«Бекітемін»
ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.
«___»___________2016 ж.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
математика пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының математика пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Математика пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Арифметика
|
01
|
Көп таңбалы сандардың нумерациясы
|
01
|
Көп таңбалы сандарды оқу және жазу
|
02
|
Көп таңбалы сандарды қосу және азайту. Теңдіктер және теңсіздіктер
|
03
|
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу. Амалдарды орындау тәртібі
|
02
|
Алгебра элементтері
|
01
|
Теңдеулер
|
01
|
Теңдеу шешу
|
02
|
Өрнектер
|
01
|
Әріпті өрнектер
|
03
|
Шамалар және олардың өлшем бірліктері
|
01
|
Массаның, уақыттың өлшем бірліктері
|
04
|
Есептер
|
01
|
Қозғалысқа берілген есептер (қарама-қарсы қозғалыс, қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс)
|
02
|
Бір бағыттағы артынан қуып жету және қалып қою қозғалысына берілген есептер
|
03
|
Шамалар арасындағы тәуелділікке, бірігіп атқарылған, егіннің түсімділігі берілген есептерді шығару
|
04
|
Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептерді шығару. Пропорционал бөлуге берілген есептер
|
05
|
Тура және жанама түрде есептерді салыстыру
|
03
|
Геометрия элементтері
|
01
|
Периметр. Аудан. Көлем
|
01
|
Көпбұрыштың периметрі және тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы, тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі. Шеңбер, дөңгелек
|
02
|
Геометриалық фигуралар
|
02
|
Өлшем бірліктері
|
01
|
Ұзындықтың, ауданның, өлшем бірліктері
|
04
|
Комбинаторика элементтері
|
01
|
Комбинаторикалық есептер
|
01
|
Комбинаторикалық элементері бар есептері
|
3. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
- мәтінді есептің құрылымын;
- өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
- арифметикалық амалдар компоненттерінің атауларын;
- қосу мен көбейтудің аустырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланасты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
- сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
- арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
- шамалардың бірліктерінің белгілеулерін;
- ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
- тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
- шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры
|
Қ. Әбдиев
|
Достарыңызбен бөлісу: |