Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



Дата25.09.2024
өлшемі167.89 Kb.
#503983
9 сынып тәрбие сағаты



Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағатының тақырыбы

«Білімім - Отаныма»

Күні

24.05.2024ж

Сынып жетекшісі

А.Утебекова

Сынып

9 «Г»

Оқу мақсаты

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Пәнаралақ байланыс

Қазақ әдебиеті

Өткізілу формасы

Сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

Танымдық көзқарасы қалыптасады.Ой – өрісі , таныымдық дүниетанымы қалыптасады.Логикалық ойлау , сөйлеу қабілеттері шыңдалады.Туған жерін құрметтейтін саналы ұрпақ қалыыптасады.

Көрнекілігі

Мақал -мәтелдер , әр отбасының дайындаған слайд , әртүрлі қажетті құралдар.

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі
5 мин

Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру .
Гимн .
Тренинг : «Мен өз Отанымның білімді ұрпағымын өйткені мен ... »

Амандасады, мақсатымен таныс болады.
Гимн айтады.
Тренинг шарты бойынша оқушылар өз ойларын білдіру арқылы сөйлемді аяқтау керек.

Слайд

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың ортасы
20 минут

Сабақтың соңы


10 минут

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.

«Ой қозғау»
Қай ғалымның сөзі?
....... - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
........., жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан
шығады.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Білім -асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.


«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білім-инемен құдық қазғандай» 

Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек.


Қажу бар ма тұлпарға,


Талу бар ма сұңқарға.
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін, - дегендей енді пікір сайысымызды бастайық.
1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?
2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің.

Қорытынды:


Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір
кемеңгер де шықпайды»
Д. И. Менделеев
Осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?
«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар, сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол
елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің
патриоты екенін дәлелдеу. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, жарқын болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!



Оқушылар сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды.

«Ой қозғау»


Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық
пен халықты,адам мен адамды теңестіретін -білім» деген.
Оқушылар жауаптарын айтады.

Еріншектік


Талапсыздық

Оқушылар топ ішінде тапсырмаларды орындап ортаға салады.


1.«Отаның үшін отқа түс – күймейсің»


Бауыржан Момышұлы
2.«Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу».
Ахмет Байтұрсынұлы
3.«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден».
Әлихан Бөкейханов


4.«Білім — адам баласының ортақ қазынасы».
Жүсіп Баласағұни


5.«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Шоқан Уәлиханов





Оқушылар өз ойларын білдіреді.






Слайд

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс :
«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет