Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2015 ж



Дата03.07.2016
өлшемі25.66 Kb.
#173995
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев

2015 ж. «___»_____________
5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану»

мамандығына арналған

«Гидрология және ағынды реттеу» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Гидрология және ағынды реттеу» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Гидрологияда қолданылатын статистикалық әдістер

3

2

Өзендер туралы жалпы түсініктер. Өзендер режимі. Көлдер және батпақтар. Жер беті ағындарының қалыптасуы.

5

3

Жылдық ағын және оның таралуы. Максималды және минималды ағын. Ағынның климаттық факторлары.

4

4

Ағынды реттеу. Ағынды реттеудің мәселелері мен түрлері.

4

5

Су қоймалары. Су қоймасындағы су шығындары. Су қоймаларының түнбалануы.

3

6

Ағынды реттеуді есептеудің жалпы әдістемесі. Ағынды маусымдық-жылдық және көп жылдық реттеу. Ағынды реттеуді есептеудің арнайы мәселелері.

4

7

Су қойманың максималды су өтімін реттеуге әсері. Су қоймасын пайдалану

2




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттің гидростатика, гидродинамика және сұйықтың қозғалысы заңдылықтары туралы білімін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет