1. Литосфера. Жер бедері түрлерінің қалыптасуы және оның формалары



Дата25.03.2024
өлшемі68.63 Kb.
#496465
ББЖМ География Құсайова А.А.


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
МОНИТОРИНГІ (ББЖМ)
География пәнінен тест
2023-2024 оқу жылы

I нұсқа
1. Литосфера. Жер бедері түрлерінің қалыптасуы және оның формалары


Жер бетінің алуан түрлі кедір-бұдырлары жер бедері (рельеф) деп аталады. Жер бедері пішіндерін геоморфология зерттейді. Ол жер бедері дамуының заңдылықтарын, оның сыртқы белгілерін және географиялық таралуын зерделейді. Жер бедерінің түрлері жер бедері элементтерінен тұрады. Жер бедерінің элементтері – жер бедері түрлерінің жекелеген бөліктері.
1.Жер бедері түрлерінің наноформалары (микроформалар бөліктері)?
А. Материктер мен мұхиттар
В. Тау жүйелері, жазықтар, теңіз шұңғымалары
С. Т а у ж о т а л а р ы, т ө б е л е р
Д. Ұсақ денелер, жыралар
Е . О й - ш ұ ң қ ы р л а р, т ө м п е ш і к т е р, а д ы р л а р


2. Мұхиттық жер қыртысы қандай тау жыныстары қабаттарынан тұрады?
А) Гранит және базальт
В) Гранит және шөгінді жыныстар
С) Базальт және гнейс

  1. Әктас және гранит

Е) Базальт және шөгінді жыныстар

3. Литосфералық тақталар қандай соқтығысу аймағында пайда болады?


А) Қалқандар
В) Жазықтар
С) Ойпаттар
D) Таулар
Е) Платформалар
4. Экзогендік күштерге жатады
А. Жер сілкіну
В. Жел, жауын-шашын, температура
С. Лаваның жер бетіне шығуы
Д. Жанартаудың атқылауы
Е. Жер қабығының қозғалысы

2. Жер қыртысының құрылымдық элементтері. Литосфералық тақталар
Литосфералық тақталар жер қыртысының неғұрлым ірі құрылымдық элементтері болып табылады. Тақталар жоғары мантияның иілмелі қабатында жатады және жылына 2-5 см жылдамдықпен, материктерді өзінің соңына тарта отырып, бір-біріне қарай баяу жылжиды.


  1. Литосфералық тақталар жылына қозғалады?

А) 2-7 см
В) 2-11 см
С) 2-5 см
D) 2-8 см
Е) 1 м
6. Құрлықтық және мұхиттық тақталардың соқтығысуы?
А) Геосинклиналь
В) Рифт
С) Субдукция
D) Спрединг
Е) Коллизия
7. Екі құрлықтық тақтаның соқтығысуы?
А) Коллизия
В) Субдукция
С) Спрединг
D) Морфомүсін
Е) Мұхит асты шұңғымалары
8. Жарылған жерлер арқылы аққан магма есебінен мұхит түбінің өсу үдерісі аталады?
А) Рифт
В) Мұхит асты шұңғымалары
С) Субдукция
D) Коллизия
Е) Спрединг


Жауап кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

Е

Е

Е

В

С

С

А

Е


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет