Біздің дәуірімізге дейінгі ғасыр мен біздің дәуіріміздің ғасыры аралығындағы Ұлы Дала аумағындағы елдердің құрылуы тарихтағы маңызды және өзгермелі кезең болды



бет1/4
Дата07.12.2023
өлшемі30.34 Kb.
#485853
  1   2   3   4
СӨЖ 1 — копия


Кіріспе
Біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасыр мен біздің дәуіріміздің 2 ғасыры аралығындағы Ұлы Дала аумағындағы елдердің құрылуы тарихтағы маңызды және өзгермелі кезең болды. Осы кезеңде Ұлы далада бірнеше қуатты да ықпалды көшпелі империялар пайда болды. Ғұн, Сақ, Сармат, кейін Үйсін сияқты бұл империялар көршілес отырықшы өркениеттерге қатты әсер етіп, тарихта және ежелгі дәуірдің геосаяси ландшафтының қалыптасуында шешуші рөл атқарды.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан əртүрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың əсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді.


Ғұндар
Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) əртүрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар туралы мəліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мұхиты мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан əрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табылады. Ғұндар 24 руға бөлінген. Əрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп əскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру əйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мəжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен əскери-саяси қуаты басым Хань əулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мəжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен “өзара тыныштық жəне туыстық туралы шартқа” қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын əйелдікке беріп жəне жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеледі. Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы “шығыс ху” тайпаларын бағындырады, ал оның құрамына Керулен жəне Онон өзенінің алқаптарында мекендеген сян­­ьби жəне ухуань тайпалары кіретін еді. Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасайды. Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке жəне Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына кірген тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді. Ертедегі деректерге қарағанда ғұндар Саян-Алтай тайпаларына жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік жəне солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь жəне Синьли елдерін бағындырған. Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді алып жатты. Б.з.д. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай өңірін мекендеген тайпаларды түгелдей дерлік бағындырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет