Белгіленген шегерімдерге арналған мамандандырылған салық режимі



бет1/4
Дата16.10.2022
өлшемі94.43 Kb.
#462824
  1   2   3   4

Белгіленген шегерімдерге арналған мамандандырылған салық режимі.

Жангали Д.

Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін белгіленген және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған (жеңілдетілген) тәртібін көздейтін, бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. Арнаулы салық режимі: 1) шағын бизнес субъектілері; 2) шаруа (фермерлік) қожалықтары; 3) заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер; 4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін көзделеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда, корпоративті (жеке) табыс салығына, әлеуметтік салыққа қатысты белгіленеді. Өзге салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу және ол бойынша есептілікті табыс ету жалпы белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін салықтарды есептеудің оңайлатылған тәртібі бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларациялар негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің әрбірі үшін оларды қолдану шарты: қызметтің эпизодтылығы, кәсіпкерлік қызметтің орыны мен сипаты, кіріс көлемі, жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің саны, жалданбалы жұмыскерлерді пайдалану ескертіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі) қызметтің кейбір түрлеріне; акциздік өнімдер өндіруге, қаржылық қызметтер көрсетуге, жерқойнауын пайдалануға, мұнай өнімдерін өткізуге, бірқатар лицензияланатын қызмет түрлеріне, филиалдарға, өкілдіктерге, заңды тұлғалардың еншілес және бағыныстағы кәсіпорындарына қолданылмайды.

Эпизодтық (бір айдан аз) сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде салық есептеулері үшін арнайы салық тәртібін қолдану құқығын және бюджетпен есептесу фактісін растайтын біржолғы талон – құжат пайдаланылады. Патент бойынша салық есептеу кезінде (мәлімденген кіріске белгіленген мөлшерлемелер көлемінде) салық төлеу сондай-ақ үлестермен жүргізіледі. Осы негізде арнайы салық тәртібі (режимі) жеке кәсіпкерлер үшін ресімделеді. Бұл ретте сәйкестік өлшемдері (критерийлері) болып мыналар саналады: 1) жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау; 2) жеке кәсіпкерлік формасында қызметті жүзеге асырушы; 3) белгілі бір көлемде жылдық айналымды шектеу. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне (тоқсандық кіріске) заңмен белгіленген салық мөлшерлемелері (жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін – сараланған түрде) қолдану жолымен дербес жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет