Егемен Қазақстан. 2010. №505. 29 қараша



Дата28.06.2016
өлшемі16.16 Kb.
#163429
Егемен Қазақстан.- 2010.- №505.- 29 қараша

Тайжан Б.


Бұйырғаны бісінші орын болды

Сенбі күні аяқталған жазғы Азия Ойындарының соңғы жүлдесі Қазақстан қоржынына түсті. Волейболдан Нелли Щербакова баптайтын әйелдер құрамасы Солтүстік Корея командасын ұтып, қола жүлдене місе тұтты.

Биылғы Азиада Қазақстан құрамасының ең соңғы медальді иеленгенімен, екі аптаға созылған бәсекеде осыған дейін өткен ойындардағыдай өнер көрсетті деп айта алмаймыз. Осы жолғы жарыста Азиадаға аттанарда алдымызға қойған 25-30 алтын алқаны алу мақсатымыз орындалмады. Жарыс басталысымен қоржынға алтын салады деген спорт түрлерінің көбі жайында қалды. Нысана көздеуден Ольга Довгун мен басқалардың атқан оқтары далаға кетті. Сұға жүзүден Владислав Поляковтың өзінің үйреншікті қашықтықтығы 50 метрлік браста алтын жүлде ала алмауы жанымызға батты. Таэквандо, дзюдода алтын түгілі күмісті де көре алмадық. Таэквандода Арман Шылманов пен Гүлнафис Айтмұхамбетова қола жүлдені қанағат тұтты.

Бокстан финалға бес жігітіміз шыққан. Соның екеуі ғана женімпаз атанса, екеуі күміс, біреуі қола жүлдені иеленді. Екі дұркін әлем чемпионы Серік Сәпиев Азиадада жетістікке жетсе, оның жолын жас талант Данияр Елеусинов ( С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің студенті) соңғы айқаста қайталанды. Біржан Жақыповқа қытайлық Олимпиада чемпионы Зоу Шиминді жеңу арманға айналды. Балуандарға келсек, Азиада басталар алдында грек-рим және еркін күрестен алтын жүлдені уыстап аламыз дегенбіз, олай болмай шықты. Екеуінде де бір-бір алтын жүлде ғана алдық. Міндет орындалды деп айту қиын. Егер осы жолы балуандарымыз жақсы күрескенде жалпы командалық есепте Иран құрамасы бізден озып кетпес еді.

Биылғы Азиада елімізге алтынның тең жартысын жеңіл және ауыр атлетика әперді. Қорыта айтқанда, екі аптаға созылған сары құрлық сынында Қазақстан құрамасы 18 алтын, 23 күміс, 38 қола медальмен бесінші орынға табан тіресе, біздең алдымызда тұрған Иран 20 алтын, 14 күміс, 25 қола жүлдені иеленді. Ал турнир кестесінің көш басын мықтап ұстаған Қытай 199 алтын, 119 күміс, 98 қола, одан кеінгі орындағы Оңтүстік Корея 76 алтын, 65 күміс, 91 қола медальді еншілесе, Жапония елі 48 алтын, 74 күміс, 94 қола жүлдемен үшінші орынға жайғасты. Орталық Азия елдері арасында 8-ші орынға шыққан Өзбекстан 11 алтын, 22 күміс, 23 қола медальді, 25-ші орынға Қырғызстан 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдені, ал одан үш саты төмен тұрған Тәжікстан 1 алтын, 3 қола медальді иеленіп отыр.



Келесі Жазғы Азия ойындары Онтүстік Кареяның Инчхон қаласында өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет