«Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі186 Kb.
#131897
1   2   3

12. Жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаза таңайындаудың жалпы бастамасы. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар. Аяқталған қыамыс үшін жазаны тағайындау. Қатысып қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындау.

Қылмыстың жиынтығы мен қайталану жағдайында жаза тағайындау.

Қылмыстың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ережелері. Жазаны тағайындаудың негізгі міндеттері.

Жазаны өтеу және жіктеу тәртібі. Жазаның жекелік әдістемесі. Жаза тағайындау туралы қылмыстық заңнамалардың даму тенденциялары.

13. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату институты. Босатудың түрлері мен негіздері.

Қорқу, шошу және күмәндану салдарынан болған қажетті қорғаныс шегінен шығу кезіндегі қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары.

Қылмыстық жауаптылықтан босату және тараптардың қолданылуы.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімінің түрлері.

Ескіру мерзімін есептеудің тәртібі. Ескіру мерзімінің өтуін тоқтата тұру немесе асыру түсінігі.

Жазаны өтеуден мерзімінен бүрын шартты түрде босату институты,қылмыскерді ұстау және жаңа қылмыстарды алдын алу. Институтты қолданудың шарты мен негізі.Заңдардағы бұл шарттардың дифференциациясы. Мерзімінен бұрын жазаны өтеуге тыйым салу.

Мерзімінен бұрын босату шартын бұзудың құқықтық салдары.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Ауыстырудың реттелуі мен негізі.

Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру. Төтенше мән-жағдайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.

Соттылылық түсінігі. Соттылықты шешу және өтеу. Сотталған адам соттылықты жою мерзімі.

Қылмыстық құқықтағы кәмелетке толмағандықтың түсінігі. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау. Оның өмір сүру жағдайы мен тәрбиесі,санатының даму деңгейі және басқа да тұлғалық белгілер,сонымен қатар жасы үлкен тұлғалардың әсері.

Бірнеше рет сотталған кәмелетке толмағандардың сотталудан босату шарты.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден босату және сотпен белгіленген тәрбиелік мәні бар шараларды қолдану. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шараларының түрлері және олардың құрамы.

Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату ерекшеліктері.

Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босатуға қолданылатын мерзімдердің ескеруі.18жасқа толмай сотталған адамдардың қылмыстық мерзімді өтеуі.

ҚР-ң Қылмыстық кодексінің ережелерін он сегіз бен жиырма жас аралығындағы адамдарға қолдану.



14. Жеке адамға қарсы қылмыстар

Мемлекеттің басымды есептердің бірі ретінде ҚР-ң Конституциясы мен жеке адамның заңды мүддесін, өмірін және бостандығын қорғау болып табылады.

Жеке адамға қарсы қылмыс жүйесінің белгілері мен олардың жіктелуі. Өмірге қарсы өылмыстар. Кісі өлтірудің түсінігі мен оның түрлері. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру.

Өмірдің ғылыми-жаратылыстық және қыылмыстық-құқықтық түсінігі. Өмірдің басталу және аяқталу сәттері.

Кісі өлтірудің саралау құрамы мен оның белгілері. Кісі өлтірудің жай құрамы. Абайсызда кісі өлтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар және оның түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және оның түрлері. Кінәнің екі нысанымен жасалғанқылмыс, денсаулыққа қарсы қасақана ауыр зиян келтіру негізіндегі абайсызда адам өлтіру. Денсаулыққа қасаөана орташа ауырлығы және жеңіл зиян келтіру. Азаптау және ұрып-соғу. Денсаулыққа қасақана ауыр және орташа зиян келтірудің аффект қаліпі.

Қылмыс жасаған адамады ұстау үшін қажетті қорғаныс шаралардың шегінен шығу кезіндегі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

Денсаулыққа абайсызда келтірілген орташа ауырлықтағы және ауыр зиян келтіру.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар.Бұл категориядағы қылмыстардың түсінігі және олардың мінездемесі.

Жыныстық қатынасатар. Жыныстық қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Сексуалдық сипаты бар зарлау және басқа да зорлау әрекеттері. Бұл түрге жататын қылмыстардың сипаттамасы.

Жеке бостандыққа қол сұғу. Адамды ұрлау мен бас бостандығынан заңсыз айыру. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Азғыртып көндіру арқылы эксплуатациялау.

Адамның ар-намысы,қадір-қасиеті мен беделіне қарсы жасалынған қылмыстар.



15. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Кәмелетке толмағандар мен отбасының мүдделерінің түсінігі мен сипаттамасы. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту. Кәмелетке толмағандарды қылмыстықәрекетке тарту.

Кәмелетке толмағандарды медициналық қолданыстан тыс есірткіні, жүйкеге әсер ететін затттарды, естен тандыратын немесе спирттік ішімдіктерді қолдануға немесе жезөзекшілікке, қанғыбастыққа, қайыршылыққа тарту. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және асырау жөніндегі міндеттерін орындамау,сонымен қатар қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану.

Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару,сонымен қатар еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбы) асыраудан әдейі жалтару.

16. Меншікке қарсы қылмыстар

Меншікке қарсы қол сұғушылықтың түсінігі. Бөтен меншікке қол сұғушылықтың жүйесі мен түрлері. Меншік және оның түрлері.

Бөтен мүлікті ұрлау. Ұрлаудың заты және түсінігі. Ұрлық түрлерін саралауда қолданылатын критерийлер. Ұрлықтың жоғары қауіптілігін сипаттайтын саралау белгілері. Бөтен мүлікті ұрлау және оның түсінігі.

Тонау және оның түсінігі. Тонау мен ұрлаудың айырмашылығы. Тонаудың ұрлаудың субьктивтік және обьективтік критерияларының шектелуі. Тонау кезінде күш көрсету сипаты.

Шабуыл жасап тонау. Шабуыл жасап тонаудың түсінігі. Шабуыл жасап тонау кезіндегі күш көрсету ерекшелігі немесе шабуыл жасап тонау кезінде оның қолдану қаупі. Шабуыл жасап тонау және қосымша қылмыс құрамы.

Басқа біреудің сеніммен берілген меншігін өзіне алу немесе жұмсап қою. «Сеніммен берілген мүлік» түсінігі. Көрсетілген ұрлау нысанының басқа да қылмыстық қолсұғушылық түрлрінен айырмашылығы.

Алаяқтық. Алаяқтық кезіндегі сенімді қолдану және алдау түсінігі. Алаяқтықтың басқа қылмыс тардан айырмашылығы. Аса бағалы заттарды ұрлау және оның ерекшеліктері. Ұрлаудың кейбір түрлері үшін қылмыстық жазадан босату шарттары.

Ұрлаудың құрамы жоқ, мүлікке қол сұғушылық.

Қорқыту арқылы талап ету. Қорқытып талап етудің шабуыл жасап тонаудан және басқа да ұрлық түрлерінен айырмашылығы.

Алдау жолымен меншікке зақым келтіру немесе сенімділікті пайдалану және алаяқтық.

Қылмыстық жолиен иеленген меншікті өзіне алу және қаратып алу және айдап салумен ұрлыққа қатысу.

Интеллектуалдық жеке меншіктің құқығын бұзу және басқа біреудің меншігін ұрлау.

Ұрлау мақсатынсыз көлікті заңсыз иелену және оның түрлері.

Жерге заттық құқықтың бұзылуы және оның түрлері.

Басқа біреудің мүлкіне зақым келтіру немесе жою.

Басқа біреудің мүлкін қасақаналықпен жою немесе бүлдіру. Басқа біреудің мүлкіне зақым келтіру түсінігі. Аса зақым келтіру түсінігі.

Басқа біреудің мүлкіне абайсыздықтан зақым келтіру немесе жою. Осы қылмыстар үшін қолданылытын жаза шегі. Ауыр қылмыс түсінігі.

17. Экономика саласындағы қылмыстар

Экономикалық шара және оның Қазақстан Республикасының 50 бәсекелес елдер ішіне кіруге тигізетін көмегі.

Экономика саласындағы қылмыс және оның түсінігі.

Кәсіпкерлік саладағы қылмыс. Заңды кәсіпкерлік іс-әрекетке жол бермеу. Заңсыз кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкерлік. Бәсекелестікті шектеу.

Банктік және коммерциялық құпияны тарату және қолдану. Банкрот кезіндегі заңсыз іс-әрекеттер. Өзін жалған банкрот деп жариялау.

Банктік және несие саласындағы қылмыстар. Заңсыз банктік әрекет. Несиені заңсы түрде алу және мақсатсыз қолдану. Несиелік қарызды төлеуден бас тарту. Банктік операциялар жайлы жалған мәліметтер беру. Банктің қаржысын заңсыз түрде қолдану.

Мемлекеттік қаржыға байланысты қылмыстар. Бағалы (эмиссиялық) қағаздардың шығуының тәртібін сақтамау. Реестрге бағалы қағаздар ұстаушылырдың жалған мәлімет беруі. Бағалы қағаздарға байланысты операциялар жайлы жалған мәлімет беру. Бағалы қағаздар және өтірік ақшалар жасау немесе алу. Төлем карточкалары мен басқа да төлейтін және санайтын құжаттарды заңсыз жасау немесе алу.

Акциздік маркаларды жасау және қолдану. Экономикалық контрабанда. Шекарадан заттарды шетел валютасында қайтармауы. Бухгалтерлік есептеу ережелерін бұзу. Азаматтың салық төлеуден бас тартуы. Ұйымнан салық төлнуден бас тарту. Экономика саласындағы басқа да қылмыстар.

Спорт жарыстары мен коммерциялық конкурстық қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу.

Кәсіпкерлерді алдау. Табиғи қолданудағы заңсыз шарттарды тіркеу. Шарт жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Компьютерлік ақпаратты заңсыз алу, ЭВМге зақым келтіретін программаларды тарату, қолдану және енгізу.



18. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп ұғымдарының анықтамасы.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Терроризм. Терроризмді құрайтын әрекеттердің сипаттамасы. Терроризм актісін дайындауға қатысқан тұлғаларды қылмыстьық жауаптылқықтан босату шарттары.

Адамды кепілге алу. Адамды кепілге алудың мақсматтары. Адамды кепілге алудың түрлері. Адамды кепілге алған тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.

Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмсыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйым) құру және басшылық ету, қылмыстық қауымдастыққа қатысу. Қылмыстық ұйымның басшыларының және қатардағы қатысушыларының жауаптылығын жекелендіру. Осы құрылымдарға қатысқан тұлғаларды жауаптылықтан босату шарттары.

Бандитизм. Бандитизм нысандары. Бандының түсінігі және белгілері. Бандитизм субъектілерінің жауаптылық шектері.

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу. Қылмыс белгілерінің объективтік жәнее субъективтік белгілері. Қылмыстың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдары.

Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру. Айдап әкету және қолға түсірудің түсінігі. Қылмыстың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдары.

Жаппай тәртіпсіздіктер. Жаппай тәртіпсіздікті құрайтын әрекеттер.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау.

Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қыхметтерді заңсыз экспорттау.

Атом энегетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, жарылыс қаупі бавр объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу.

Радиоактивті атериалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу, сондай-ақ олармен заңсыз жұмыс істеу және жұмыс істеу ережелерін бұзу.

Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы.

Қару, оқ-дәрі, жарылғын заттар және жару құрылғылары қылмыстың заты болып табылатын қылмыстар.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

Бұзақылық. Бұзақылықтың түсінігі. Ұсақ және қылмыстық жазаланатын бұзақылық. Жай, қауіпті, аса қауіпті бұзақылық. Бұзақылық жеке адамға және меншікке қарсы ауыр қылмыстарды жасаудың ниеті ретінде. Бұзақылық және жеке адамға қарсы қылмыстар. Бұзақылық және тағылық.



19. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

Халықтың денсаулығына қарсы қөылмыстар.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу, сонымен қатар осы заттарды заңсыз дайындау, алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Есірткі заттамен, жүйкеге әсер ететін заттармен, күшті әсер ететін немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу.

Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру.

Жеке медициналық практикамен немесе жеке фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу.

Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету.

Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Жезөкшелікпен айналысуға тарту.Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Притон және жеңгетайлықтың түсінігі. Сутенерлік.

Порнографиялық материалдарды немесе қатігездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау.

Жануарларға қатігездік жасау.

20. Мемлекеттік қызмет және басқаруға қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа да қылмыстар

Мемлекеттік аппарат жүйесіндегі лауазымды тұлғалармен жасалынатын сыбайлас-жемқорлық және басқа да қылмыстармен күрес жүргізу.

Лауазымды тұлғаның түсінігі және белгілері. Лауазымды тұлғалардың түрлері.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстарының түсінігі және сипаттамасы.

Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану. Осы қылмыстың ауырлататын құрамы. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

Парақорлық. Пара алу. Пара алудың заты. Пара-сатып алу. Пара-сыйақы. Пара алу және лауазымды тұлғаның әрекеті. Пара беру. Пара берген тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары. Парақорлыққа делдал болу. Пара алу және пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ауырлататын мән-жайлары. Парақорлық және коммерциялық сатып алу.

Қызметтік жалғандық жасау. Жалғандық жасаудың түсінігі және оның түрлері. Жалғандық жасаудың заты және субъектісі.

Қызметтегі әрекетсіздік. Қызметтегі әрекетсіздіктің объективтік және субъективтік белгілері. Қызметтегі әрекетсіздіктің түрлері.

Салақтық. Салақтық және қызметтегі әрекетсіздік. Салақтықтың ауырлататын түрлері.


5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. – А., 2004.

2. Ағдарбеков, Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері.- Оқулық. - Алматы, 2008. – 189 б.

3. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана: Фолиант, 2011.

4. Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. 2-е изд. – М., 2006.

5. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права. – М., 2004.

6. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. – М., 2000.

7. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. 2-е изд. – М., 2005.

8. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика Алматы, 1996.

9. Басин Ю.Г. Сделки. - Алматы, 1997.

10. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. – М., 1997.

11. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В 2-х кн., под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. – Алматы, 1998.

12. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. – Алматы, 2000.

13. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан. - А., 1997.

14. Уголовное право Республики Казахстан. Часть общая. / под ред. И.И.Рогов, М.А.Сарсембаев. - Алматы, 1998.

15. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 1997.

16. Рогов И.И. Уголовный кодекс Республики Казахстан – общая характеристика (в сравнении с УК Казахской ССР). – Алматы: Баспа, 1997.

17. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник / Под ред. проф. А.Н. Агыбаева, Г.И. Баймурзина. - Алматы, 2003.

18. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова. Книга 2. - Астана, 2007.
Қосымша әдебиеттер:


  1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. (толықт. мен өзг. қоса)

2. ҚР Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж. (толықт. мен өзг. қоса)

3. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994 (толықт. мен өзг. қоса)

4. ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 (толықт. мен өзг. қоса)

5. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы. 28.03.1998 (толықт. мен өзг. қоса)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет