«Бекітемін Ректор, ҰҒА ҚР академигі А. М. Ғазалиев 2014 ж



Дата16.06.2016
өлшемі120 Kb.
#140047
«Бекітемін

Ректор, ҰҒА ҚР академигі

____________ А.М. Ғазалиев

«___» __________________ 2014 ж.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы
ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы ережелер

1.1 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (ары қарай- ҚарМТУ) Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы аталмыш ереже ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді , сонымен қатар, ҚарМТУ студенттерінің, магистранттарының, PhD доктаранттарының, зерттеуші- оқытушыларының академиялық ұтқырлық негізінде өзге жоғары оқу орындарында (соның ішінде шетелдік) білім алу мерзімін қабылдау үдерістерін анықтайды.



1.2 ҚарМТУ-да Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы

аталмыш ереже (Ары қарай- Ереже) мына заңдарға сай құрылған:

1. ҚР «Білім туралы» 27.07. 2007 жылғы заңына







2. ҚР «Ғылым туралы» 18.02. 2011 жылғы заңына;

3. "Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім туралы» 06.12.2000 жылғы ережеге;

4. «Білім берудің кредиттік технологиясы негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру» 20.04.2011 жылғы ережеге;

5. 1999ж. 18-19 маусымдағы Болон Декларациясына;

6. 2007 жылғы Тараз Декларациясына;

7. 2011 жылғы Шымкент Декларациясына;

8. 2011ж. 19 қаңтардағы ҚР жоғары оқу орындарында білім алушыларының академиялық ұтқырлық концепциясына;

9. «ҚарМТУ-да оқу үдерісін ұйымдастыру туралы» ережеге;


10. ҚарМТУ Жарғысына және тағы басқа жоғары білім беру саласындағы құқықтық және нормативтік актілерге сай..

1.3 ҚарМТУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру туралы аталмыш ереженің мақсаты мен міндеттері Болон декларациясының негізгі қағмдаларына сәйкес келеді.

1.4 Академиялық ұтқырлық ЖОО-ның Халықаралық іс-әрекетіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады, және білім берудің сапасын жақсартуға, студенттердің, магистранттардың, PhD доктаранттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми- зерттеу жұмыстарының тиімділігін жоғарылатуға, олардың кәсіби, мәдени және білім деңгейлерінің өсуіне, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық қатынастарды орнатуға, ҚарМТУ-дың міндетін орындауға септігін тигізеді.

1.5 Академиялық ұтқырлық- бұл ҚарМТУ студенттерінің, магистранттарының, PhD доктаранттарының және/ немесе зерттеуші- оқытушыларының белгілі бір академиялық мерзімге (семестр немесе оқу жылына) Қазақстанның немесе Шетелдік жоғары жоғары оқу орынына білім алу (немесе зерттеу жұмыстарын жүргізу) үшін ауысуы.

1.6 Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін студенттер, магистранттар, PhD доктаранттар басқа білім ордаларында, сонымен қатар, шетелдік, жеке пәндерді оқи алады. Мұндай жағдайда білім беру мекемелерінің арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасының шеңберінде білім беру бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарт болуы тиіс.

1.7 ҚарМТУ студенттері, магистранттары, доктаранттары және зерттеуші –оқытушыларының белгілі бір академиялық мерзімдегі (семестр немесе оқу жылы) академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асырудың жолы - білім алушыларды серіктес- жоғары оқу орындарына жіберу болып табылады:

- ортақ қос диплом (дәреже) бағдарламасының шеңберінде білім беру үшін;

- Оқу орындары арасындағы ынтымақтастық негізінде (екнші диплом берілмейді), сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары негізіндегі қамтылған білім беру;

- машықтанудан өту (сонымен қатар, тілдік);

- оқу немесе өндірістік тәжірибеден өту;

-жазғы мектептерге (семестрге) қатысу.

1.8 Академиялық ұтқырлықты енгізу отандық білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарларын Еуропалық стандарттармен сәйкестендіруге; отандық біліктіліктер мен академиялық деңгейлерді қабылдауға; Қазақстандық студенттердің кредиттерін шетелдік университеттерде қайта есептеуге және керісінше, ортақ білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға; Қазақстандық жоғары білім туралы дипломдардың Еуропалық аймақтарда айналымдылығын қамтамасыз ету үшін және түлектердің кез-келген мемлекетте жұмықа орналаса алулары үшін жағдайлар жасауға септігін тигізеді.

1.9 Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық қамтиды:

1.9.1 ҚарМТУ студенттерін, магистранттарын, доктаранттарын берілген дайындау бағыты (мамандық) бойынша оқудың нормативті мерзімін ұлғайтпай, оқу мерзімін қабылдай отырып, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту.

1.9.2 Зерттеуші- оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерінде қызмет етуі.

1.10 Ішкі (ұлттық) академиялық ұьқырлық қамтиды:

1.10.1 Студенттерді, магистранттарды, доктаранттарды берілген дайындау бағыты (мамандық) бойынша оқудың нормативті мерзімін ұлғайтпай, оқу мерзімін қабылдай отырып, Қазақстанның алджыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқыту.

1.10.2 Зерттеуші- оқытушылардың Қазақстанның алдыңғы- қатарлы жоғары оқу орындарында қызмет етуі.

1.11 Жеке академиялық ұтқырлық- білім алушының белгілі бір мерзімге басқа білім беру мекемесіне (Қазақстанда немесе шетелде) білім алу үшін ауысуы
2. Академиялық ұтқырлықтың ұйымдастырушылық қамтамасыз етуі
2.1 Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізігі мерзімі- семестр немесе академиялық жыл.


    1. Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру мыналардың есебінен жүргізілуі мүмкін:

- бюджеттік қаражат, сонымен қатар ұлттық жобалар шеңберінде бөлінетін;

- білім беру мекемесінің қаражаты;

- жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беруді қолдаушы және дамытушы қорлардың есебінен;

- қабылдаушы жақ есебінен, сонымен қатар халықаралық мекемелердің немесе жекеменшік қорлардың гранты;



- академиялық ұтқырлыққа қатысушының жеке қаражатынан.

2.3 Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуді басқару жұмыстарын Ректор, бірінші проректор, оқу және әдістмелік жұмыс бойынша проректор атқарады.

2.4 Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын Болон процесін дамыту басқармасы атқарады.

2.5 Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізі- шетелдік (Қазақстандық) университеттен немесе ғылыми орталықтан келген ресми шақыру.

2.6 Ресми шақыру алған жағдайда жеке білім алу траекториясын, академиялық немесе зерттеу бағдарламасын жоспарлаушы білім алушылар (оқытушылар немесе қызметкерлер) кафедра басқарушысымен сапарға шығу мүмкіндіктерін талқылап, оң шешім шыққан жағдайда Ректордың атына қызметтік хат жазуы тиіс.

2.7 Қызметтік хатта көрсетіледі: негіздеме, сапардың мақсаты, бару орыны, мерзімі, қатысушының аты- жөні, тегі, лауазымы және жол, тұрғын орын (үй жалдау) және келу (күнделікті) ақысын төлеу туралы ұысыныстар. Қызметтік хатпен қоса шақыру және бекітілген мемлекеттік/ орыс тіліне аудармасы, және де сапардың мақсаттылығын, сапардың қаржылай шарттарын көрсететін басқа да құжаттардың болуы қажет.

2.8 университеттің орталықтандырылған қаражатынан қаржыландырылған жағдайда қызметтік хат Ректордың атына деканның визасымен қоса беріледі.

2.9 Оқытушыларды немесе қызметкерлерді (студенттерді немесе магистранттарды) академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін университет қаржысына сапарға шығару (бағыттау) туралы шешімді Университеттің ғылыми кеңесі қабылдайды.

2.10 Іссапарға жіберуді рәсімдеу және іссапардан қайтып келу туралы есеп Университетте қабылданған ережеге сай жүргізіледі.


  1. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін әдістемелік қамтамасыз ету




    1. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру және білім берудің сапасын бақылау үшін әдістемелік қамтамасыз ету университтетің халықаралық білім беру қызметін ұсыну процессіне қатысуының анықтаушы факторы болып табылады.

3.2 Университетте құзіреттілігіне академиялық ұтқырлықты регламенттеуші жергілікті актілерді құру, шетелдік ЖОО-на жіберу үшін студенттерді, магистранттарды, доктаранттарды, оқытушыларды таңдау және қызметкерлерді жұмылдыру, Университет қол қойған академиялық ұтқырлық туралы бағдарламалардың мазмұнын және келісімшарттарды бақылау, орындалуы міндетті барлық процедуралық шарттардың орындалуының мониторингін жасау кіретін Халықаралық қатынас бөлімі құрылған.

3.3 Академиялық мойындау мәселелерін шешу, сонымен қатар, Университет факультеттерінде сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша ұсыныстар құру үшін Ректордың бұйрығымен Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету комиссиялары құрылады.

3.4 Университет факультеттерінде Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету комиссиясының құзіреттлігіне кіреді:

- Университтетің, және де шетелдік ЖОО-ның факультет студенттерінің, оқытушыларының және қызметкерлерінің жеке академиялық ұтқырлықғының уақыт тәртібін құру;

- алдыңғы білім алуды қабылдау және білім алушылардың басқа оқу орындарында өткен пәндерін қайта есептеуге қатысты практикалық сұрақтарды шешу;
- нормативтер қамтыған міндеттерді, сонымен қатар сәйкес бағдарламаларды немесе ұтқырлыққа қатысты келісімдерді жүзеге асыруға қажетті басқа да міндеттерді орындау, соның ішінде, академиялық кеңес беру және академиялық ұтқырлыққа қатысушы қазақстандық және шетелдік студенттердің бақылауын жүргізу.

- Қабылдаушы университтеттің академиялық анықтамасы негізінде және шығарушы кафедраның қорытындысы бойынша «Академиялық мойындау туралы протокол» дайындау;



- Университетте академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруға қатысты ақпаратты уақытылы орналастыру және бақылау (оқу пәндерінің тізімі).
4. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз ету
4.1 Сыртқы академиялық ұтқырлықты ақпарттық қамтамасыз ету жұмыстарын жалпы басқаруды Университеттің Халықаралық Байланыс бөлімі (ХББ) атқарады.

4.2 ХББ тиісті ақпаратты университет сайтына салу арқылы, немесе электрондық поштаға ақпараттық хат жіберу арқылы Халықаралық байланыстың ағымдағы жағдайы туралы факультеттерді ақпараттандырады.

4.3 ХББ шетелдік серіктес- университтер (сайттарын көрсету арқылы) және академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпаратты, білім алушыларға, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне түсінікті үлгіде орналастыруды қамтамасыз етеді.

4.4 ХББ ынтымақтастық туралы келісімшарттардың негізінде академиялық ауысу бағдарламалары боойынша жарыстар ұйымдастырады.

4.5 Ішкі академиялық ұтқырлықты ақпараттық қолдау жұмысын жалпы басқаруды Университеттің Болон процесін дамыту басқармасы (БПДБ) жүргізеді.

4.6 БПДБ Университет факультеттерін Қазақстандық Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы туралы сайтта сәйкес ақпаратты орналастыру немесе электронды поштаға хабарлама жіберу арқылы ақпараттандырады.

4.7 БПДБ Қазақстанның ынтымақтастық жүйесіне кіретін, бастысы инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орындары туралы және академиялық ұтқырлыққа қажетті мүмкіндіктер туралы түсінікті үлгідегі ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді (электрондық ресурстарды көрсету арқылы).

4.8 Оқу жылының қорытындысы бойынша БПДБ студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүзеге асуы туралы ҚарМТУ сайтына орналастырылатын есеп дайындайды.

5. Университет студенттерінің, магистранттарының және

PhD докторанттарының академиялық ұтқырлығы.
5.1 Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысында, игерілген кредиттер серіктес университетте Қазақстандық және ECTS кредиттеріне сәйкес қайта есептеледі.

5.2 Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы игерілген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде бекітілген ереже бойынша қайта есептеуді және оқу немесе өндірістік тәжірибеден өтуді қамтиды.

    1. Ректордың бұйрығы бойынша ECTS-дің университет бойынша (университет үйлестірушісі), сонымен қатар факультеттердің үйлестірірушілері тағайындалады.

    2. ЖОО үйлестірушісі ECTS қағидалары мен механизмдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар барлық факультет үйлестірушілерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды.

5.5 ECTS үйлестірушілері білім алушыларға және профессорлық- оқытушылық құрамына ECTS-дің тәжірибелік және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.

5.6 Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша барғылары келетін күндізгі бөлімде және сырттай білім алушылардың өтініштері емтихан сессиясынан кейін 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде 1 қосымшада көрсетілген үлгіге сәйкес қабылданады.

5.7 Білім алушылар бірінші курсті сәтті аяқтағанннан соң (бір жыл оқудан кейін) семестр немесе бір оқу жылына академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шыға алады.

5.8 Білім алушыдан өтініш келген соң факультет үйлестірушісі академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша білім алуға университет үйлестірушісі қол қоятын келісім рәсімдейді. Келісім студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу үдерісін реттейтін негізгі құжат болып табылады және 2-ші қосымшаға сәйкес үлгіде мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады.

5.9 Қабылдаушы жоғары оқу орынның білім алушының академиялық ұтқырлық бойынша оқуы туралы оң шешімі жағдайында білім алу келісіміне үш жақты тәртіпте қол қойылады:жіберуші ЖОО, қабылдаушы ЖОО және білім алушы.

5.10 Қол қойылған келісімді негізге ала отырып университетте білім алушыны қабылдаушы оқу орына көрсетілген мерзімге (семестр немесе оқу жылы) жіберу туралы бұйрық шығарылады.

5.11 Білім алушының академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқандығын растайтын қорытынды құжат, өткен пәндері, басқа да қосымша қатысқан сабақтары, игерілген кредиттер саны және «Академиялық иойындау туралы протокол» дайындауға қажетті бағлалары көрсетілген транскрипт болып табылады. Транскрипт 4-ші қосымшаға сәйкес үлгіде мемлекеттік, орыс немесе/және ағылшын тілдерінде беріледі.

5.12 Академиялық ауысу бағдарламаларына қатысуға Университет студенттерін, магистранттарын және PhD докторанттарын таңдау мүмкіндіктер теңдігі, марапаттаулары, қабілеттері мен қоғамдық іс-шараларға қатысуы қағидаларына сай жарыстың ашық тәртіптері шеңберінде өткізіледі. Білім алушының академиялық үлгерімі, қабылдаушы жақтың оқыту тілін білуі (ағылшын тілі), академиялық ауысу бағдарламаларына немесе келісіміне сәйкестігі есепке алынады.

5.13. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысушы студенттер 3-ші қосымшаға сәйкес қабылдаушы оқу орынында оқуы тиіс пәндер тізімі көрсетілген (жеке оқу жоспары) құжат әкелуі тиіс.

5.14. Жеке оқу жоспары алдын ала академиялық мойындаудың негізі және алынған білімнің болашақ біліктіліте есептелетіндігінің кепілі болып табылады.

5.15. Студенттер, магистранттар және PhD докторанттар оқу орынының ережесіне сәйкес қабылдаушы Жоғары оқу орынында қабылдаудың әкімшілік рәсімін өтеді.

5.16. Студенттер, магистранттар және PhD докторанттар қажет білім алу үшін мемлекеттік, аймақтық әкімшілік, негізгі Университет немесе басқа да мекемелер ұсынатын шәкіртақы немесе көмек ала алады.

5.17. Қабылдаушы оқу орынында оқу мерзімі аяқталғаннан соң студент, магистрант немесе PhD докторант негізгі (жіберуші) оқу орынына өткен пәндері, басқа да қосымша қатысқан сабақтары, игерілген кредиттер саны және «Академиялық иойындау туралы протокол» дайындауға қажетті бағлалары көрсетілген үлгерімі туралы үлгі бойынша (4-ші қосымшаға сәйкес) анықтама (транскрипт) ұсынуы тиіс.

5.18. Пәндерді мойындау жане қайта есептеу білім алушының негізгі (жіберуші) оқу орынына қабылдаушы ЖОО-да өткен пәндерін дәлелдейтін ресми құжаттар кешенін ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

5.19. Білім алушының жеке оқу жоспарынан бөлек қосымша пәндерді оқуы жағдайында, Комиссия қайта есептенуді жеке тәртіпте жүргізу туралы шешім қабылдайды, оқу пәндерін толық тапсырудың графигін жасайды.

5.20. Аталмыш рәсімге сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды мойындау тиісті біліктілікті алуға қажетті оқу жоспарына сәйкес жалпы оқу жүктемесінің 20% асуы мүмкін емес
6. Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы
6.1 Аталмыш бөлімнің ережелері Университеттің оқу- көмекші және әкімшілік- басқару қызметкерлеріне де қатысты.

6.2 Ғылыми кеңес Университеттің оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығының жалпы мерзімі бойынша шектеулер қоюға құқықты.

6.3 Университеттің оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың ерекше жолы төмендегі жағдайлар үшін оларды серіктес оқу орындарына жіберу және білім алуын ұйымдастыру:

- дәріс оқу, сабақ өкізу және кеңес беру;

- біріккен тақырыптар төңірегінде ғылыми жұмыстарға қатысу;

- біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу;

- шығармашылық демалыс кезінде машықтанудан өту;

- конференциялар мен семинарларға қатысу.



6.4 Іс- сапарға шығарудың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат техникалық тапсырма болып табылады. Техникалық тапсырмаға іс-сапарға шығушы, кафедра (зертхана, бөлім) меңгерушісі, құрылымдық бөлімше жетекшісі қол қояды және Универсиет ректорымен бекітіледі.

6.5 Университет оқытушыларын, қызметкерлерін және әкімшілік қызметкерлерін қызметтік сапарға жіберу Ректордың бұйрығы негізінде жүреді.

6.6 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің шетелдік сапарға кетуі мерзімінде олардың оқу жүктемелерін және лауазымдық міндеттерін орындау ҚР заңнамасына сәйкес ақысы төлену арқылы басқаларға жүктеледі.

6.7 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің басқа оқу орындарына немесе мекемелерге өз ықыласымен кетуі, ережеге сай, жеке сапар ретінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда Университет әкімшілігі құжаттар рәсімдеуде көмек көрсете алады.

6.8 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен іс-сапарының қорытындылары, және нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар кафедраның (зертхананың, бөлімнің) немесе университет ғылыми кеңесінің отырысында тыңдалады.

6.9 Университет оқытушыларының, қызметкерлерінің және әкімшілік қызметкерлерінің кінәсі бойынша құжаттарды тиісті түрде рәсімдеусіз шетелге іс –сапарға шығу жұмысқа келмеу ретінде есептелеті және тәртіптік ықпалға әкеліп соқтырады. Аталмыш пікір кезекті демалыс немесе еңбекақысы сақталмай шыққан демалыс кезіндегі жағдайға қатысты емес.

6.10 Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру ға қатысу үшін проректорларды және декандарды іс-сапарға жіберу туралы шешімді Университет ректоры өқабылдайды.
7. Шетелдік студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы.
7.1 Шетелдік студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың негізі университет аралық серіктестік болып табылады.

7.2 Шетелдік студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттарды жеке академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін шақыру жөніндегі сұрақты қарастырудың негізі кезектегі семестрдің басталуынан 3 ай бұрын алынған, бекітілген үлгідегі сауалнама- өтініш болып табылады.

7.3 Шетелдік студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттарды жеке академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін шақыру туралы шешімді факультеттермен келісе отырып, келесі құжаттардың болуы жағдайында ХББ қабылдайды:

- сауалнама- өтініштің;

- төлқұжат көшірмесінің;

- Еуропалық талаптарға сай рәсімделген бұрын алынған жоғары білім туралы анықтаманың;

-қабылдаушы және жіберуші жақтармен келісілген жеке оқу жоспарының;

-шетелдік білім алушыны қабылдау туралы факультеттің қолдаухаты болған, сонымен қатар, жатақханада бос орынның болған жағдайында.



7.4 Оқу ақысы, жол шығыны, тұру орыны, тамақ және медициналық қызмет көрсету жеке қаражаттан, жіберуші жақ немесе универсиетет қаражатынан төленеді. Оқу ақысы университет ректоры бекіткен смета арқылы белгіленеді.

7.5 Шетелдік оқытушылар Университетке академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ғылыми жұмыс және дәріс оқу үшін 1 академиялық жыл мерзіміне шақырылуы мүмкін.

7.6 Жарыс бағдарламасының шарттарына немесе академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге сәйкес білім алушыны қабылдау туралы хабарламаны Университеттің ресми сайтына 3 тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастыру арқылы Халықаралық Байланыс бөлімі жасайды.

7.7 Университеттің ресми сайтында орналастырылған ақпаратта білім алушыларға ұсынылған пәндер (факультеттердің берген ақпараттары, өтінішті беру мерзімі, осы жағдайда Университетке қабылдану үшін орындалуы міндетті шарттар, сонымен қатар online тәртібінде қол жетімді сауалнама- өтініш үлгісі негізінде) көрсетілуі тиіс.

7.8 Өтініш қанағаттандырған жағдайда ХББ сәйкес Университтерге өтініш берушілерге қабылданған шешім туралы хабарлайды және визалық қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өтініш берушілерге барлық қажетті ақпарат, университет туралы жалпы ақпарат, және де Универсиетке келген кездегі рәсімдеу тәртібі туралы ақпараттар жіберіледі.

7.9 ҚарМТУ-да шетелдік білім алушылар мен мамандардың тұруы, келуі және медициналық сақтандырылуы Университте қалыптасқан ереже мен тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

7.10 Өтілген оқуды сертификаттау ХББ оқу және әдістемелік проректормен келісіп, бекіткен Ереже және тәртіптерге сәйкес жүргізіледі. ХББ студенттерге, және де оларды ҚарМТУ-да білім алуға жіберген ЖОО-ның өкілетті органдарына тиісті түрде рәсімделген үлгерім туралы академиялық анықтамалар жібереді.
8. Ережені қабылдау және өзгертудің реті
8.1. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы аталмыш ереже Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітіледі, өзгертіледі және толықтырылады.
Келісілген:

Оқу және әдістеме бойынша проректор В.В.Егоров


ОӘД директоры В.Н.Головачёва
БПДБ жетекшісі С.А.Жаутикова
ХББ жетекшісі А.И.Краснюк



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет