Мектеп Мерзiмі:
Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер:
Мұғалiм:
Сынып
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам
өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.
Міндеті:
Білімділік:Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінікберу;
Дамытушылық:Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Адал,кешірімді,мейірімді,қамқоршы ,ықыласты болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. 3 мин.
«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. «Оқу ақпараты» оқушылардың «Ақиқат» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар-өзін–өзі танудың негізі» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықтағы Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесі ұсынылған.
Мәтінді оқыңдар.Күннің жақсылықтарын топтастырып жазыңдар.
1-тапсырма
«Ақ» деп басталатын адам мінезіне тән сөздерді тауып жазаңдар.
АҚЫЛДЫ...
АҚКӨҢІЛ
АҚЖАРҚЫН...
АҚПЕЙІЛДІ...
АҚ...
|
|
Жаңа ақпарат
Әркім өзіне, өзгелерге, айналасына, қоршаған ортасына жақсылық жасау арқылы асыл қасиеттерін аша түседі. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халық бекер айтпаған. Барлық ата-ана баласының адал да арлы, әділетті де шыншыл, батыл да қайсар болғанын мақтаныш етеді.Жақсы адам болудың жолы-оқу білімге ұмтылу, жақсылық жасау, еңбекке талпыну, өнер үйрену.
Елін сүйетін, ата-анасын қадірлейтін, үлкендерді құрметтейтін, кішілерге қамқор бола алатын бала-ең бақытты адам.
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.
2-тапсырма
Төмендегі адамгершілік қасиеттерге өз анықтамаларыңды беріңдер.
Мысалы: Шыншылдық-бұл адамның шындықты бағалап, тура айта білу қасиеті.
Адалдық
Кешірімділік
Мейірімділік
Қамқорлық
Оқушылардың жауабын тыңдау
7.Дәптермен жұмыс
3-тапсырма
М.Әлімбаевтың «Әдептілік әлппесі»өлеңін оқыңдар. Өлеңдегі жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріп айтыңда
|
|
8.Топпен ән айту. 3 мин.
«Айгөлек » Сөзі: Н.Баймұхамедовтікі, әні: Б.Байқадамов
|
|
9.Үй тапсырмасы. 2 мин.
Құрманбай Толыбаевтың «Күн кімдікі» әңгімесімен танысу.
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталайық.
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |