Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі
Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.
Негізгі міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.
Нәтижелер көрсеткіштері:
шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23%-ға дейін және 2015 жылға қарай 16%-ға дейін төмендету (2009 ж. – 26%);
келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
Кәсіптік медициналық авариялық-құтқару құралымдарын құруды және жарақтандыруды қоса алғанда, апаттар медицинасы қызметін материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру арқылы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін ұйымдастыру: Алматы – Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару пунктін (бұдан әрі – ТМҚП) және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасының қазақстандық бөлігінде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы қызметін аэромобильді госпитальмен жабдықтау; апаттар медицинасы қызметін көп бейінді ұтқыр госпитальмен жабдықтау; ТЖ қызметінің медицина және құтқару құрылымдарын санитариялық тікұшақтармен және реанимобильдермен жарақтандыру.
Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы
Мақсаты: пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету.
Негізгі міндеттер:
қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;
пенитенциарлық жүйе контингентін туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттандыруды арттыру.
Нәтижелер көрсеткіштері:
түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2013 жылы 643-ке дейін,
2015 жылы 642,9-ға дейін (2009 жылы – 643,9) төмендету;
1000 адамға шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлім-жітімді 2013 жылы 2,89-ға дейін және
2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы – 2,91) төмендету;
2015 жылға қарай сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
Тергеудегі және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру мақсатында жоғары деңгейдегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері) бірінші басшыларын енгізу жоспарлануда.
ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмекті жақсарту үшін мыналар жоспарлануда: қажетті медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру; пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу; медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу.
Туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін мыналар жоспарлануда:
туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату;
ҚАЖ медициналық қызметіне тартылған медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарды тарту.
Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайдың мониторингі мен бағалау жүйесін құру жоспарлануда.
Аса қауіпті инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) профилактикасы
Мақсаты: халықтың КҚГҚ-мен сырқаттанушылығын төмендету.
Негізгі міндеті: кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу.
Нәтижелер көрсеткіші: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын деңгейде ұстау.
Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиісті профилактикалық шаралар кешені жетілдірілетін болады, оның барысында эндемиялық өңірлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өндеу жүргізу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда.
Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өндеу жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысын күшейту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
5.2. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық іс-шараларын, скринингтік зерттеулерін күшейту,
диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру
Бағдарлама шеңберінде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонаталдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас, физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсынымдарына негізделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.
Осы бағдарламаның шеңберінде негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар
мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндік ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілетін болады. Көрсетілген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесінде алынған:
таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;
өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында елеулі
үлесі бар;
ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сүру сапасын төмендетеді, функциялық белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиженің жоғары ықтималдығы;
бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне елеулі әсер ету.
Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының күтіліп отырған үрдісін ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетілдірілетін болады.
Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың деңгейін төмендету.
Негізгі міндеттер:
1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту;
2) аурулардың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасына тәсілдерді жетілдіру, скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру;
3) негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;
4) егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру.
Нәтижелер көрсеткіштері:
нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін (2009 ж. – 36,9) төмендеуі;
ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін (2009 ж. – 29,2) төмендеуі;
мүгедектікке бірінші рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейін, 2015 жылға қарай 28-ге дейін (2009 ж. – 29,4) төмендеуі;
қанайналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейін
(2009 ж. – 416,4) төмендеуі;
онкопатологиядан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейін (2009 ж. – 112,7) төмендеуі;
туберкулезден өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейін (2009 ж. – 12,9) төмендеуі;
жарақаттанушылықтан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда
2013 жылға қарай 94,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейін
(2009 ж. – 108,4) төмендеуі;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейді:
1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрі – АБДС) қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектің және БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру:
қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларын жетілдіру;
ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа біткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгізу;
денсаулықты және толыққанды өсуді, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейінде ерте жастағы балаларды (дамудың туа біткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтуді және қадағалауды жетілдіру;
АБДС ұйымдарының қызметінде сапаны үздіксіз арттырудың қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу және енгізу;
АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағалау және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;
ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;
отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтімді қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;
мектеп жасындағы балаларға, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жақсарту;
медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын жасөспірімдер қызметін дамыту;
АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;
2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнінде тиімді тәсілдерді әзірлеу және енгізу:
отбасын жоспарлау, оның ішінде әйелдерді гравид алды (жүктілікке дейін) дайындау, отбасын жоспарлау жөніндегі ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негізінде) әзірлеуді қамтитын қауіпсіз ана болуы, жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіз жыныстық тәрбиесі жөнінде қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектің барлық деңгейін отбасын жоспарлау жөніндегі консультация беру дағдыларына оқыту;
дәлелді медицина негізінде ұрпақты болу жүйесі аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудің, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;
денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру.
2. Аурудың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасы жүйесін скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру төмендегілерді болжайды:
1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу:
халықтың нысаналы топтары үшін жыл сайын жалпы халық санының кемінде 30%-ын қамти отырып ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;
БМСК деңгейінде СӨС-ті ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу;
2) профилактикалық іс-шаралардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету:
дәрігерге дейінгі (SCORE) және дәрігерлік скринингтің халықаралық тиімді әдістемелерін енгізу;
нысаналы топтардың ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық тексеруді жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;
БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелері бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру;
3) диспансерлік байқау үшін халықаралық стандарттарды және тиімді тәсілдерді енгізу:
дәлелді медицинаға негізделген диспансерлік байқау жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;
созылмалы ауруы бар науқастарға, оның ішінде мүгедектерге (ересектер мен балалар) диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;
4) профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу:
өткізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу және енгізу;
шығындардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және әзірлеу.
3. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетілдіру;
1) диагностикалау мен емдеудің кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдістемелерін енгізу;
ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту;
ТМККК-ге енгізілген дәрілік заттардың тізбесін кеңейту;
негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;
денсаулық сақтау жүйесіне арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттердің мониторингін жетілдіру және мемлекеттік органдардың аталған науқастар контингентін, оның ішінде мүгедектерді емдеудегі іс-қимылын үйлестіру;
аталған науқастар контингентінің бірыңғай ақпараттық базасын құру;
2) негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды оңалтуды жетілдіру:
негізгі әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттерді, оның ішінде мүгедектерді оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдістемелерін енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық оңалту);
науқастарды оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;
3) науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:
паллиативті көмек көрсетуді және мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеу;
дәрігерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтік қызметкерлерге арналған паллиативті көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру:
егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық мына аспектілерін кешенді шешу, ол мыналарды қамтиды:
нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;
дәлелді медицина негізінде егде және кәрілік жасындағы пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру;
медицина персоналына, оның ішінде ұйым деңгейін ескере отырып әлеуметтік қызметкерлері үшін біліктілік стандарттарын, жүктеме нормативтерін әзірлеу;
геронтологиялық және гериатриялық көмектің тиімділігін бағалау (индикаторлар) жүйесін әзірлеу және енгізу.
5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру
Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін жетілдіру және одан әрі енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.
Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі.
Бағдарламаның шеңберінде тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді жүйесі құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларды жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшін аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісі ұйымдастырылатын болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдістер енгізу жоспарлануда.
Мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттер:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру.
2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру.
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағыттылығын дамыту.
Нәтижелер көрсеткіштері:
100 мың адамға шаққанда обамен сырқаттанушылықты кемінде
0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау;
100 мың адамға шаққанда қызылшамен сырқаттанушылықты
0,08-0,1 деңгейде ұстау;
жіті В вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендету
(2009 ж. – 5,4);
жіті А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейін төмендету (2009 ж. – 67,0);
балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5%-ға, 2015 жылға қарай 95%-ға дейін ұлғайту;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері органдарының жоспарлы тексерулерінің санын жыл сайын 2%-ға төмендету, 2015 жылы – 256 100 тексеру.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру шеңберінде мыналар көзделеді:
көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды жүргізу;
қалалық және аудандық деңгейдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыру жүргізу;
жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтің стандарттарын үйлестіру;
стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес
келтіру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер);
қызметті стандарттау тетіктерін жетілдіру (әзірлеу, бекіту, мониторинг, енгізу, тиімділікті бағалау).
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
1) инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізу;
эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізу алгоритмдерін және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негізінде тексеру алгоритмдерін жетілдіру;
егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы балаларға вакцина егуді енгізу;
жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 аймақтық вирусолоиялық зертхана және мамандандырылған зертханалар желісін ұйымдастыру;
2) инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды қамтиды:
Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;
кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамыту;
медициналық емшаралардан өту кезінде пациенттердің сәулелік жүктемелерін бақылау жүйесін енгізу.
3) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол мыналарды көздейді:
халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалық қызметті дамыту, оның ішінде:
- ДСҰ талаптарына сай келетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мамандандырылған зертханалар құру;
- елімізде сатылатын темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен республикалық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру;
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағыттылығын дамыту үшін:
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіруді кеңейту және жаңғырту;
санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
мыналарды:
- зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді;
- санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;
- санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізуді көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу жоспарлануда.
5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде
медициналық көмекті ұйымдастыруды,
басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру
Мақсаты: медициналық көмек көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру.
Негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
2) денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;
3) денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
4) медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткіштері:
стационарлық көмекті тұтыну деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 күнге дейін, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейін
(2009 ж. – 1522,6) төмендету.
бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14%-ға дейін,
2015 жылға қарай 16%-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту.
өңірлердің деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған халықты 2013 жылға қарай 5000 адамға дейін, 2015 жылға қарай
6000 адамға дейін (2009 ж. – 814 адам) ұлғайту.
Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
1. Әлеуметтік бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
1) БМСК-ны жетілдіру:
Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейіне көтерілуіне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметін түбегейлі өзгерту жолымен ғана қол жеткізу мүмкін. БМСК-ның қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрігерлік практика базасында БМСК-ны көрсетудің ұтымды нысандарын және әдістерін әзірлеу мен енгізуді қоса алғанда, кешенді жетілдіру жоспарлануда. Әлеуметтік жұмыс институтын енгізу жолымен медициналық-әлеуметтік бағыттылықты дамыту көзделуде.
Көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту және профилактикалық бағыттылығын ынталандыру, қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ БМСК медицина қызметкерлерінің уәждемесін арттыру үшін ішінара қор иелену және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу жоспарлануда.
Функциялық міндеттерін бөлуге және қаржыландыру үлгісіне негізделген емхананың ұйымдық құрылымын үш бөлімшеге бөлу жолымен қайта қарау көзделіп отыр.
Бірінші бөлімше: құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті, сынақ кабинеті (акушер), емдеу кабинеті, егу кабинеті, қақырық жинау және химизатор кабинеті, дені сау балалардың кабинеті, профилактика және СӨС кабинеттері, сондай-ақ учаскелік терапевтер, педиатрлар және жалпы практика дәрігерлерінің кабинеті кіретін отбасылық денсаулық орталығы. Сонымен қатар осы бөлімшеде әлеуметтік қызметкер мен психологтан тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталығы мен жастардың денсаулық орталығының болуы көзделген. Бірінші бөлімшені қаржыландыру тариф және олардың қызметі нәтижелерінің бағасы ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауыш бойынша жоспарланған.
Екінші бөлімше: тіркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және талдау кабинетінен, күндізгі стационардан, функциялық диагностика кабинетінен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық-биохимиялық зертханалардан, ультрадыбыстық диагностикадан, рентген-флюорографиялық кабинеттен, эндоскопия кабинетінен тұратын қосалқы-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – көрсетілген медициналық қызметтердің саны бойынша.
Үшінші бөлімше: бейінді мамандардан (хирург, көз дәрігері, лор-дәрігер, және басқалардан) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – медициналық қызметтерге амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша.
Сонымен қатар пилоттық жобалар ретінде өңірлердің дайындық шамасы бойынша жекелеген заңды тұлға ретінде жұмыс істеп тұрған орталықтардың базасында төрт дербес отбасылық орталық құру көзделуде. Осы пилоттық жоспарды жарақтандыру республикалық бюджет қаражатының есебінен, жұмыс істеуі – қосымша құрамдауышы бар БМСК-ке арналған тариф бойынша жоспарланып отыр.
БҰДСЖ-ны одан әрі дамыту шеңберінде медициналық көмекке тең қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.
Осылайша, Бағдарлама шеңберінде БМСК-ны дамыту үшін мыналар жоспарланған:
БМСК-ның және мамандандырылған көмектің функцияларын, өкілеттіктерін және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау;
амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтерді ұсынатын басқа да өнім берушілердің арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтік базаны әзірлеуді және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, ішінара қор иелену моделін және қызметінің нәтижелерін бағалау ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауыш енгізу;
медицина қызметкерлерінің уәждемелерін көтеру тетіктерін жетілдіру;
дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейін жеткізіп, дәрігер өкілеттігінің бір бөлігін мейірбикелерге беру;
жағымды кәсіби имидж жасау және медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлі мен әлеуетін күшейту;
әлеуметтік қызметкерлер институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;
БМСК дәрігерлерінің жалпы санынан «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер санын, оның ішінде қайта даярлау есебінен көбейту;
дәлелді медицина қағидаттары негізінде БМСК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетілдіру;
медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
БМСК көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;
бастапқы буын дәрігерлерін, мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес даярлау;
белсенді патронаж қызметін жетілдіру, оның ішінде қажетті аспаптармен және жабдықтармен жарақтандыру;
БМСК ұйымдары қызметінің тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу (бекітілген тұрғындар арасында дені сау адамдардың үлесі, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, арнаулы мамандарға қаралу деңгейі, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейі);
ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайтуды ауылдың медицина қызметкерлерінің уәждемелерін (тұрғын үй беру, бір жолғы жәрдемақы төлеу) одан әрі арттыруды, жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшін ұтқыр медициналық бригадалар құруды қосқанда, ауылда БМСК көрсету жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру.
2) жедел медициналық жәрдемді жетілдіру:
жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметтерінің жұмысын жетілдіру;
негізсіз шақырулар мен пациенттерді қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;
жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмыс істеу нормативтерін қайта қарау;
парамедиктер институтын енгізу;
дайындалған медицина кадрларымен, оның ішінде парамедиктермен жедел медициналық жәрдем қызметін толықтыру;
патология түріне, науқас жағдайының ауырлығына қарай науқастарды стационарға жеткізу бағдарларын оңтайландыру;
әртүрлі патология түрлері бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейінгі қарау хаттамаларын енгізу;
жедел жәрдемнің материалдық-техникалық базасын нығайту;
пациенттерді іріктеудің ұтымды жүйесін (triage) енгізу;
медициналық жәрдем сапасын басқару (CQI) жүйесін енгізу;
жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткіштерін енгізу (шақыруға келген уақыты, стационарға тасымалдап жеткізу уақыты, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім);
науқастарды авиациялық тасымалдауды, оның ішінде қашық жерлерге тасымалдауды дамыту;
республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесін дамыту;
алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтері, ТЖ, полиция, жол полициясы, өрт сөндіру қызметтері персоналының және көлік жүргізушілердің іс-қимылдарын үйлестіру.
3) мамандандырылған медициналық көмекті дамыту:
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру;
мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды, оның ішінде аурухана секторын қайта құрылымдау есебінен дамыту;
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың қызметіне дәлелді медицина негізінде клиникалық хаттамалар мен медициналық көмек стандарттарын әзірлеу және енгізу;
жоғары технологиялық көмектің, оның ішінде шұғыл жағдайлар кезіндегі көмектің жаңа түрлерін дамыту және енгізу; жоғары технологияларды жергілікті деңгейге беру және енгізу;
медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационарлық төсек жұмысының тиімділігін (қарқындылық) арттыру;
стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту;
медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дәл айқындау;
стационардағы науқастардың тіркелімін жасау және енгізу;
телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту;
стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың жұмыс сапасының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру;
пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайту;
4) кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және паллиативті көмек жүйесін жетілдіру:
қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар және санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайта бейіндеу есебінен құру;
қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар және үйдегі стационарлар желісін кеңейту;
кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау;
медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;
қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру;
жоғары оңалту технологияларын енгізу;
науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне енгізу;
науқастардың тіркелімін құру және енгізу;
медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру;
5) медициналық қызметтің әр түрлерін дамыту:
- сот-медициналық сараптаманы жетілдіру:
жүргізілетін сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;
сот-медициналық сараптаманы жүргізудің барлық кезеңдерінде оның қолжетімділігін, тиімділігін, сабақтастығын арттыру;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
бірыңғай ақпараттық жүйе құра отырып сот-медициналық қызметтердің сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізу;
сот-медициналық сараптаманың (оның ішінде геномдық және спектрлік зерттеулердің) қазіргі заманғы әдістерін және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу;
сот-медициналық қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту және жауапкершілігін күшейту, материалдық ынталандыруды енгізу;
прокуратура, ішкі істер, қорғаныс, ТЖ органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен ведомоствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын салу;
- қан қызметін жетілдіру:
қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;
республикалық референс-зертхана ашу;
қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды дамыту;
тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
қан препараттарын өндіретін зауыт салу.
- зертханалық қызметті жетілдіру:
зертханалық қызметті орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру;
зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесін дамыту;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;
зертханалық қызмет жұмысының мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру және енгізу.
2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментті жетілдіру
Тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлігін медициналық қызметтерді мемлекеттік өнім берушілердің дербестігін көтере отырып мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бір уақытта кейбір функцияны: мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті қаржыландыруды, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласында бақылауды орталықтандыру қамтамасыз етілетін болады.
Кәсіби менеджерлер институтын және қазіргі заманғы басқару технологияларын қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттік нысандарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін міндетті түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Саланың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін құру мақсатында практикаға енгізу үшін қазіргі заманғы халықаралық әдіснамалық тәсілдердің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына зерделеу және талдау жүргізіледі.
Денсаулық сақтаудың, мемлекеттік және жеке инвесторлардың арасындағы тәуекелді бөлудің, өзара тәжірибе алмасу негізінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы технологияларды енгізудің тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту үшін жеке компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, объектілерді, жабдықтарды жалға және жеке компанияларға сенімгерлік басқаруға беру кеңінен пайдаланылатын болады. Әкімшілік кедергілер жойылады, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерге қолдау көрсетіліп, ынталандырылады.
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын көтеру үшін корпоративтік басқарудың элементтерін енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жалғастырылады. Саланың адами әлеуетін басқаруды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, халыққа психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету үшін медициналық білімі жоқ мамандарды жүйелі түрде тарту басталды.
Кадрларды бекіту үшін, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында, денсаулық сақтау мамандарын даярлауға, оның ішінде жеке инвестициялар мен демеуші қаражатын тарту жолымен келісімдердің негізінде жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғастырылады.
Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдіріледі. Бірақ, материалдық факторлармен қатар, құрметтеудің, өзін-өзі құрметтеудің және қадірлеудің үлкен уәжді рөл атқаратындығына байланысты, қоғамда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін өсіруге ерекше көңіл бөлінетін болады.
Осылайша, Бағдарламаның шеңберінде мыналар жоспарланып отыр:
1) стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, бюджеттеудің халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу;
тәуекелді болжау, бағалау және басқару жүйесін енгізу;
басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу;
медициналық ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын, оның ішінде оларға байқау кеңестерін енгізу арқылы енгізу;
денсаулық сақтау жүйесі қызметін экономикалық тұрғыдан талдау әдістемесін енгізу (саланың тиімділігін бағалау жүйесін құру);
денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу;
басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасын үздіксіз арттыру қағидаттарын енгізуге негізделген бақылау жүйесіне (CQI -PDCA) өту;
2) басқарудың ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеу және енгізу:
аурухананы басқару саласындағы технологиялар трансферті;
төсек қорын оңтайландыру, БМСК қызметін одан әрі дамыту үшін ресурстарды қайта бөлу;
амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгізу есебінен және кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін ұйымдастыру есебінен (патронаж қызметі, емдеуді аяқтау және медициналық оңалту жүйесі) стационардағы төсек жұмысының қарқынын арттыру;
стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштерін (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингі, жабдықтардың техникалық жай-күйінің және оны тиімді пайдаланудың мониторингі жүйесін, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесін жетілдіру;
жеткізуді басқару жүйесін енгізу;
есепке алынатын ақпараттың толық және өзекті болуын тексеру үшін есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгілерін қайта қарау, есептіліктің қайталануын болдырмау;
медициналық қызметтерді статистикалық есепке алудың және дербестендірілген есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымын азайту;
медициналық ақпаратты енгізу жүйесін оңтайландыру (бастапқы мәліметтерді енгізу уақытын қысқарту, шаблондарды енгізу, білім беру тренингтерін қамтамасыз ету).
3) денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру:
- денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестігін арттыру:
медициналық ұйымдарды акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешімдер қабылдауда барынша дербестік беру;
денсаулық сақтау субъектілері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ұтымды ажырату;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының арсында өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;
науқасты қараудың барлық кезеңінде сабақтастықты (медициналық қызмет көрсетудің кезеңділігі) қамтамасыз ету;
- жекеменшік секторды дамытуды ынталандыру:
денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;
артық әкімшілік кедергілерді жою;
ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың саламатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;
негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру;
- денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын жетілдіру:
денсаулық сақтау жүйесінің кадр әлеуетін дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру тетіктерін қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;
денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;
денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық білімі бар менеджерлерді тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөніндегі нормативтік базаны қамтамасыз ету және құру;
медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін және кәсібінің беделін, оның ішінде дәрігерлердің кәсіби қызметін қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық науқандар жолымен арттыру;
кәсіби бедел мен кәсіби бәсеке институттарын дамытуды қоса алғанда, дәрігерлерді кәсіби дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерінің (кәсіби ҮЕҰ) рөлін арттыру және қолдау;
медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жасауды қамтитын оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
карантиндік және аса қауіпті инфекциялар таралу қаупі болғанда медицина қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу;
- денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды дамыту:
денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру және енгізу;
ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды іске асыру.
Сонымен бірге мынадай мәселелер қаралатын болады:
әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімдерін қалыптастыру;
шалғай ауылдық елді мекендер үшін инфрақұрылымды, коммуникация мен бағдарламалық шешімдерді құру, аудандық орталықтан шалғай жерлердегі ауылдық медицина қызметкерлерінің ақпараттық денсаулық сақтау ресурсына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
жедел жәрдем бригадаларын GPS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық жәрдем бригадаларының денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қан қызметінің ақпараттық жүйесін құру;
ұлттық телемедицина желісін кеңейту.
3. Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру.
Қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер арасында ТМККК шеңберінде БМСК-қа шығыстардың айырмасын кезең-кезеңмен азайта отырып, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғаятын болады, сондай-ақ БМСК-та қосымша құрамдауыштармен тариф және ішінара қор ұстау енгізіледі.
ТМККК-ны жетілдіру оны нақтылау және оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) және БМСК көлемдерін ұлғайту жағына қарай қаржыландыруды медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қайта бөлу және мамандандырылған көмектік көлемін оңтайландыру жолымен іске асырылады. Сонымен қатар ТМККК шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту жоспарланып отыр.
Медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру медициналық жабдықты сатып алуға шығыстарды қосуды көздейді, бұл нақты келген шығындарға төлем жүргізуге, негізгі қаражатты пайдалану тиімділігін және медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру және ТМККК-ге кіретін қызметтерге заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін төмендету мақсатында медициналық қызметтердің кейбір түрлерінің
(ТМККК-ге кіретін) құнын қосымша төлеу тетіктерін жасау және енгізу
(2015 жылы) жоспарлануда.
Авариялық және бейімделген үй-жайларда, әсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту үшін мақсатты қаржы салуға үлкен мән беріледі. Дүниежүзілік Банкпен бірлескен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын одан әрі іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфроқұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар әзірленеді.
Қаржыландыруды жетілдіру мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
1) тариф саясатын және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге медициналық жабдықты сатып алуға арналған шығыстар тарифіне енгізе отырып, медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру;
ішінара қор ұстауды және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу;
қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды қысқартуға және БМСК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға қайта бөлу тетіктерін әзірлеу;
медициналық ұйымдардың ТМККК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;
ақшалай қаражаттың ағынын жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ету;
медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есепке алу жүйесін жетілдіру;
медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағдарланған сараланған жүйесін жетілдіру;
2) азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру және медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту:
ТМККК-нің қолданыстағы жүйесімен қатар қоса төлеу тетіктерін әзірлеу және енгізу;
шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды енгізу;
ТМККК-ден тыс қызмет алуға ерікті медициналық сақтандыруды дамыту;
3) денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру:
материалдық-техникалық базаны теңестіру және нығайту қағидатын іске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет қуаты жеткіліксіз өңірлерге бағытталған инвестицияларды жоспарлаудың ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;
саланың басым бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу және енгізу:
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
- заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық техниканы жеткізудің лизингтік сызбаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;
- шетелдік инвестицияларды тарту.
4. Медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы.
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарымен расталады. Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі (ішкі аудит) жетілдіріледі және клиникалық практиканың сапасын арттыру, медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жетілдірілетін болады.
1) Медициналық қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру:
денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;
сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, медициналық қызметтердің сапасын басқарудың ауруханаішілік жүйесін (CQI) енгізу;
клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу;
халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеуді дамыту;
халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы ақпарат беру жүйесін әзірлеу және енгізу;
пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетін арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу;
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін ішкі және сыртқы аудит нәтижелері негізінде рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу;
аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
2) Пациенттердің құқықтарын қорғау институтын, медициналық этиканы және деонтологияны дамыту:
барлық деңгейлерде халықаралық этика қағидаттарын енгізу және этика комитеттерін құру;
пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
дәрігер қателіктерін олардың жіктегішімен және пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру жүйесін құру және енгізу;
пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру;
ТМККК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда, отандық медицина ұсынатын әртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді әдістері туралы халықты ақпараттандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |