Бекітілді: Күні: Тәрбие ісі жөніндегі Сыныбы: орынбасары: а әбенова Тәрбиеші: Омарова М



Дата04.07.2016
өлшемі101.18 Kb.
#178589
Бекітілді: Күні:----------

Тәрбие ісі жөніндегі Сыныбы:-------

орынбасары: А Әбенова Тәрбиеші: Омарова М

Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.

Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде жас ұрпақты елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға экологиялық сананы қалыптастыруға баулу.

Дамытушылығы: Жеке адамның санасына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам – қоғам - табиғат» арасындағы толық үйлесімділікті дамыту, үйрету.

Тәрбиелік:Жер- Анамен табиғат арасындағы сабақтастықпен танысу арқылы білімдерін, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: табиғат жайлы слайдтар, даналық сөздер , суреттер .

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе

2.Шығармаларды қорғау.

3 Салған суреттерге түсінік беру.

4. Табиғатқа байланысты өлеңдер оқу.

5.Сергіту сәті. Мақал-мәтелдер және жұмбақтар.

6. Қорытынды.

Кіріспе сөз: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиацияның бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққынды өмір сүретін болады»,- деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.Табиғат айналамыздағы қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат – адам тәрбиешісі. Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық.

1-Оқушы: Мілкен Ақерке


Байқоңыр – ғарыш аймағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин 1961 жылы «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейінде ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар өрнегіне айналды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т .Әубәкіров «Союз» Т-13 ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта екі рет 1994-1998 жылдары болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Байқоңыр-біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал-жабдықтарға ие болып қалғанда, Байқоңыр түгелдей біздің меншігімізге көшкен. Қазіргі таңда Ресейге жалға берілген жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион доллар алып тұрады. Ғарыш аймағынан зымырандар ғарыш кеңістігіне қарай басты-5түрлі мақсатпен ұшырылады.

Біріншісі: Зерттеу жұмыстарына алынған ғарыш кемелері.Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.

Екіншісі: Тасымал кемелері. Онымен құрал жабдықтармен аппаратуралар,адамдардың өмір сүруіне қажетті азық-түлік, су, киім-кешек,ең ар жағы оттегіне дейін осы жер серіктеріарқылы жұмыс істейді.

Үшіншісі:Әскери мақсаттағы зымырандар.Олардың не зерттеп,не тындырып жатқандары әрине бізге құпия.

Төртіншісі: Байланыс-жер серіктері. Біздің түрлі-түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда,үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді.

Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғандарын естудеміз.Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі,біздің білетініміз жылма-жыл жүздеп ұшырылып жатқан зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізуде. Бұл аймақта мал жайылатын жайылымдар көп. Шөбі шүйгін жұтымды келеді. Малдар тез арада қомданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түрліше жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып,уланып біткен.Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Шу-экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы. Шу – адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді .Космодром орналасқан жердің ауа райын табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде қоршаған ортаға айрықша әсерін байқаған.

1.Космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны.
2.Ұшырылған космос кемелері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұрып жіберетіні белгілі болған.
3.Космос кемелері тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы радиоактивті қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
4.Биосферадағы тірі ағзалардың табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі( өзгеріс туатыны анықталған.
5. Жер бетіндегі зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды. Ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар. Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.
6. Зымыран- таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Апаттың аты апат. Апатқа ұшыраған зымырандар қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайтынын өмірдің өзі көрсетіп тұр.
Егер зымыранның отыны құйылған ыдыстары оқыс жарылатын болса, онда ауада көптеген қауіпті радиоактивті бұлттар кенеттен пайда болып, аспанда біраз жүзіп жүргеннен кейін жауын-шашынмен жерге түседі. Бұлттар аса үлкен аймақты қамтып, сондай аймаққа зиян келтіреді.Әсіресе , ауыз су қатты уланады. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі – гептил және оның туындылары болып есептелінеді. Радиоктивті гептил- суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше өнімдер түзеді. Олар адам ағзасына неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымырандар апатқа ұшырағанда ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып , улылық қасиетін жоймай жата береді. Байқоңырдағы зымырандардың қаншалықты пайдасы болғанмен табиғатымызға әкелер зияны да аз емес. Байтақ еліміздің , туған жеріміздің табиғатын аялайық. Байқоңыр айлағындағы ұшып жатқан зымырандардың табиғатқа кері әсері болмайтын жағын ойлап табуға, ұшқыр қиял мен жақсы білім керек. Білімімізді жақсы толықтырып өз үлесімізді қосуға шақырамын.

2- оқушы: Мырзабай Нұрсұлтан.
Өзімізге анық-әрі қанық болған Арал теңізінің экологиясы бізді де, бей – жай қалдырмайды. Арал ауданы тарихы бай өлке. Табиғи жағынан да , экология мен экономикалық тұрғыдан да ерекшеліктері мол аумақ. Кеңістік кезеңде мұнда өндіріс орындары, бадық зауыттары, түрлі ұжымдар көп болатын. 25 ұжымшар, 16 балық заводы, 4 мелиоративтік машина станциясы жұмыс істеп тұрды. Содан 70-80 жылдары теңіз тартылып , экология бұзылып, тұрғындардың тұрмысы күрт нашарлай бастады.

Арал теңізінің тартылуының негізгі себебі:

Арал теңізі құятын екі өзен бар Амудария мен Сырдария , осы жердегі Амударияның жеткілікті дәрежеде , тіпті мүлде келмеуінің кесірінен. Өзбек ағайындар мен қарақалпақ халқы Амудария суын күріш дақылдарына есепсіз пайдаланады, ал бұл жердегі жалғыз Сырдарияның өзі үлкен теңізді қалай толтырсын. Осы аталған фактілер Арал теңізі эко жүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен , ауыз су тапшылығым көріп отыр. Теңізбен қоса , Арал төңірігендегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені , елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда . Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Бір жағынан Арал теңізінің көтерілген тұзды тозаңнан астында жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан тұрғындар арасында жүрек , өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы: Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастаңған адамдардың жалпы саны 19.5 мың.Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара- осы өңірдің тұрғындарына хал – ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су құбырлары құрылысы жүргізуде.Аралдың табанынан желмен көтерілген тұзды шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанынан тұзды шаң көтеріліп , қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып , егіс өнімін төмендетеді,ауыз судың сапасына әсер етіп,жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. Тұзды шанның – шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайдаланатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда. Арал өңірінің экологиясы Арал қасіреті республика аумағынан асып,бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру мақсатында Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен , Арал теңізін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақ біздердің болашақ алдындағы борышымыз. . Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Облысымыздың экологиялық жағдайдың біршама күрделі екенін білдік. Біз тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ ұрпағымыз. Ертең-ақ біріміз мұнайшы, біріміз инженер, біріміз су маманы т. б мамандық иелері атанып өз өлкелерімізді экологиялық проблемаларды шешуге атсалысып , туған жер табиғатын бүлінбеуіне ,гүлденуіне үлесімізді қосайық.

3- Оқушы:Бек Нұрлыбек. Ормандардың жойылуы жайлы суретке анықтама беру.
4- Оқушы: Дәкенбай Гүлсалы. Қоқыстар және сулардың ластануы суретке анықтама беру.
5- Оқушы: Құдайберген Есқанат. Зауыттар мен көліктердегі түтіндер.Суретке анықтама беру.
6- Оқушы:Ғасыржан.
Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ.

Досың-жер, мөлдір ауа, өсімдік

Ала жүріп осылардың сыйлығын

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызды

Бәрін сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ, замандас, әр ұрпаққа туған жер.

Не берсе де беретіні қарызға.
7- Оқушы: Инабат.
Ей, адамдар қара жерге гүл еккен,

Қара орманды түлеткен, қалаларды күл еткен,

Тыңда мені жүрекпен!

Тыңда мені сан жұрттар,

Кең әлемде, кеуделерде тарлық бар,

Дүниеде ұзын қолды, үстем зорлық бар.

Шарасыз бір күштер бар,

Махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.

Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар,

Атпай , аспай, құрту бар.
8- Оқушы:Жеткерген.
Экология!

Бөтен сөз,

Бір туғаның бірақ та,

Білгенге бұл көсем сөз

Мәңгі қалар құлақ та

Эко-эко-үй, Отан

Ежелден –ақ ерекше

Сөз патшасын ұнатам

Жүрегіме гүл ексе.

Тұтқасы бар әлемнің

Бізше ғылым - логия

Онсыз мекен, жоқ - ұя

Жоқ киесі өлеңнің

Өз үй - өлең төсегің

Табиғат боп қалады.

Оған атқан кесегің

Өз басыңды жарады.
9- Оқушы: Мырзалы Динара
Табиғаттан табар адам керекті

Отын етіп, кесіп емен теректі

Егін егіп, өнімдерін алумен

Малдарына орып жасыл желекті.

Қапқан құрып, бүркіт салып аңына,

Өрт шығарып ну орманның маңына,

Неге біздер жол береміз осындай

Суық қолды адамдардың торына!
О табиғат! Тағдырымсың сен менің

Сенің барлық өзен, мен көлдерің,

Ауаң, суың, өсімдігің болмаса

Дүниеде қалай өмір сүремін.
10- Оқушы: Нұрғиса.
Табиғаттан оқшау сырт қалам қайтіп,

Анасындай арнасын тастап қашып,

Арал, қайтып барады, Арал қайтып

Тебіренші, қарашы таң нұрына,

Шақырамын, құлақ сал, жан- жырыма,

Арал сенің тағдырың әлемдегі-

Ұласып тұр адамзат тағдырына.
11- Оқушы: Гаухар.

Орман едік бір кезде біз жайқалған.

Аң мен құстың әсем әні сайраған

Әні кеткен бұл өлкенің сәні кеткен

Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың сыры көп

Анам , әкем, бауырларым қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып айласын.

Жалғыздықтың мұңы көп,

Соны айтуға адамзаттың тілі жоқ.
12- Оқушы: Дәуіржан.
Табиғат, әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін

Жан-жануар табынып бір өзіңе.

Сенен алып тұрғандай бар тынысын

Қазына қара жерде дейді халық

Күн көрген бар керегін жерден алып

Жер анадан үзіліп кете алмаған

Кемеңгер небір дана, небір алып.
13- Оқушы: Жұлдызай.
Әй Табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің

Көрмегенді көрсетесің берерсің

Ұлан ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөздеген адамдарға не дерсің?

Айың анау , күнің мынау, жер міне

Ой адамдар, адамдар

Асырайды ол сені, мені, елді де.

14-Оқушы: Нұржан.
Жер – Анамен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

Анам туды Жер-Ана жетілдірді,

Осыны өзім өмітге негіз етем.
15- Оқушы: Мейрамбек.
Ей, адамзат, ойланшы бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала

Ысырапсыз табиғатың пайдаланып бар байлығын,

Не қалады, не көреді артындағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын

Сарғайып жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Қорытынды:
Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, ағзаның үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам- табиғат пен Жер – ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек. Осы тақырыпта Қадір Мырза Әлі :
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

деп жырлаған екен.Олай болса барлығымыз бір кісідей ат салысып , Жер-Ананы қадірлеп қорғай білейік. Табиғат біздің байлығымыз. табиғатымызды аялайық , көркейтейік, гүлдендірейік. Ол баршамыздың міндетіміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет