Белсенді оқыту әдістері Орындаған; Өркен Ш



Дата20.10.2022
өлшемі1.64 Mb.
#463058
12-А Белсенді оқыту

Белсенді оқыту әдістері

Орындаған; Өркен Ш.

Тексерген; Ташкенбаева С.Ж.

Жоспар

  • Кіріспе
  • Белсенді оқыту әдістер
  • Белсенді оқытудың тиімділігі
  • Белсенді оқытудың формалары
  • Қорытынды
  • Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

  • Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындап отыр. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

Белсенді оқыту әдістер

Белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.


Оқытудың белсенді формалары
Жұптық
Өзара оқыту сабағы
Ұжымдық
Оқу ойыны
Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк деңгейi оның алдына қойған мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей-тегжейiне жете түсiну. Белсенді оқу әрекетiнiң тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу үрдісіндегі нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу.

Белсенді оқытуың тиімділігі

  • Белсенді оқытудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның айтқан пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты – қиын тапсырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • 1.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016-жыл

    2. «Бастауыш мектеп» журналы № 1. 2016ж.

    3.Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж

Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері -. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері, оқушының танымдық ісәрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады

  • Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері -. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері, оқушының танымдық ісәрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады

Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет