«Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#3121
  1   2   3


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітілді»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында

хаттама №___ «___» _______ 2012 ж.

_________________________


«6D030100 - ЗАҢТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ, 2012

«6D030100 - Заңтану» мамандығының бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.


Факультеттің әдістемелік бюро отырысында келісілді

Хаттама № _____ «____» ___________ 2012 ж.
Әдістемелік бюро төрайымы _________________ Даубасова С.Ш.

Бағдарлама заң факультетінің Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама № ____ «____» ___________ 2012 ж.
Факультет деканы __________________ Байдельдинов Д.Л.
Ғылыми хатшы __________________ Атаханова Г.М.

МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6D030100 - Заңтану» мамандығы бойынша докторантурада оқу үшін және «PhD докторы» дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау.

Докторантураға түсу емтиханының нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.


2. Докторантураға түсушілерге қойылатын талаптар: талапкер мемлекет және құқық теориясы (құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары), азаматтық және қылмыстық құқық (жалпы және ерекше бөлім) пәндер бойынша жақсы және терең білімдерін көрсету керек.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес «Юриспруденция» мамандығы бойынша докторантура оқу бағдарламасын игерушілер келесідей мамандықтар бойынша «магистр» дәрежесіне ие болу керек: 6M030100 – Заңтану, 6М030300 – Құқық қорғау қызметі, 6М011500 – Экономика және құқық негіздері, 6М020200 – Халықаралық қатынастар, 6M030200 – Халықаралық құқық, 6М030400 – Кеден ісі.


3. Оқу бағдарламасының пререквизиттері:

Мемлекет және құқық теориясы (Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары)

Азаматтық құқық

Қылмыстық құқық


4. Емтихан тақырыптарының тізімі:

Пән «Мемлекет және құқық теориясы (Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары)»

1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі

Мемлекет және құқықтың теориясының әдіснамалық негіздері.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының нысаны – мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және жұмыс жасауының негізгі заңдылықтары. Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы. Мемлекет және құқықты оқып үйренудің материалистік және диалектикалық жолдары. Мемлекет және құқық теориясының әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқықты оқып үйренудегі жалпы гуманистік, әлеуметтік және философиялық көзқарастар.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің таптық көзқарасына осы заманғы түсінік. Мемлекет және құқықты зерттеудегі таптық және жалпы гуманитарлық көзқарастардың арақатынасы.

Мемлекет және құқықты танып білу үдерісінің логикасы. Ғылыми ойлау амалдары. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің нақты әдістері. Формальдық логикалық әдіс. Салыстыру әдісі. Мемлекет және құқықты зерттеудің социологиялық (әлеуметтанулық) әдістері: анкеттеу әдісі, сұхбат, әлеуметтік тәжірибесі. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелік әдісі.

Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдарының жүйесіндегі орны, рөлі мен атқаратын қызметі. Мемлекет және құқық теориясының жалпылаушы және әдіснамалық қызметтері. Мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының тарихи-теориялық, салалық және арнайы қолданбалы заң пәндерінің жүйесіндегі орны. Олардың ортақтығы, айырмашылығы, өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалдастығы. Мемлекет және құқық теориясы мен саясаттанудың арақатынасы.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясының осы заманғы заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

Мемлекет және құқықтың отандық теориясы, оның дамуы. Оны дағдарыс жағдайынан шығару жолдары.

2. Мемлекеттің пайда болуы

Алғашқы қоғам. Алғашқы қоғамның иемденуші экономикасына сипаттама. Рулық құрылыс. Рулық құрылыстағы басқару органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыстағы қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Иемденуші экономикадан өндіруші экономикаға көшу. Жеке меншіктің пайда болуы. Қоғамның жіктелуі, әлеуметтік теңсіздік пен шиеленістердің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет алғашқы таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аймақтық ұйымы ретінде.

Мемлекеттің әлеуметтік мәніндегі дуализм: мемлекет қоғамды басқару тетігі және таптық шиеленістерді шешудің құралы ретінде.

Мемлекет өндіруші зкономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, зорлық теориясы, психологиялық теория, теологиялық, технократтық, патриахалдық, шарттық және басқа да теориялар.



3. Мемлекет туралы түсінік және оның белгілері

Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніндегі жалпы әлеуметтік және тапттық сипаттар. Мемлекет жария-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әртүрлі халықтардағы мемлекеттілік дамуының әртектілігі. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы: жариялық билік, мемлекет бағыныстыларының аумақтық бөлінуі, салықтар, қарыздар, мемлекеттік борыштар. Мемлекеттілік және егемендік. Құқық шығармашылық мемлекеттің белгісі ретінде. Мемлекет белгілерінің қалыптасуының дәйектілігі. Әртүрлі халықтарда мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері.



4. Мемлекеттің мәні және қызметтері (функциялары)

Мемлекет функцияларының түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік тағайыны, мемлекеттің міндеттері мен функциялары. Мемлекет функцияларының түсінігі және оларды жіктеу. Мемлекет функцияларын жіктеудің әртүрлі амалдары мен негіздері. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы функциялары. Мемлекеттің тұрақты және уақытша функциялары. Мемлекеттің гуманистік, экономикалық және саяси функциялары.

Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының эволюциясы. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік функциялары. Азаматтарды әлелуметтік қорғаудың, адам құқытарын қорғаудың, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың функциялары. Экологиялық функция. Мемлекеттің мәдени-тәрбиелік функциясы. Мемлекеттің сыртқы функциялары. Отан қорғау функциясы, бейбітшілікті сақтау жөніндегі функция. Мемлекеттің әлемдік экономикаға кіруін қамтамасыз ететін өзге мемлекеттермен экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастығының функциялары.

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары мен әдістері. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқық шығармашылық, құқық атқарушылық және құқық қорғаушылық нысандары. Мемлекет функцияларын ұйымдастыру нысандары.

Мемлекеттің функциясы және мемлекеттік органның функциясы. Демократиялық жаңару, нарықтық экономикаға көшу, әлемдік өркениетке қосылу кезіндегі мемлекет функцияларының эволюциясы.

5. Мемлекет механизмі (тетігі)

Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен жұмыс жасауының негізгі қағидалары: билікті бөлу, интернационализм, демократизм, кәсібилік, мемлекеттің егемендік билікті ңхалыққа қатыстылығы, адам құқығын қорғау, заңдылық және т.б. мемлекеттік аппараттың билікті басып алуына жол бермеуі. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі бюрократизммен, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасының бұзылуы, оны жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекеттік қызмет туралы заң. Мемлекеттік қызмет кадрлары, оларды жіктеу. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу қағидалары және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік орган және оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары және құзыреті. Мемлекеттік органның өктемдік өкілеттіктері. Мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сот органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары. Жалпы және арнайы құзыретті органдар.

Қазастан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі. ҚР Президенті. ҚР заңнамалық билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. ҚР атқарушы билігі. Үкімет. Премьер-министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.

Қазақстан Республикасының сот билігі. ҚР Жоғарғы Соты және ҚР жергілікті соттары. Қазақстан Республикасындағы сот әділдігі. Сот әділдігінің бұзылуы және оның алдын алу жолдары. Сот реформасы. Азаматтарды сот арқылы қорғау және соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекетке көшу жағдайында адвокатураның орны мен рөлі. Қазақстан Республикасында соттарды іріктеу қағидалары. Қазақстан Республикасында Жоғарғы сот кеңесі. Әділеттің біліктілік алқасы.

6. Мемлекеттің нысаны (формасы)

Мемлекет мәнінің, әлеуметтік мұратының және нысанының арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылым нысаны, мемлекеттің саяси режимі.

Мемлекет нысанын айқындайтын мән-жайлар. Географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, климаттық. Мемлекет нысанының сабақтастығы. Атақты тұлғаның, белгілі бір мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, табыс пен діннің мемлекет нысанына ықпалы. Мемлекет нысаны мен типтерінің өзара қатынасы.

Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік монархия. Шектеулі монархия. Шығыстық озбырылық (деспотия). Ерте феодалдық, сословиелік-сайланбалы. Дуалистік, парламенттік монархиялар.

Республика. Аристократиялық. Демократиялық. Парламенттік. Президенттік. Кеңестік. Халықтық-демократиялық. Аралас.

Мемлекеттің құрылым нысаны. Унитарлық мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық-мемлекеттік құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздегі федерациялар. Аралас федерациялар. Конфедерациялар. Конфедкрацияның түрлері. Конфедерацияның федерациядан айырмашылығы. Өзге де мемлекеттік және мемлекетаралық құрылымдар: қауымдастықтар, достастықтар, империялар, ассоциациялар.

Мемлекеттік-саяси режим. Демократиялық және антидемократиялық саяси режимдер. Антидемократиялық режимдер: озбырлық, фашистік, тоталитарлық, авторитарлық, теократиялық, нәсілдік, әскери диктатура,. Демократиялық мемлекеттік-саяси режимдер: патерналистік, либералды-демократиялық, формальді-демократиялық, діни-демократиялық. Кеңестік мемлекеттегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі. Осы заманғы мемлекет нысандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігі. Егемендік параметрлері. Жаңа үлгінің инварианттары.жетістіктер жолында. «Қазақстан-2030» және кәсіби мемлекет.



7. Мемлекет және құқы типологиясы

Мемлекеттің типологиясына негізгі көзқарастар.мемлекеттің марксистік типологиясы. Құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи үлгілерінің алмасуы және бір үлгіден екіншісіне ауысуы. Өтпелі (транзиттік) даму кезеңіндегі мемлекет.

Мемлекетті кезеңдеуге хронологиялық көзқарас. Ежелгі ғасырлардағы, орта ғасырлардағы, жаңа және жаңаша уақыттағы мемлекет.

Кеңес мемлекетінің дағдарысы: пайда болу заңдылығы, даму кезеңдері, мәні. ҚР қазіргі мемлекеттенуінің өтпелі жағдайы.

Мемлекет типологиясындағы өркениетті көзқарас. Өркениеттің типологиясы және мемлекеттендірудің негіздері.

Құқық типтерінің түсінігі. Құқық типтерінің әлеуметтік экономикалық құрылымымен арақатынасы. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуаздық және құқықтың кеңестік типі.

Құқық типтерінің хронологиялық жолы: ежелгі ғасыр құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа ғасыр құқығы, жаңаша ғасыр құқығы.

8. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оны басқару. Билік әлеуметтік құбылыс ретінде және оның әлеуметтік, саяси және ұйымдастырушылық аспектідегі мәні. Биліктің түрлері және типтері. Билікті шектеу, оны жеңудің жолдары мен әдістері. Саяси билік және тұлға. Биліктің қағидалары, оның құрылу жүйесі, негізгі белгілері. Биліктің легитимділігі.

Саяси жүйе, оның мәні, пайда болуының объективтік маңызы және қоғамның саяси өмірдегі рөлі. Жүйенің құрылымы, олардың элементтерін топтастыру, оны бағалаудың белгілері.

Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінің арақатынасы. Саяси жүйенің белгілері: мемлекеттік басқарудың бастапқы қағидалары: «персоноцентризм», «системоцентизм» және олардың қоғамның саяси өмірінде алатын рөлі.

Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны. Мемлекттік билік. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары, оны жүзеге асыру механизмі. Мемлекеттік биліктің негізгі қызметі, оның басқа саяси жүйенің элементтерімен арақатынасы. Мемлекеттік аппарат және саяси жүйе.

Мемлекет және саяси жүйенің басқа да элементтері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет және партиялар. Партиялардың мемлекетті басқаруда қатысу нысандары. Басқарушы партия. Парламеттік партия. Оппозициялық партия. Көппартиялылық - саяси жүйе құрылымының қағидалары. Қоғамдық қозғалыстар, тәуелсіз баспа, қоғамдық көзқарасты зерттеу институты, мемлекеттік қоғамның элементтері, олардың қоғамның саяси өмірінде алатын рөлі. Мемлекет және еңбек ұжымдары. Мемлекет және шіркеу. Зайырлы және теократиялық мемлекеттер.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасында саяси жүйенің даму ерекшеліктері. Саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Саяси идеология. Қоғамдық пікір.

9. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаты. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. Құқықтық мемлекетттің әлеуметтік мәні. Құқықтық мемлекеттің саяси негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен айырмашылығы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. Адам құқықтарын қорғау - саяси режимге тән сипат. Тұлғаның сенімді және еркін өмір сүруін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтардың шынайлылығын кепілдендіру. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.

Құқық пен заңның сәйкес келуі - құқықтық мемлекеттің динамикалық құқықтық жүйесінің қасиеті. Заңдылық және әділеттілік қағидасының тұрақтылығы, заң үстемдігі, құқықтық жүйенің тиімділігі.

Биліктің бөлінуі, олардың теңдігі, тепе-теңдiк және тежемелiк механизімін қамтамасыз ету. Демократиялық, тәуелсіз, әділ сот. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, саяси жүйенің жұмыс істеуінде қоғамдық пікірді зерттеу және қолдану.

Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы және тәжірибесі. Қызметтің бастапқы қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, барлық халық үшін экономикалық даму, патриотизм, мемлекеттік өмір мәселелерінің демократиялық шешімдері. Конституцияның және заңдардың басқа нормативтік актілерден басымдылығы, азамат пен мемлекеттің ортақ құқықтары мен міндеттерінің байланысы.



10. Құқықтың түсінігі, мәні және функциялары

Құқықтың пайда болуы. Рулық қауымның мононормалары және олардың құқыққа айналуы. Құқықтың қалыптасуының себептері мен негізгі амалдары. Құқықтың тағайыны. Құқықтың белгі-нышандары. Құқықтың мемлекетпен байланысы. Құқықтың мәні.

Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық және социологиялық. Қазіргі кездегі құқықтық танымның жалпы сипаттамасы. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықтың анықтамасы. Құқықтың нормативтілігі, жалпыға бірдей міндеттілігі, формальді анықтылығы, жүйелілігі мен еріктілігі сипаты оның негізгі белгілері мен мәндік ерекшеліктері ретінде.

Құқықтағы объективтілік пен субъективтілік. Құқық және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. Құқық және саясат. Құқық және мораль. Құқық және дін.

Құқық функциясының түсінігі. Құқық функциясының жүйесі. Құқықтың реттеушілік және қорғаушылық, тәрбиелік және ақпараттық функциялары.

11. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық

Қоғамдық қатынастардың нормативтік реттелуі. Нормативтік реттеулердің түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормалары. Техникалық нормалар.

Әлеуметтік және техникалық нормалардың түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормаларын топтастыру негіздемесі.

Әдет-ғұрыптар. Дәстүрлер. Іскерлік дағдылар. Салттар. Өнегелік нормалар. Қоғамдық ұйымдардың нормалары. Қоғамның әлеуметтік нормаларындағы жалпылық пен арнайылық. Қоғамның әлеуметтік нормаларының өзара әрекеттесуі, өзара әсер етуі және өзара байланысы.

Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық нормалары және олардың ерекшеліктері.

12. Құқықтың қайнар-көздері

Құқықтың қайнар-көздерінің түсінігі. Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтың нысаны. Санкцияланған әдет-ғұрыптар, сот прецеденті, нормативтік-құқықтық акт. Құқықтың қайнар-көзі ретінде - доктрина. Құқықтың нысаны ретінде – нормативтік шарт. Құқықтың мәні мен нысанының өзара байланысы, құқықтағы мирасқорлық. Құқық рецепциясы.

Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану актілері мен құқықты талқылау актілерінен айрмашылығы. Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері, оларды топтастыру критериилері. Нормативтік-құқықтық актілердің заң күші бойынша, әрекет ету аясы бойынша, оны қабылдайтын субъектілері бойынша, әрекет ету уақыты бойынша түрлері.

Заңның түсінігі. Құқық және заң. Заңдардың үстемділігі. Заңдардың түрлері. Конституция және оның белгілері. Конституцияның жоғары заңдық күші. Конституцияның тікелей әрекет етуі. ҚР-дағы нормативтік-құқықтық актілер туралы заң және оның заң ғылымы мен құқықтық тәжірибені дамыту үшін маңызы.

ҚР Президентінің жарлықтары. Президенттің заң күші бар жарлықтары. Үкіметтің қаулылары. Премьер-министрдің өкімдері. ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соттың қаулылары. Сенат пен Мәжілістің қаулылары. ҚР халықаралық шарттары.

Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері. Мәслихаттардың шешімдері, әкімдердің шешімдері мен өкімдері. Заңнаманың түсінігі. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Құқықтық жүйе, құқық жүйесі және заңдар жүйесінің арақатынасы. Нормативтік-құқықтық актілердің уақыты бойынша, кеңістікте және субъектілер бойынша әрекет етуі. Заңның кері күші. Нормативтік-құқықтық актілердің арасындағы қарама-қайшылықтар және олардың шешілуі.



13. Құқық нормалары

Құқық нормаларының түсінігі. Құқық нормасы – мінез-құлықтың үлгісі, ережесі, өлшемі, көлемі. Құқық нормаларының белгілері: формальді анықтылығы, жалпыға бірдей міндеттілігі, жүйелілігі, әрекет етуінің қат-қабаттылығы, адресаттың кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсыныстық-міндеттеуші сипаты. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігі.

Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкция – құқықтық норманың логикалық элементтері. Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану жағдайын нормативті анықтау. Гипотезаның түрлері. Құқықтық норманың диспозициясы – мүмкін не тиісті мінез-құлықтың түрі мен көлемін көрсету. Құқықтық норманың диспозициясы - құқық, міндет, тыйым. Құқықтық норманың санкциясы. Құқықтық норманың санкциясы: жауаптылықтың шарасы, құқық субъектісінің мінез-құлқының нәтижесінде туындайтын жағымсыз салдардан ескерту, қорғау. Санкцияның түрлері. Абсолютті-анық, баламалы-анық және салыстырмалы санкция.

Құқық нормасы мен нормативтік-құқықтық актінің бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік ұйғарым. Құқық нормасының қүрылымдық сипаттамаларының қатыстылығы. Құқық нормасын


нормативтік құқықтық актінің бабына орналастыру тәсілдері: тура,
бланкетті және сілтемелі. Өзгеше нормативтік шешімдер.

Құқық нормасының түрлері. Құқықтық нормалардың топтастырылуының критериилері: белгілеу тәсілі, заңдық күш, әрекет ету аясы, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі, биліктік дәрежесі немесе құқықтық реттеу әдісі, құқықтық реттеу механизміндегі функциялар, ұйғарымдардың көрініс табу нысандары.



14. Құқық жүйесі

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері. Құқық жүйесін құру қағидалары. Құқық жүйесі мен заңдар жүйесі түсініктерінің арақатынасы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық жүйесі. ҚР құқық жүйесінің салалық құрылуы.

Құқықтың салаларға бөлінуінің критериилері: қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу пәні мен әдісі. Құқық нормасы. Құқық институты. Құқық салашығы мен саласы. Кешенді құқық саласы. Жария құқық және жеке құқық. Материалдық құқық және процессуалдық құқық. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы. Халықаралық кұқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы. ҚР құқық салаларының сипаттамасы.

15. Құқық шығармашылық

Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы. Құқықтың және құқық шығармашылықтың қалыптасуы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылық. Құқық шығармашылық үрдіс. Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің қағидалары: демократизм, ғылыми сипат, заңдылық және кәсіпқойлық және т.б. Халықтың тікелей құқық шығармашылығы. Референдум. Заң шығару үрдісінің түсінігі және сатылары. Заң шығару бастамашылығы. Заң жобасын жасау. Заң жобасына келісу. Заң жобасын талқылау. Заңды қабылдау. Заңды жариялау. Нормативтік актілердің жариялану тәртібі мен күшіне енуі. ҚР заң шығару қызметі үрдісіндегі ҚР Конституциялық Кеңестің рөлі.

Заң техникасы және оның құқық шығармашылық қызмет үшін маңызы. Заңның тілі. Заң шығарушының құқықтық мәдениеті және оның заң шығару қызметіндегі рөлі.

16. Заңдарды жүйелеу

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі. Жүйелеудің түрлері. Заңдардың кодификациясы және оның ерекшеліктері. Кодификацияның түрлері: заңдар, кодекстер, заңның негізі, заңдардың жиынтығы. Қазіргі кезеңде кодификацияның дамуы. Кодификацияланған актілерді жетілдіру мәселелері.

Инкорпорация және оның түрлері. Хронологиялық, жүйелілік және пәндік. Консолидация. Заңдарды жүйелеудің қазіргі тәсілдері. Заңдарды есепке алу және осы мақсат үшін электронды-есептеуіш техникасын пайдалану.

17. Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынастар. Құқықтық қаныстардың түсінігі, олардың белгілері. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың нысаны. Құқықтық қатынастар – құқықты жұзеге асыру нысаны. Құқықтық қатынастардан тыс құқықты жүзеге асыру. Құқық нормасы және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастардың топтастырылуының критериилері. Реттеушілік және қорғаушылық құқықтық қатынастар. Абсолюттік және қатыстылық құқықтық қатынастар. Жалпы реттеушілік құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың құқық салалары бойынша топтастырылуы.

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынастардың субъектілері, құқықтық қатынастардың объектілері, құқықтық қатынастардың мазмұны. Субъективтік құқықтың түсінігі және мазмұны. Құқықтық мүмкіндіктердің түрлері, құқықтық талап ету. Заңды міндеттің түсінігі, мазмұны және түрлері.

Құқықтық қатынастардың субъектілері. Құқық қабілеттілік. Құқық субъектілерінің әрекет қабілеттілігі, деликтік қабілеттілігі. Құқық субъектілік. Құқықтық мәртебе. Өкілеттілік. Құқық субъектілерінің сипаты. Азамат. Лауазымды тұлға. Мемлекеттік орган. Қоғамдық ұйым. Мемлекет. Жеке және заңды тұлғалар. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Құқықтық қатынастардың объектілері. Құқықтық қатынастардың объектісінің монистикалық теориясы. Адамның мінез-құлқы-құқықтық қатынастардың объектісі. Құқықтық қатынастардың объектісінің плюралистік теориясы.

Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу негіздері ретінде. Заңды фактілердің топтастырылуы. Құқықты пайда болдыратын, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын заңды фактілер. Оқиға және әрекет. Құқыққа сай және құқыққа қарсы әрекеттер. Қылмыстар және терісқылықтар. Іс жүзіндегі заңдық құрам. Заңдық жағдай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет