Бекітілді: келісілді қаралды



бет1/17
Дата10.01.2024
өлшемі85.99 Kb.
#488819
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
КТЖ 2022-2023 7-сынып Қазақ тілі,Әдебиет (1)


БЕКІТІЛДІ: КЕЛІСІЛДІ ҚАРАЛДЫ


Қарағанды облысы білім басқармасының директордың оқу ісі қазақ тіл мен әдебиеті пәндері
Шахтинск қаласы білім бөлімінің жөніндегі орынбасары мұғалімдерінің мектепішілік
«Ә.Бөкейханов атындағы әдістемелік бірлестік отырысында
мектеп-лицей» КММ директоры қарастырылды:
________ М.Ж.Аккулова _________ У.Т. Жолшибекова _________ М.К.Кузембаева «___»________2023 жыл «___»________2023 жыл «___»_____ 2023 жыл Хаттама № 1


КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7 «В, Д»
Мұғалім: Табарак А.
Жылдық жүктеме: 102
Апталық жүктеме: 3
БЖБ: 8 ТЖБ: 4
Жоспарлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы , ҚР Білім және ғылым министрінің 12.08.2022 жылғы №365 бұйрығының 6 – қосымшасы) және жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің , бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарлары негізінде жасалды.


Түсінік хат

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7 – сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды; әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды; факті мен көзқарасты ажыратады; дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды; дәлелді жауап береді, салыстырады, талқылайды; коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді;
2) оқылым дағдысы бойынша мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялайды; тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін таниды; хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды; мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырады; комментарий жасауды, іріктеп оқу, зерттеп оқу; сілтеме жасауды үйренеді.
3) жазылым дағдысы бойынша күрделі жоспар құруды; шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазуды; графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазуды; дискуссивті эссе жазуды; жинақы мәтін жазуды; мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізуді, редакциялауды үйренеді.
4) әдеби тіл нормалары дағдысы бойынша :
1) орфографиялық норма бойынша жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;
2) орфоэпиялық норма бойынша сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады;
3) лексикалық норма бойынша фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;
4) грамматикалық норма бойынша есімше; көсемше; тұйық етістік; шақ, рай түрлерін; еліктеу сөздер; шылау түрлерін; одағай; оқшау сөздер туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдануды үйренеді.

Осы күнтізбелік жоспарды жасауда төмендегі баспа оқулықтары басшылыққа алынды:


7-сынып қазақ тілі Т.Н.Ермекова, Н.Ә.Ильясова, Г.Б Тоқтыбаева

Қазақ тілі пәні 7 сыныбы Аптасына: 3 сағат, барлығы 102 сағат



р/с

р/с



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет