Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет стандарты
-
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
1) аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – 1-инспекциялар) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – 2-инспекциялар) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының және «Жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай–ақ 1 және 2-инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталарды қағаз тасығышта бекіту не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет дара және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін жиырма күнтізбелік бір күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бекітілмеген не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда квоталар берілген өтінімдерге сәйкес бекітілген деп есептеледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу кезінде мемлекеттік қызмет алушылар аңшылық алқаптарының өнімділігі және аңшылық шаруашылығын жүргізу деңгейі туралы қысқаша анықтамамен бірге осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді алдыңғы жылғы
1 қазанға дейін ұсынады.
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде мемлекеттік қызмет алушылар алдыңғы жылғы
31 желтоқсанға дейін мыналарды ұсынады:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
аулау құралдарының болуы және балықшылар саны туралы анықтама;
аумақтық көліктік бақылау органының өтінім беру күнінің алдындағы екі айдан кеш емес алынған аулаушы және көлік флотын тіркеу туралы анықтамасы;
ағымдағы жылы бөлінген квотаны игеру, ағымдағы жылы балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар саны (болған жағдайда), ағымдағы жылы балық ресурстарын қалпына келтіруге бағытталған қаржы қаражатының көлемі (мың теңгеде) туралы 2-инспекцияның анықтамасы.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан 1 және 2-инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандартқа
1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан 1 және 2-инспекциялардың кеңселеріне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;
4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.
16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе немесе мемлекеттік қызмет алушы аңшылық шаруашылығын жүргізу шартында көзделген міндеттемелерін бұзса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;
5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан 1 және 2-инспекциялардың заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 немесе 13-кіреберіс, 611 немесе 367-кабинет, электронды поштасы: fauna@minagri.kz және fisher@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 және
74-17-43 мекенжайлары бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті инспекция басшысының атына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысын туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан 1 және 2-инспекциялардың кеңселерінде ала алады.
_____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |