Бекітемін: Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



бет1/19
Дата20.05.2024
өлшемі3.4 Mb.
#501504
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Білімім Отаныма жинақталған тәрбие сағаты




Бекітемін:
Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағатының тақырыбы

«Білімім - Отаныма»

Күні




Сынып жетекшісі




Сынып




Оқу мақсаты

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Пәнаралақ байланыс

Қазақ әдебиеті

Өткізілу формасы

Сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

Танымдық көзқарасы қалыптасады.Ой – өрісі , таныымдық дүниетанымы қалыптасады.Логикалық ойлау , сөйлеу қабілеттері шыңдалады.Туған жерін құрметтейтін саналы ұрпақ қалыыптасады.

Көрнекілігі

Мақал -мәтелдер , әр отбасының дайындаған слайд , әртүрлі қажетті құралдар.

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі
5 мин

Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру .
Гимн .
Тренинг : «Мен өз Отанымның білімді ұрпағымын өйткені мен ... »
Топқа бөлу.

Амандасады, мақсатымен таныс болады.
Гимн айтады.
Тренинг шарты бойынша оқушылар өз ойларын білдіру арқылы сөйлемді аяқтау керек.

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді



Слайд

Негізгі бөлім

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.
Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.
Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет!
Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!
«Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады.
«Ой қозғау»
Қай ғалымның сөзі?
....... - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
........., жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан
шығады.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой
азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты
ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Білім -
асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам
қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.
Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер
ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білім ұрпақтан
ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық
пен халықты,адам мен адамды теңестіретін -білім» деген.
Еңбекқорлық-адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына
уақытында жеткізетін қасиет. Еңбек - жауапкершілікке
жетелейді. Жетістікке жетудің сыры – қажырлы
еңбек. «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады,
еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің
адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. 
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған.
Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет,
ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып
отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.
Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отаншылдық - келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім
машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын
сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік
қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің
халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады.
Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі,
ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен
көрінеді.
-Олай болса , бүгінгі тәрбие сағатының аялдама тапсырмаларымен таныс болыңыздар.
Бірінші аялдама тапсырмасы:
1-топ
«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,
оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу үшін
не істеу керекпіз?» тақырыбында ойларын, идеяларын
талдайды.
2-топ
«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,
оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?
3-топ
Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,
оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?
Екінші аялдама тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар, «Шатастырылған логикалық тіркестер» әдісі
шатастырылған сөздердің қиындылары беріледі. Сол
қиындылардан тақырыпқа сай қанатты сөздер мен оның авторларын сәйкестендіреді.

Үшінші аялдама тапсырмасы


1-топ: Білім туралы мақал-мәтел айтады


2-топ: Отан туралы мақал-мәтел айтады
3 – топ мақалдың жалғасын табу керек.


Төртінші аялдама тапсырмасы:
«Сиқырлы қорапша» ойыны
Сұрақ қорапшасынан әр топ үш сұрақтан суырып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады.
 1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)
 2. Еліміздің бас қаласы (Нұр-сұлтан)
 3.ҚР президенті кім? (Қ.К.Тоқаев) 
4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
 6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов)
 7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)
8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
9.Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн. 724 мың шаршы километр)
10. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас жатыр? (Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды.
Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі.

Қорытынды:


Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір
кемеңгер де шықпайды»
Д. И. Менделеев
Осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?
«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке
жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар, сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел
патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің
тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол
елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің
патриоты екенін дәлелдеу. Ұрпағы білімді халықтың
болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, жарқын
болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!



Оқушылар сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды.

Оқушылар жауаптарын айтады.


Еріншектік
Талапсыздық

Оқушылар топ ішінде тапсырмаларды орындап , ортаға салады.


1.«Отаның үшін отқа түс – күймейсің»


Бауыржан Момышұлы
2.«Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу».
Ахмет Байтұрсынұлы
3.«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден».
Әлихан Бөкейханов


4.«Білім — адам баласының ортақ қазынасы».
Жүсіп Баласағұни


5.«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Шоқан Уәлиханов


Бірінші топ оқушылары білім туралы мақал – мәтелдер айтады.
1.Күш — білімде, білім — кітапта.
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
4.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
5.Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.


Екінші топ оқушылары Отан туралы айтады.
1. Отан от басынан басталады. 
2. Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
3.Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
4. Отан оттан да ыстық. 
5. Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. т.с.с мақал-мәтелдер айтылады.


Үшінші топ оқушылары мақалдың жалғасын табады.
1.Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).
2.Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.
3.Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
4.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
5.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
6.Отан от басынан басталады.
7.Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. /

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар өз ойларын білдіреді.



Слайд

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс :
«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.





(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:




Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет