ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Тарих және шетелдік студенттермен
жұмыс факультетінің деканы
____________________Б.С.Жұмағұлов
«_____» _____________2015 ж.
|
«6D011400 – ТАРИХ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015 ж.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
-
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D011400 – Тарих» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: т.ғ.д., доцент Жангуттин Б.О.
т.ғ.к., доцент Мырзатаева З.Б.
т.ғ.к., доцент Калыбекова М.Ч.
«Әлеуметтік тарих» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № 9 хаттама, «28 » сәуір 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
М.Қ. Қойгелдиев
|
«Шетелдік тарихнамадағы жаңа БАҒЫТТАр»
ПӘНІНІҢ бағдарламасы
(кәсіптік пән, міндетті компонент)
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Тарих ғылымындағы жаңа бағыттар: күнделікті тарих, интеллектуалдық тарих, гендерлік тарих, ауызша айтылған тарих, аз ұлттар тарихы және т.б. Курс деректері мен тарихнамасы. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы жаңа бағыттарды зерттеуге баса мән беру қажеттілігі және маңыздылығы. Олардың негізгі бағыттар ретінде қалыптасуы. Курс бойынша деректік материалдарға тән ерекшеліктер. Негізгі әдебиеттерге сипаттама және оларды зерттеу жолдары.
Қазіргі заманғы тарих ғылымындағы жаңа бағыттар.
Қазіргі замаңғы тарих ғылымындағы жаңа бағыттар: күнделікті тарих, интеллектуалдық тарих, гендерлік тарих, ауызша айтылған тарих, аз ұлттар тарихы, демографиялық тарих, экология тарихы.
Тарихи зерттеулердің деңгейлері. Макротарихтан микротарихқа бет бұрыс.
Тарихи зерттеулердің деңгейлері. Макротарихтан микротарихқа бетбұрыс. Әлеуметтік бағытталған тарих. Микротарих. «Төменнен қарастырылған тарих». Күнделікті тарих. Антропологиялық бетбұрыс. Мәдениет тарихы. Мәдениеттің символьдігі. Жеке тұлғаның тәжірибесі.
Күнделікті тарих ғылыми бағыт ретінде.
«Күнделікті тарих» тарихи зерттеулердің дара ғылыми бағыты ретінде. «Күнделікті тарих» - тарих ғылымының жаңа саласы. «Күнделікті тарих» бағытының қалыптасуы және оның негіздері. «Күнделікті өмір» терминінің мәні және құрылымы. Күнделікті тарихтың нысаны. Күнделікті тарихты зерттеудің тәсілдері. Күнделікті тарих. «Тарих шеберханалары». Микоранализ. Жаңа тарихи синтез. «Тығыз» баяндаулар. Локалдық – тарихи шептер. Жұмысшылар тарихы. Субкультура.
Күнделікті өмірді зерттеу тарихнамасы, методологиясы, түрлі мектептері мен бағыттары.
Аристотель, Цицерон, Сенека және Горацийдің философиясындағы «жалпылама дұрыс мағына» категориясы. Қайта Өрлеу заманының философтары (Николай Кузанский, Эразм Ротердамский) мен ағартушылар (Ф.Бэкон, Р.Декарт, Т.Гоббс) еңбектеріндегі «жалпылама дұрыс мағына» категориясының түсіндірілуі. XIX ғ. прагматиктері У.Джеймс, Ч.Пирс және т.б. бүл категорияны түсіндіруге қосқан үлесі. З.Фрейдтің «Күнделікті өмірдің психопатологиясы» атты еңбегі және «күнделікті өмір» деген терминінің ғылыми айналымға ендірілуі. XX ғ. күнделікті өмірдің тарихнамасы: XX ғ. шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі күнделікті тарих пен антропологияның зерттелуі. Й.Хейзинги және «Анналдар» мектебінің негізін қалаушылар М.Блок пен Л.Феврдің еңбектері және қазіргі заманғы мәдени-тарихи зерттеулердің ірге тасының қалануы. 1960-шы жылдардан бастап діл тарихының зерттелуі(Ф.Арьес, Ж.Ле Гоффа, Н.Земон-Дэвис және т.б.). 1970-шы жылдардағы әлеуметтік тарихтың сыналуы, бірақ оның кеңістігінің тарихи-антропологиялық зерттеулердің (күнделікті тарихтың) кобеюі арқылы кеңеюі. Э.Гуссерль - феноменологиялық бағыттың «кіндік атасы». Н.Элиас «өркениеттің социогенетикалық теориясының» негізін қалаушы және оның «Күнделіліктің түсінігі» атты еңбегі. Күнделікті тарихтың ғылымының жеке саласына айналуы. Франкфурт мектебінің көрнекті өкілдері: Г.Маркузе және т.б: АҚШ-ның солшылрадикалдық сын социологиясы. Реалдықты әлеуметтік конструкциялау теориясы: П.Бергер және Т.Лукман. Американдық әлеуметтанушылар Г.Гарфинкель, А.Сикурел және күнделікті өмірдің социологиясының негіздері немесе этнометодология. Американдықтар И.Гофман, К.Гирц – «жаңа мәдени тарихтың» зерттеушілері. Күнделікті тарихтың француздық тарихнамасы: А.Лефевр және оның «Күнделікті өмірдің сыны» және «Қазіргі әлемдегі күнделікті тұрмыс» атты еңбектері. «Анналдар» мектебінің өкілдері: М.Блок, Л.Февр, Ф.Бродель, Ж.Ле Гоффа, Р.Шартьенің күнделікті тарихты зерттеуі. Күнделікті тарихтың орыстық тарихнамасы: Е.И.Кукушкина, В.А.Лекторский, И.Т.Касавина, В.Г.Федорова, Ю.Л.Бессмертный, А.Я.Гуревич, Н.Б.Лебина және т.б. еңбектері. «Одиссей» альманахы және жылдық «Казус» журналы. «Жеке өмір тарихы бойынша» жинақтар. Шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі ресейлік күнделікті өмірдің зерттелуі (Ш.Фицпатрик, С.Коткин, К.Келли, С.Бойм, Л.Виола, Т.Вихавайнен, К.Кухер және т.б.). Күнделікті тарихтың германдық тарихнамасы: «Күнделікті тарих. Өмір бейнесі мен тарихи тәжірибені реконструкциялау» жинағы. Х.Медик және А.Людтке. Неміс зерттеушілерінің күнделікті өмірді қарастыруға арналған казіргі заманғы еңбектері. Италиядағы күнделікті тарихтың зерттелуі. К.Гинзбург және Д.Леви. Итальян тарихшыларының еңбектеріндегі микротарихтың алатын орны.
Германиядағы «Тарих шеберханалары».
Германиядағы кәсіптік бірлестіктер «Тарих шеберханаларының» құрылуы. Олардың мақсаттары. Германиядағы күнделікті тарихтың тарих ғылымының өзіндік дара саласына айналуы. Күнделікті тарих концепциясы бойынша пікірталас. 1990–шы жж. ортасындағы күнделікті тарихтың жаңа пән - тарихи антропологияға эволюциясы. 1990–шы жж. аяғындағы күнделікті тарихтың эвристикалық мүмкіндіктері туралы таластар. Күнделікті тарихтың адамның өмірлік тұрмысын үш салаға бөлуі. Күнделікті тарихты зерттеу тәсілдері.
Ресейде күнделікті тарихтың зерттелуі.
Тарих пәндері жұйесінде күнделікті тарихтың алатын орны. Күнделікті тарихтың жаңа ғылыми бағыт ретінде дамуы. Ресейдегі күнделікті тарихтың зерттелуінің негізі – XIX-XX ғғ. Ресейді мекендеген халықтардың тұрмысын зерттеуге арналған тарихшылар мен этнографтардың еңбектері. Ресейдегі күнделікті тарихтың тарихнамасы. 1917 ж. дейінгі және кеңестік дәуірдегі күнделікті тарих бойынша деректер және оларды зерттеу тәсілдері.
Ш.Фицпатриктің Кеңестік Ресейдің XIX ғ. 30-шы жылдарындағы әлеуметтік тарихына арналған еңбектері.
Ш.Фицпатриктің «Сталиндык шаруалар. Кеңестік Ресейдің XIX ғ. 30-шы жылдарындағы әлеуметтік тарихы: ауыл», «Күнделікті сталинизм. Кеңестік Ресейдің XIX ғ. 30-шы жылдарындағы әлеуметтік тарихы: қала» деген фундаменталдық еңбектері. Кеңестік өркениетті күнделікті өмір тұрғысынан қарастыруы. Революциядан кейінгі, оның ішінде 30-шы жылдардағы сталиндік Ресейдегі күнделікті өмірді қарастыруы. Сталиндық қоғамдағы «астыртын базардың» орны мен рөлін талдауы. Ш.Фицпатриктің сталиндық дәуірдегі кеңестік адамды қоршаған ортаны – мемлекеттік институттар, структуралар мен әдет-ғұрыптардың кешенін талдауы.
Интеллектуалдық тарих. Интеллектуалдық тарих - өткенді танудың жаңа құралы.
Интеллектуалдық тарихтың тарихнамасы. Интеллектуалдық тарих - өткенді танудың жаңа құралы. Интеллектуалдық тарихтың антропологизациялануы. Интеллектуалдық тарихтағы лингвистикалық бетбұрыс. Постмодерн. А. Лавджойдың «Тұрмыстың ұлы сабақтастығы» атты еңбегі. Идеялар тарихын зерттеуге А. Лавджойдың кіріспесі. Автордың грек философиясындағы идеялардың генезисін; тұрмыстың ұлы сабақтастығы мен ортағасырлық ойдың кейбір ішкі қайшылықтарын; молшылықтың принциптері мен жаңа космографияны; Лейбниц пен Спинозаның философиясындағы молшылықтың принциптері мен жеткіліктіліктің негіздерін; XVIII ғ. ойындағы тұрмыстың сабақтастығын, адамның табиғаттағы орны мен рөлін, XVIII ғ. молшылық принципі мен оптимизмнің, XVIII ғ. биологияның кейбір аспектілерін, тұрмыстың сабақтастығының темпорализациялануының, романтизм мен молшылық принципінің қарастырылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
-
Бойм С. Общие места. Мифология повседневной жизни. – М., 2003.
-
Бродель Ф. Структуры повседневности: возможное и невозможное // Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. XV-XVIII вв. В 3-х тт. - М., 1986. Т.1.
-
Гарфинкель Г. Исследования по этнометодологии. (Мастера социологии). – СПб., 2007.
-
Койгельдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане. 1920-1940 годов. – Алматы, 2009.
-
Кром М.М. Историческая антропология. 2-е изд. – СПб., 2004.
-
Лавджой А. Великая цепь бытия.- М., 2003.
-
Ле Гоффа Ж. Другое средневековье: время, труд и культура Запада. – Екатеринбург, 2000.
-
Ле Гоффа Ж. Цивилизация средневекового Запада. 2- изд. – М., 2006.
-
Фицпатрик Ш. Сталинские крестьяне. Социальная история Советской России в 30-е годы: деревня. – М., 2008.
-
Фицпатрик Ш. «Повседневный сталинизм. Социальная история
Советской России в 30-е годы: город. – М., 2008.
-
Элиас Н. Понятие повседневного // Элиас Н. О процессе цивилизации.
Социогенетические и психогенетические исследования. - СПб., 2004. –
С.150-200.
Қосымша әдебиет
-
Касавин И.Т., Щавелев С.П. Анализ повседневности. – М., 2004.
-
Кром М.М. История повседневности. Сборник научных работ. – СПб., 2003. [Серия «Источник. Историк. История»]. Вып.3.
-
Лелеко В.Д. Пространство повседневности в европейской культуре. – СПб., 2002.
-
Людтке А. «История повседневности» в Германии после 1989 года // Казус. – М., 1999. – С. 117-131.
-
Поляков Ю.А. Человек в повседневности(исторические аспекты) // Отечественная история. 200, №3. – С.125-132.
-
Пушкарева Н.Л. Частная жизнь и повседневность глазами историка // Города Европейской России конца XV- первой половины XIX. Ч.1. Тверь, 2002. – С. 49-63.
«Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»
пәні бойынша емтихан сұрақтары
-
«Күнделікті тарих» - тарих ғылымының жаңа саласы. «Күнделікті тарих»
бағытының қалыптасуы және оның негіздері.
-
Күнделікті өмірді зерттеудің француздық тарихнамасы: А.Лефевр және
оның «Күнделікті өмірдің сыны» және «Қазіргі әлемдегі күнделікті
тұрмыс» атты еңбектері.
-
«Анналдар» мектебінің өкілдері: М.Блок, Л.Февр, Ф.Бродель, Ж.Ле Гоффа, Р.Шартьенің күнделікті тарихты зерттеуі.
-
Күнделікті тарихтың орыстық тарихнамасы: Е.И.Кукушкина, В.А.Лекторский; И.Т.Касавина, В.Г.Федорова, Ю.Л.Бессмертный, А.Я.Гуревич, Н.Б.Лебина және т.б. еңбектері.
-
«Одиссей» альманахы және жылдық «Казус» журналы. «Жеке өмір
тарихы бойынша» жинақтар.
-
Шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі ресейлік күнделікті өмірдің зерттелуі(С.Коткин, К.Келли, С.Бойм, Л.Виола, Т.Вихавайнен, К.Кухер және т.б.).
-
Күнделікті тарихтың германдық тарихнамасы: «Күнделікті тарих. Өмір бейнесі мен тарихи тәжірибені реконструкциялау» жинағы. Х.Медик және А.Людтке.
-
Италиядағы күнделікті тарихтың зерттелуі. К.Гинзбург және Д.Леви. Итальян тарихшыларының еңбектеріндегі микротарихтың алатын орны.
-
Күнделікті өмірді зерттеудің методологиясы, түрлі мектептері мен бағыттары.
-
Ш.Фицпатриктің Кеңестік Ресейдің XIX ғ. 30-шы жылдарындағы әлеуметтік тарихына арналған еңбектері.
-
Интеллектуалдық тарих. Интеллектуалдық тарих - өткенді танудың жаңа құралы.
-
Идеялар тарихын зерттеуге арналған А. Лавджойдың «Тұрмыстың ұлы сабақтастығы» атты еңбегі.
-
Тарихи зерттеулердің деңгейлері. Макротарихтан микротарихқа бетбұрыс.
-
Қазіргі заманғы тарихнаманың жаңа бағыттары: экология тарихы.
-
Қазіргі заманғы тарихнаманың жаңа бағыттары: гендерлік тарих.
-
«Айтылған тарих» және оны зерттеу әдістері. Интервью алу тәсілі.
-
«Айтылған тарих» дерктерін интерпретациялау мәселесі.
-
Аз ұлттар тарихы. Бұл проблеманы зерттеудегі тарихнаманың ұлттық мектептері.
-
Қазақстандағы аз ұлттар тарихын зерттеудің тарихы мен қазіргі заманғы отандық тарихнамасы.
-
Демографиялық тарих.
«қазақстан Кеңестік империя құрамында: саясат, экономика, әлеуметтік қатынастар, мәдениет»
ПӘНІНІң бағдарламасы
(кәсіптік пән, міндетті компонент)
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Курстың мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы. Жаңа дерек көздері. Ресейлік және шетелдік тарихнама. Негізгі әдебиет және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Қазақстан Ресей империясындағы революциялық өзгерістер тұсында
Қазақ қоғамында қалыптасқан жағдайдың негізгі ерекшеліктері: жер мәселесі, саяси теңсіздік, ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай, сауатсыздық. Ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, т.б.) бастаған азаттық қозғалыстың жаңа кезеңі. Ұлттық саяси бастаушы топтың 1917-1919 ж.ж. мақсатты қызметі. Қазақ комитеттері – ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекеті.
Қазақ съездері: қоғамның өзекті мәселелерінің қойылуы, ұлттың өзін-өзі билеуге ұмтылысы.
Бірінші жалпықазақ съезі (Орынбор, 1917, шілде). Алғашқы саяси, жалпыұлттық–демократиялық партияны құру жөнінде шешімнің қабылдануы.
Империядағы билік үшін күрестің өрши түсуі. Империя ыдырау алдында – күзгі дағдарыс. Екінші жалпықазақ съезі (Орынбор, 1917, желтоқсан). Алаш – қазақ автономиясын құру жөніндегі шешім. Алашорда үкіметінің құрылуы, тарихи маңызы.
Түркістандағы жағдай. ІV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі. Түркістан Республикасының құрылуы және оның қазақ автономистерімен өзара қатынасы.
Азамат соғысы. Қазақ азаттық қозғалысы жаңа жағдайда. Кеңестік билікпен өзара ымыраға барудың қажеттілігі. Қазақәскериревком. Кеңестік негіздегі ұлттық автономия ұстанымының басымдылық алуы.
КСРО құрамындағы Қазақстан экономикасы.
Большевиктер партиясы мен Орталық биліктің ұлттар өмірін қайта құруға байланысты бағдарламасы болды ма? Қазақстанда жаңа социалистік қоғам құруға байланысты дискуссиялар (20-шы ж.ж). Қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясындағы (1923, наурыз) «база» және «азаб» ұғымдарына байланысты айтыс, «садуақасовшылдық» ағымы және оның негізгі тұжырымдары.
Жаңа биліктің экономикалық бағдарламасы: индистрияландыру, ұжымдастыру, салық саясаты және оларды іске асыру әдіс-құралдары. Көшпелі қожалықтарды жаппай отырықшыландыру шаралары және оның салдары.
Кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсылық. Т.Рысқұлов кеңесі (1926, қараша). С.Садуақасов бастаған топтың Ф.Голощекинді Қазақстандағы биліктен кетіру әрекеті. Орталық биліктің Қазақстанға қатысты ұстанымы. Қазақстан КСРО өнеркәсібінің шикізат көзі.
1929-1931 ж.ж. халық көтерілістері. 1931-1933 жылдардағы аштық және оның демографиялық, саяси – әлеуметтік салдары. Кеңестік биліктің экономикалық саясатының терең дағдарысы.
Қазақстан экономикасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мерзімде: халық шаруашылығының отарлық сипатының тереңдей түсуі, Қазақстан экономикасының жалпыодақтық шаруашылық жүйесінде.
Кеңестік биліктің Қазақстандағы әлеуметтік саясаты.
Кеңестік биліктің 1920-шы жылдардағы қазақ ауылы мен орыс селосындағы әлеуметтік саясаты. Байлар меншігін тәркілеу. Бай-кулактарды тап ретінде жою саясаты және оның салдары.
Қала өмірі. «Буржуазиялық интелегенция» және онымен күрес.
Репрессия саясатының перманенттік сипаты. Қоғамның әлеуметтік құрамындағы өзгерістер.
Кеңестік биліктің қоныстандыру саясаты.
«Аз» халықтарды Қазақстанға «күштеп жер аудару» (депортация). Еңбек армиясы.
КСРО құрамындағы Қазақстанның мәдениеті
Идеология және мәдениет. Сауатсыздықпен күрес. Алфавиттердің алмасуы. Кеңестік білім жүйесі: оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Шығармашылықтағы социалистік реализм ұстанымы. Мемлекеттің ғылым саласындағы саясаты.
1946-1953 ж.ж. мәдениет саласындағы идеологиялық компаниялар. Респрессияның жаңа толқыны, оның шығармашылық иелеріне қарсы бағытталуы.
«Кемелденген социализм» концепциясы, оның мәдениет саласындағы мазмұны.
Одақтық мемлекеттің ыдырауы (1985-1991 ж.ж.)
Қайта құру. Жариялылық. Алматыдағы «Желтоқсан көтерілісі» – Кеңестік жүйенің терең дағдарысының көрінісі.
Экономикалық құлдырау. 1922 жылы одақтық келісімнің жойылуы. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
-
Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1-4 т. 2004-2008.
-
Бөкейхан Ә. Шығармалардың толық жинағы. 1-9 т. Астана, 2009, 2011.
-
Букейханов А. Избранное.А., 1995.
-
Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 2008.
-
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.,1999.
-
Омарбеков Т. 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті. А.,1997.
-
Рыскулов Т. Собрание сочинений в трех томах. А, 1997.
-
Советская историография. Под общей редакцией академика Ю.Н.Афанасьева М., 1996.
Қосымша әдебиет
-
Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. А-А.,1991.
-
Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников
Казахстана (1917-1970 г.г.) Алма-Ата, 1973.
-
Байтурсынулы А. Шығармалар жинағы. А.,2006.
-
Безбородов А., Елисеева Н., Шестаков В. Перестройка и Каз СССР. 1985-
1993. СПб., 2010.
-
Букейханов А. Шығармалар. А., 1994.
-
Великая Октябрьская социалистическая революция в Казахстане. Летопись
событий. А., 1967.
-
Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. А., 1969
-
Жуман Г. Дискуссии по индустриализации Казахстана в 20-30 годы ХХ века: Тарих, 2009
-
Зиманов С.З., Даулетова С., Исмагулов О. Казахский революционный комитет. А., 2000.
-
Иностранная военная интервенция и Гражданская война в Средней Азии
и Казахстана. Документы и материалы. А.,1977.
-
История Казахстана в пяти томах. Т.4,5. А., 2010.
-
Капаева А. Культура и политика. А., 2004.
-
Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. В 2-х
кн. А., 2000
-
Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1992
-
Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита (ХVІІІ-ХХ ғғ.) А., 2004
-
Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. А., 1994
-
Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. А., 1994.
-
Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая революция в
Казахстане. А., 1972.
-
Маркузе Г. Эрос и цивилизация. М., 2002.
-
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. АА., 2003.
-
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.
-
Омарбеков Т. ХХ ғ. Қазаақстан тарихының өзекті мәселелері. А., 2001.
-
Пайпс Ричард. Собственность и свобода. М., 2008.
-
Туркестан в начале ХХ века: к истории истоков национальной
независимости. Ташкент., 2000.
-
Хантингтон С. Кто мы ? Вызовы американской национальной
идентичности. М., 2004.
-
Шоқай М. Таңдамалы. 1,2 т. А., 1998, 1999.
-
1917 год в Казаахстане. Документы и материалы. А., 1977.
«қазақстан кеңестік империя құрамында: саясат, экономика,
әлеуметтік қатынастар, мәдениет»
пәні бойынша емтихан сұрақтары
-
1917 ж. Ресейдегі ақпан революциясы және қазақ қоғамы.
-
Қазақ съездері (1917-1919 ж.ж).
-
Алашорда және Қоқан автономиясы. Салыстырмалы талдау.
-
Кеңестік негіздегі автономия: жариялануы, территориясы, қызметі (1920-шы ж.ж.).
-
Кеңестік биліктің жер саясаты.
-
Кеңестік биліктің қоныстандыру саясаты (1920-шы ж.ж. II-жартысы).
-
Кеңестік басқару аппаратын жергіліктендіру саясаты.
-
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшыландыру.
-
Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері, қорытындылары.
-
1929-1931 ж.ж. халық наразылығы.
-
1931- 1933 жылдардағы аштық: ғылыми талдау жасаңыз.
-
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін.
-
Кеңестік биліктің мәдениет саласындағы саясаты. «Түрі-ұлттық,
мазмұны-социалистік» мәдениет.
-
Саяси басқарушы топ. Жеке тұлғалар тағдыры (А.Бөкейханов,
Т.Рысқұлов, С.Садуақасов ж.б.).
-
Қазақстандық ғылым: (ХХ ғасырдың 20-50 жж.).
-
«Кемелденген социализм» тұсындағы Қазақстан экономикасы.
-
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.
-
Қайта құру саясаты және КСРО-ның ыдырауы.
-
Коммунистік жүйенің ыдырауы: себебі мен салдары.
-
Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктері мен қиыншылықтары. Тарихи маңызы.
«ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау»
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
(кәсіптік пән, міндетті компонент)
Кіріспе
Курстың мақсаты мен міндеті. Ғылым туралы түсінік. Ғылым және философия. Қазіргі замандағы ғылым. Негізгі концепциялар. Бүгінгі қоғамда ғылымның алатын ролі.
Негізгі әдебиет және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Ғылымды мемлекеттік басқарудың заңдық негізі және оның құрылымы. ҚР Ғылым туралы Заңы. ҚР ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадр даярлау ісі. Ғылыми дәрежелер беру тәртібі. ҚР «магистрлер» даярлау үрдісі және оның ерекшеліктері. «Магистр» академиялық дәрежесі жөнінде тарихи-салыстырмалы анализ.
Мгистранттардың ғылыми зерттеу жұмысын даярлау мақсаты мен міндеті. Ғылыми зерттеу: оның маңызы мен ерекшеліктері.
Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың методологиясы мен әдістері
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістері. ҒЗЖ әдістемелік принциптері. Зерттеу стратегиясы және оның негізгі принциптері. ҒЗЖ логикалық заңдылықтары мен ережелері.
ҒЗЖ ұйымдастырудың жалпыға ортақ әдістері. ҒЗЖ арнаулы әдіс-тәсілдері. Гуманитарлық зерттеулердегі теориялық және эмпирикалық әдістер. Тарихи зерттеулердегі пәнаралық әдістер: «күнделіктілік», «ауызша тарих» т.б.
ҒЗЖ ұйымдастыру кезеңдері. Тақырып таңдау әдістері. Жұмысты жоспарлау. Ғылыми ақпараттарды жинау және оны іздеп табу жолдары. Библиографиялық ізденіс және онымен жұмыс істеу әдістері. Каталог және картотекамен жұмыс. Пәндік каталог, мерзімдік каталог, мұрағаттық каталог, библиографиялық каталог, арнаулы каталог.
Ғылыми-техникалық ақпараттық ұйымдар. Оқу техникасы. Жұмыс жазбаларын жүргізу және оның түрлері (жоспарлау, тезистік жазба, аннотациялық жазба, резюме келтіру, конспект жүргізу т.б).
Деректермен жұмыс істеу әдістері. Тарихи деректерді сыныптау. Пәнаралық тарихи зерттеулердегі деректік қор (фольклор, хат, естелік, мемуар, фото, ауызша деректер және т.б.). «Ауызша тарих» - жаңа деректік қор жасау әдісі ретінде.
Тарихнамалық талдау медологиясы.
Қолжазбаны даярлау әдістері
ҒЗЖ жоспарлау. Жинақталған материалдармен жұмыс. Диссертацияны жазу. Алынған нәтижелерді талдау. Мақала даярлау: тәртібі мен талаптары. Ғылыми қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру формалары: ғылыми съезд, ғылыми конгресс, симпозиум, республикалық ғылыми-практикалық конференция, халықаралық конференция, ғылыми семинар. Ғылыми жұмыстың композициясы. Мәтін рубрикациясы. Материалдармен жұмыс істеудің ғылыми принциптері. Ғылыми тіл. Ғылыми стиль. Дәйексөз беру тәртібі.
Ғылыми еңбек этикасы. Плагиаттыққа жол бермеу. Қолжазбаларды өңдеу.
ҒЗЖ рәсімдеу тәртібі мен ережелері
ҚР БжҒМ бекіткен магистрлік диссертацияны рәсімдеу талаптары мен ережелері. Мәтіндік материалдардың жекелеген түрлерін беру тәртібі. Кестелік мәліметтерді ресімдеу. Иллюстрациялық мәліметтердің безендірілуі. Мәтін үзінділерін беру. Әріптік және сандық мәліметтердің көрсету тәртібі. Дәйексөз алу ережелері. Қолданылған әдебиет түрлері (монографиялық, мұрағаттық, баспасөз, энциклопедиялық және конференция материалдар жинағын, интернет ресурстарын). Жеке атаулар мен мемлекет атауларының жазылу үлгісі.
Ғылыми жетекшінің пікірінің жазылу тәртібі. Қорғау алдында эксперттік комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі.
Магистранттың қорғауға даярлайтын құжаттар тізімі. Магистрлік диссертацияны қорғау үрдісі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
-
Магистрлік диссертацияны даярлау әдістемесі: Оқу құралы /А.Қ.
Құсайынов, Ш.Т.: Таубаева, М.К. Бұлақбаева – Алматы, 2006, - 88 бет.
-
Волков Ю.Г. Диссертация: подготовка, защита, оформление: практическое
пособие /Ю.Г. Волков. – Изд. 3-е, прераб. и доп. – М. :Альфа-М; ИНФРА-
М, 2009. – 176 с.
-
Институт магистратуры: организация организовательного процесса на
основе кредитной технологии /Ж.Д.Дадебаев, А.К.Атыханов, Н.А.Асанов,
К.Б.Уразаева, А.К.Оспанова. – Алматы: Қазақ университеті, 2003-152 с.
-
Кузнецов И.Н. Диссертационные работы: методика подготовки и
оформления: Учебно-методическое пособие. – 4-е изд., перераб. и доп. –
М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2009. – 488 с.
-
Захаров А., Захарова Т. Как написать и защитить диссертацию. СПб. :
Питер 2007.
-
Кузин Ф.А. Кандидатская диссертация. Методика написания, правила
оформления и порядок защиты. Практическое пособие для аспирантов и сосискателей ученой степени – М. : Ось-89, 1997.
-
Загузов Н.И. Процедура подготовки и защиты диссертаций. – М.: Икар,
1995.
-
Курбатов И.В. Как написать и защитить диссертацию: методическое
пособие. – Ростов н/Д, 1995.
-
Бурдин, К.С. Как оформить научную работу / К.С. Бурдин, П.В. Веселов. –
М.: Высшая школа, 1973.
-
Новиков А.М. Как работать над диссертацией. – М.: Педагогический
поиск, 1996.
Қосымша әдебиеттер
-
Қайырғалиева Б. Қазақстандағы және магистратураның даму ерекшеліктері. //Ұлт тағылымы. – 2009. - №2 – 102.
-
Петров Ю.А. Культура мышления: Методологические проблемы научно-педагогической работы. – М.: Изд-во МГУ, 1990.
-
Демидова А.К. Пособие по русскому языку: Научный стиль. Оформление научной работы. – М. : Русский язык, 1991.
-
Научные работы: Методика подготовки и оформления / Авт.-сост.
-
Кузнецов И.Н.. – 2-е изд., перераб. и доп. – Минск, 2000.
-
Спесивцева О.И. Основы научных исследований: Учеб. пособие / Челяб.гос. ун-т. – Челябинск, 2000.109
-
Стрельский В.И. Основы научно-исследовательской работы студентов. – Киев, 1981.
-
Уваров А.А. Дипломные и курсовые работы по экономическим специальностям: Практ. советы по подготовке и защите. – М., 2000.
-
Эхо Ю. Письменные работы в вузах: Практ. руководство для всех, кто пишет дипломные, курсовые, контрольные, доклады, рефераты, диссертации. – М., 1997.
-
Кохановский В.П. Философия и методология науки: Учеб. Пособие
для вузов. –М., 2001.
-
Лешкевич Т.Г. Философия науки: традиции и новации: Учеб. пособие для вузов. – М., 2001.
-
Кохановский В.П. Философия и методология науки: Учеб. пособие для вузов. – М., 2001.
-
Курганов С.И., Кравченко А.И. Социология для юристов. – М., 2000.
-
Лапаева В.В. Конкретно-социологические исследования в праве. – М., 1987.
-
Методология и методика научного исследования. – Челябинск, 1993.
-
Социология права: Учеб. пособие / Под ред. В.М. Сырых. – М., 2001.
Анықтамалық әдебиеттер: -
Мильчин А.Э. Издательский словарь-справочник. – М.:Юрист, 1998.
-
Методологические проблемы истории:учеб.пособие для студентов, магитсрантов и аспирантов ист. И филос. Специальностей и учреждений, обеспечивающих получение высш.образования / Сидорцов В.Н. – Мн : ТетраСистемс, 2006. – 352.
-
Теория и методология истории. М.,2001.
-
Вен Поль Как пишут историю. Опыт эпистемологии. М.,2003.
«ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау»
пәні бойынша емтихан сұрақтары
-
Ғылым және оның қоғамдағы ролі.
-
Ғылымды мемлекеттік басқарудың заңдық негізі және оның құрылымы.
ҚР Ғылым туралы Заңы.
-
ҒЗЖ ұйымдастырудың жалпыға ортақ әдістері. ҒЗЖ арнаулы әдіс-
тәсілдері.
-
Гуманитарлық зерттеулердегі теориялық және эмпирикалық әдістер.
-
Тарихи зертеулердегі пәнаралық әдістер: «күнделіктілік», «ауызша тарих»
т.б.
-
Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері. Тақырып таңдау әдістері.
Жұмысты жоспарлау.
-
Библиографиялық ізденіс және онымен жұмыс істеу әдістері.
-
Каталог және картотекамен жұмыс. Пәндік каталог, мерзімдік каталог,
мұрағаттық каталог, библиографиялық каталог, арнаулы каталог.
-
Ғылыми-техникалық ақпараттық ұйымдар.
-
Жұмыс жазбаларын жүргізу және оның түрлері (жоспарлау, үзінділер,
тезистік жазба, аннотация, резюме, конспект жүргізу т.б).
-
Деректермен жұмыс істеу әдістері. Тарихи деректерді сыныптау.
-
Пәнаралық тарихи зерттеулердегі деректік қор (фольклор, хат, естелік,
мемуар, фото, ауызша деректер және т.б.).
-
«Айтылған тарих» - жаңа деректік қор жасау әдісі ретінде.
-
Тарихнамалық талдау медологиясы.
-
Қолжазбаны даярлау әдістері.
-
Мақала даярлау: тәртібі мен талаптары. Оның құрылымдық элементтері.
-
Ғылыми қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру формалары: ғылыми
съезд, ғылыми конгресс, симпозиум, республикалық ғылыми-практикалық конференция, халықаралық конференция, ғылыми семинар.
-
Ғылыми жұмыстың композициясы. Мәтін рубрикациясы.
-
Материалдармен жұмыс істеудің ғылыми принциптері: ғылыми тіл және
ғылыми стиль.
-
Дәйексөз алу ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |