«Бекітемін»
ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.
«___»___________2016 ж.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
дүниетану пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының дүниетану пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Дүниетану пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Табиғат
|
01
|
Табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын түрлі әдістер
|
01
|
Айналаны бағдарлау тәсілдері
|
02
|
Физикалық карта
|
01
|
Құрлық беті: жазықтар, таулар. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнелеуі
|
03
|
Пайдалы қазбалар
|
01
|
Қара және түсті металл кендері. Жангыш пайдалы қазбалар. Кеңге жатпайтын пайдалы қазбалар
|
04
|
Су
|
01
|
Су айналымы. Жер асты сулары. Минералды сулар. Өзендер мен көлдер. Суды қорғау
|
05
|
Ауа және ауа райы
|
01
|
Ауаның жер бетінің тіршілігі үшін маңызы. Ауаның қурамы, қабығы. Қазақстанның физикалық, географиялық картасы
|
02
|
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары
|
01
|
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі. Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы
|
01
|
Шалғын (дала, шөл, орман-тоғай, су, таулы) өсімдіктері мен жануарлары. Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер
|
02
|
Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары
|
03
|
Жер – ғарыш денесі
|
01
|
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
|
01
|
Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер. Ғарышқа жол ашу.
|
02
|
Күн
|
01
|
Жер. Глобус – жердін үлгісі. Жердің Күнді айнала қозғалуы. Оның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Күн мен түннің ауысуы және себептері. Жер мезгілдерінің ауысуы
|
3. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
- пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызын;
- су айналымы, суды қорғау жолдарын;
- адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істерін;
- «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);
- ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;
- туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығын, даму жағдайларын;
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендерін, адам еңбегінің әсерін, қорғау жолдарын;
- ғарыш туралы алғашқы мағлұматты және қазақ халқының алғашқы ғарышкерлерін;
- ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры
|
Қ. Әбдиев
|
Достарыңызбен бөлісу: |