Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014 ж. «___»_____________
«Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»
пәні бойынша
5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы
Тәрбие процесінің мәні - тұтас педагогикалық процестің бөлігі. Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері, міндеттері мен қызметтері. Тәрбие процесінің түрлері.
|
2
|
2
|
Тәрбие жүйелері және олардың дамуы.
Мектептің тәрбие жүйесі жайлы түсінігі, оның мәні және атқаратын қызметі. Тәрбие жүйесінің құрамалары. Мектептегі тәрбие жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы.
Түрлі тәрбие жүйелерін салыстырмалы таңдау. Әлемдегі тәрбие жүйелері. Тәрбие жүйесінің критерийлері.
|
2
|
3
|
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің қызметі мен бағыттары.
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісінің құқығы мен міндеттері. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын жұмысының формалары. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісінің жұмыстарының тиімділігінің критерийлері.
|
2
|
4
|
Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі
Тәрбие жұмысының формалары туралы түсінік. Тәрбие жұмысының формаларын топтап бөлу. Тәрбие процесіндегі жұмыс формаларын талдау және тиімділігін зерттеу.
Тәрбие ісі түсінігі. Тәрбие ісін жоспарлаудың кезеңдері. Тәрбие ісіне қойылатын талаптар. Тәрбиелік істердің түрлері. Тәрбиелік істерді талдау технологиясы.
4.3. Тәрбие процесіндегі ойын. Оқушылардың ұжымдық ойынының әлеуметтік мағынасы. Балалар мерекесінің тәрбиелік тиімділігінің педагогикалық шарттары.
|
2
|
5
|
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Тәрбие жұмысын жоспарлаудың жалпы сипаттамасы. Педагогикалық жоспарлаудың қызметтері (функциялары). Перспективті жоспарлау әдістемесі.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі. Тәрбие жұмысы жоспарының мамұны, формасы және құрылымы. Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын талаптар. Жоспарлау процесінде балалар ұжымын қатыстыру тәсілдері.
|
2
|
6
|
Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
Тәрбие ұжымы, оның мәні, белгілері. Бастауыш мектепте балалар ұжымын ұйымдастыру формалары.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысындағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру.
Балалар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық топтық іс-әрекет.
Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.
|
3
|
7
|
Жалпы орта білім беретін мектептің І – сатысында негізгі тәрбие бағыттарын жүзеге асыру әдістемесі.
Рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру әдістемесі.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу әдістемесі. Толеранттықты тәрбиелеу әдістемесі. Саяси мәдениетке тәрбиелеу әдістемесі.
Ақыл-ой, экономикалық, еңбек, дене, құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбиелерін қалыптастыру арқылы салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі.
Этникалық мәдениет қалыптастыру әдістемесі. Гендерлік тәрбие берудің әдістемесі.
|
3
|
8
|
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің мәні. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетің мақсатын анықтау және жоспарлау. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет кезеңдері.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттары. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті жүзеге асырудың динамикасы.
|
3
|
9
|
Балалардың біріккен ерікті қоғам жағдайында ұжымдық шығармашылық іс - әрекет ұйымдастыру әдістемесі.
Балалардың қазіргі қоғамдық бірлестіктерінің мәндік сипаттамасы. Балалардың қазіргі қоғамдық бірлестіктерінің негізгі қызметтері. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекшеліктері.
|
3
|
10
|
Балаларды тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.
Мектеп пен отбасының өзара әрекеті. Мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
Отбасының тәрбиелік мүмкіншілігінің диагностикасы.
Сынып жетекшісінің жеке оқушымен атқаратын жұмысының маңызы. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістемесі.
|
3
|
|
Барлығы:
|
25
|
-
Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Келешек жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ғылымы. Болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйретеді. Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |