісінде - крахмалды этанолға дейін ыдырататын катализаторлар.
Гликозидазалар (глюкозидазалар) – кондитерлік өнімдер, жеміс және көкөкніс шырындарын шығару өндірісінде, тағамдық, целлюлоза–қағаз, медициналық салаларда қолданылады.
Гидролазалар - синтетикалық жуғыш заттар өндірісіндегі детергенттер.
Глюкозоизомеразалар – глюкозо–фруктозалық сиропты алу үшін пайдаланады.
Амилосубтилин, протосубтилин, глюкамоварин, амилоризин - ауыл шаруашылығында ферменттерді жем қоспалары ретінде;
Целлюлаза - целлюлозды–қағаз өндірісінде қолданады.
Амилазалар - астық және картоп крахмалды қанттау үшін, спирт және сыра өндірістерінде, нан пісіруде қолданады.

Ферменттерді пайдалануының тиімділігі және кемшілігі


Ферментің мөлшері аз мөлшері және арнайлығы - мысалы, нан пісіру саласында ферменттерді қолдану өте тиімді (заманауи технология) – бір тонна қамырға 300 г фермент қосып ашытылыды - нанның иісі, дәмі және түрі жақсарады.
Ферментті препараттар қамырдың ашуын тездету арқылы нан пісіруге кететін уақытты 25 %-ға дейін қысқартады. Демек, осы үнемделген уақыт ішінде тағы да бірнеше мыңдаған тонна нан өндіруге болады.
Ұйытқы арқылы (дәстүрлі технология) – 1 тонна қамырға ≈ 100 кг ұйытқы (10%) – көп шығын, сондықтан соңғы өнімнің өз бағасы, салыстырмалы ферменттер қолдануында, қымбат болып келеді.

Ферменттердің қолдануының кемшіліктері:


- ақуыздар болғандықтан, сақтауда тұрақсыз: температура, pH әсерлеріне сезімтал;
- қайта қолдану мүмкіншілігі төмен болады, себебі ферменттер реакцияға қатысатын реагенттерден және реакцияның өнімдерінен бөлу өте қиын.
Бұл кемшіліктерді жою үшін ферменттерді түрлі заттарға бекіту (иммобилиздеу) арқылы шешілді.

Фермент иммобилиздеуі дегеніміз не?

ИФ алу бірінші жұмыстары


1916 ж. - Е.Гриффин және Дж.Нельсон алғаш рет көміргі иммобилизденген инвертазаның ұзақ каталитикалық белсенділігінің сақталғанын анықтаған.
1939 ж. - Дж.Пфанмюлер және Шлейх - бірінші патент иммобилизденген ферменттерді қолданылуына ұсынған – «Терілерді өңдеу үшін ағаш жонқаға бекінген протеолитикалық ферменттерді қолдану»
1959 ж. - Н.Грубкофер және Д.Шлейт бірінші рет ферменттерді химиялық иммобилиздеу тәсілін қолданған (коваленттік байланыстыру), нәтижесінде белғілі мөлшерлі ферменттері бар иммобилизденген биокатализаторлар алынған, бұл тұрақты өнім алуға мүмкіншілік берді.
1971 ж. - «Инженерлік энзимология» бойынша бірінші конференцияда Хенникер (АҚШ) «иммобилизденген ферменттер және клеткалар» деген тұсінік ресми түрінде қабылданды.

Инфертаза ферментінің өндірістік қолдануының артықшылықтары


ИФ
Инвертаза ферменті жұмсақ салындысы бар шоколадты кәмпиттерде сахарозаның кристаллизациясын алдын аладыны
Инвертаза жағымсыз «құмды» дәмнің пайда болуынан сақтай отырып, кондитер өнімдерінің тұрақты сақталуын ұзартады
Жұмсақ салындысы бар кондитер өнімдерінің өндіріс технологиясын жеңілдетеді –созылмалдығы артады;
Пряниктердің сақтау мерзімін ұзартады және дәмін жақсартады
Тәтті газдалған суларда дәмін жақсартады және мөлдірлігін сақтайды

Иммобилизденген ферменттердің артықшылықтары:


1. Иммобилизденген ферменттер реакциялық ортадан оңай ажыратылады, сондықтан өндірісте келесі процестерді жүргізуге болады:
а) процесс керек кезде тоқтата алынады;
б) катализаторды қайта пайдалана алуға болады;
в) ферментпен ластанбаған өнім алынады.
2. Көп жағдайда иммобилизденген ферменттер денатурацияланатын факторларға жоғары төзімділікпен сипатталады.
Мысалы, полиакрил-амидті гельге (ПААГ) иммобилизденген лактатдегидрогеназа термоинактивациясы нативті ферментпен салыстырғанда 3600 есе баяу жүреді.
3. Иммобилизация процестің үздіксіздігіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Кайырманова Гульжан Кайыржановна б.ғ.к., биотехнология кафедрасының доценті, лекциясы
  • « Пищевая химия» Нечаев А.П., Траубенберг С.Е., Кочеткова А.А., 2007.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет