Берикболова Гульсая Данияровна
Научный руководитель –Кирдасинова Касия Александровна
Евразийский Национальный Университет имениЛ.Н.Гумилева, г Астана Казахстан
Қазақстандағы еңбек нарығының даму ерекшеліктері
Елімізде жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық үлгісін қалыптастырудың негізгі заңнамалық базасы болып 1998жылы 30 желтоқсанда қабылданған “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының заңы табылады. Бұл заңда мемлекеттік саясат аясында халықты жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтары бекітілген. Мемлекет азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, қадағалап отырады. Жүмыспен қамтуда аймағында мемлекеттік саясат бағытталған: шетелдік жұмыс күштерін қолдануды реттеу арқылы ішкі нарықты қорғау; еңбек ресурстары санын көбейту; еңбек нарығында жұмыс күштеріне деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында кадрларды оқытып дайындау жүйесін қадағалап,бақылауда ұстау; кәсіпкерлік және еңбек белсенділіктеріне қолдау жасау; әлеуметтік жұмыссыздарды қорғау жүйесін жандандыру;уәкілетті органдардың қызметі негізінде,сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік және құқықтық тұлғалардың делдалдық қарым- қатынастарын дамыту;жұмыссыздар санын қысқарту үшін ұйымдастырылатын республикалық және облыстық шаралардың сәйкестілігі; жұмыспен қамту жүйесін облыстарда дұрыс әрі тиімді жүргізу;
Мемлекеттік қызмет пен жұмыс берушілердің қызметінің біртұтастығы мен реттілігін қамтамасыз ету; жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында халыаралық келісімшарттарды ұйымдастыру;жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;
Елімізде жұмыссыздар саны 2010 жылы 5,8%-дан 2011 жылы 5,4%-ға дейін қысқарды. Ал жұмыспен қамтылғандар саны керісінше 8144мың адамнан 8466 адамға дейін көбейді. 2011 жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 235 мың қазақстандықтар жұмысқа орналасқан. Өткен жылы 274,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылды,оның 128,2 мың жұмыс орындары ауылдық жерлерден ашылған. Мемлекет заң негізінде жұмыс берушілер мен жұмысшының қатысуымен жыл сайын еліміздің даму жөнінде стратегиялық жоспардың негізінде жұмыспен қамту бағдарламасын жасап отырады. Осы бағдарламада қарастылады:
-жұмыскерлер санынның азаюына қарсы шаралар жүйесін;
-еңбекке жарамсыз,мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін ұйымдарды құру;
-қосымша жұмыс орындарын қалыптастыратын жекеменшік кәсіпорындардың дамуына және тұрақтандыруына қолдау көрсету;
-нарық жағдайына сай мамандарды даярлау және жұмыссыздарды қайта даярлаудың икемді жүйесін құру;
-қоғамдық,әлеуметтік жұмыс орындарын құруды жандандыру;
-аймақтарда жұмыспен қамтуда туындайтын проблемаларды шешуде жергілікті басқау органдарының рөлін арттыру;
-Жұмыс беруші тұлғалардың жұмыспен қамту сұрақтарын шешуде өкілетті мемлекеттік органдарының қызметінің ықпалы;
-жұмыспен қ амту туралы ақпараттардың толық әрі дұрыс болуын қадағалау;
-инвестициялық бағдарламалар аясында қосымша жұмыстарын құру секілді бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады. Осы жұмыспен қамту бағдарламасының дұрыс іске асырылуын қадағалайтын негізгі көзі Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі көрсеткіштер болып табылады.
2011 жылы әлеуметтік серіктестік ұйымдарын дамытуға, еңбек заңының іске асырылуына және ұжымдық келісімшарттар жүйесіндегі кәсіпорындарды дамытуға байланысты шаралар іске асырылды. 2012 жылы 1-ші қаңтарда ұжымдық келісімшарттар жүйесң 53,8мың кәсіпорындарды қамтыды.
Сонымен қатар, еліміздегі тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге байланысты шаралар қабылданды. 2011 жылы 1-ші маусымнан бастап мемлекеттік бюджеттік салада жұмыс істейтін 1 млн 300мың мамандардың жалақылары 30 %-ға көтерілді. Осы саладағы мамандардың алатын орташа жалақы мөлшері 52мың теңгеден 61,5мың теңгеге дейін өсті.
2011 жылды1-ші қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 30%-ға көтерілді. Осының арқасында зейнетақының орташа көлемі 35829 тенгені құрады. 2011 жылы әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 9%-ға өсті.
Енбек нарығының бастапқы шартына сай жұмыс күшін жедел оқыту мен сұранысты талдау,мемлекеттің және жеке кәсіпорындардың жұмыс орындарын ұсыну,сондай-ақ жұмыспен қамту мен жұмыс орындарын таңдаудағы тұрғындардың бағытын анықтау енбек нарығының бастапқы шартына сай келеді. Қазақстанда еңбек нарығын реттеуде қаржылық-несиелік тұтқаларды кеңінен қолдану өндіріс элементтерін бөлудегі ойланған және нақтыланған саясатқа алып келеді. Сонымен қатар экономиканың барлық секторындағы шаруашылық қызметтерінен түсетін табыстың дұрыс әрі толық есебін қадағалауда мемлекеттік бақылау жүйесі қажет.
Еңбек нарығының тағы бір маңызды функциясын атап кеткен жөн, ол өндірісті экономикалауды және мемлекеттік секторды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, жұмыс күштерінің ішкі өндірістік резервтерін дайындауда әсер етеді.Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық саясатында және экономикалық өмірінде маңызды бетбұрыстар болуда. Өткізілген реформалар әлеумет-еңбек сферасын жаңғыртты.
2011 жылы Елбасының тапсырмасына сай “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл бағдарлама тұрғындардың кірістерін тұрақты жұмыспен қамту арқылы шешуге бағытталған.
2012 жылы 1-ші қаңтарда бағдарламаға қатысу үшін 58 мың тілек білдіуші адамдар әлеуметтік келісімшартқа отырған. Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 69,2мың адамды оқып білімдерін жетілдірген. Бос жұмыс орындарының вакансиясына 6,2мың адам жұмысқа оналасқан. Елімізде 3,4мың жұмыс беруші ұйымдар және кәсіпорындармен келісімшарт арқылы 16,2мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан. Олардың орташа жалақы мөлшері айына 45,7мың теңгені құрады.
Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша 4,6мыңнан астам адам кәсіпорындарын ашу мақсатында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, оның ішінде 1435 бағдаламаға қатысушыларға микрокредит берілген. Берілген микрокредиттің орташа мөлшері 1682мың теңгені құрап отыр,
Бағдарламаның 3-ші соңғы бағыты бойынша 212 жекеменшік тұрғын үйлер және 13 көпқабатты пәтерлер салынып, пайдалануға берілді.
2012 жылы “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасына 100мыңнан астам қазақстандықтар қатысты.
Бағдарламаның қоғамға әсер ететін негізгі факторлары:
-жұмыс күштерінің көп босатылуы;
-кәсіпорындарды жасанды түрде салықтарды төлей алмау қабілетсіздігі;
-мемлекеттік күрделі қаржы салымдарының күрт қысқаруы және жеке және заңды тұлғалардың инвестицияға салынатын өнімдерінің болмауы;
-экологиялық өндірістердің тоқтауы;
- миграциялық процесстердің көбеюі және т.б.
Аймақтық еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты төмендететің өзіндік себептері бар. Олар:
-еңбекке қабілетті тұрғындардың миграциясы;
-аймақтардағы кәсіпорындардың мүмкін болатын банкроттарға ұшырауы;
-табиғи және антитабиғи факторла;
-аймақтардағы салалық шаруашылық құрылымы.
Облыстарда еңбекті басқару,аймақтық деңгейде әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту уәкілетті және атқарушы органдар арқылы іске асырылады.
Баршамызға белгілі, 2008-2009жылдары әлемдік дағдарыс Қазақстанға әсер етпей қоймады. Елімізде өндіріс екпінің төмендеуі, инфляцияның өсуі байқалды және жұмыспен қамту күрт азайды. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет жұмыссыздар санының күрт өспеуі үшін бірнеше маңызды шаралар іске асырылды. 2009-2010 жылдар аралығында республикада аймақтық жұмыспен қамтуды және кадрларды қайта даярлау мақсатында « Жол картасы» деп аталатын Стратегия жүзеге асырылды.
Бұл бағдарлама ел тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп қана коймай, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіндегі және инфрақұрылым саласындағы мерзімі жеткен проблемаларды шешуге өз септігін тигізді. 2009жылы 486 су құбырлары мен канализация нысаны,122 жылу жүйелері,45 электрлік нысандар және 20 газ құбырлары күрделі жөндеуден өткізілді.2010 жылы 192 елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сөйтіп аймақтарды жұмыспен қамту Страегиясының іске асырылуы 2009 жылы 258,6мың жаға жұмыс орнының,ал 2010жылы 133мың жаңа жұмыс орнының ашылуына арқау болды.
2011 жылы бағдарламаның барлық құрылымы мақұлданды, аудан және облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және елордамызда тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары бой көтерді.
Инвестициялық мүмкіндіктердің шектеулігін есепке алсақ,еңбек ресурстарын қолданатын инвестициялық факторлар экономикалық өсудің негізі бола ала алмайды. Еңбек нарығының сферасы әлеуметтік шиеленісушіліктің нағыз қайнар көзі болып қана қоймай, осы шиеленісті шешудің нағыз негізгі жолы да өзі болып табылады.
Әлеуметтік-саяси жағдай кезеңінде жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіші орын алса, ол әлбетте тұрақты қоғамның орын алды деген сөз. Алайда біз оны орын алып отырған жұмыспен қамтудың өзгермейтін үлгісі, оның құрылымын өзгертуді жоққа шығару және кәсіпорыннан жұмысшыларды шығарудан бас тарту дегеніміз емес. Осы кезде күшті әсерін беретің еңбекті тұрақтандырудың және кәсіпорындарда жұмыс күштерінің өзгерісінің босатылуының негізін қалап қана қоймай,өндірістік,кәсіпкерлік белсенділікті жоғарылату процесінде жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін және экономикалық өсуді тұрақтандыруды қолға алған жөн.
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін,жұмыспен қамтамасыз ету үшін қажет:нарықтық қадағалау; күрделі қаржы жұмсау үшін ақша жинақтау;
өндірушілер үшін қолжетімді несиелендіру жүйесі;төлемқабілетті сұранысты кеңейту; ақша шаруашылығы және қаржы жүйесінің тұрақтылығы;макроэкономикалық тепе-теңдіктің болуы;материалды қызығушылығы бар жұмысшыларды қамтамасыз ету, қажеттілігін дамыту;қазіргі заман талабына сай инфрақұрылым жүйесің кеңейту:халықаралық еңбек бөлінісіне мүмкіндік беретін икемді ішкіэкономикалық саясат,ішкіэкономикалық қатынастарды ішкі басқа қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану,ол отандық өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатады. Сол уақытта елімізде орналасқан шетелдік монополистік фирмаларға қарамастан,қазақстандық тауарлардың нарыққа шығу мүмкіндігі туады. Бұл талаптардың орындалуы шаруашылық құрылымдардың мемлекеттік қызметтегі органдармен үйлесімді жұмыс жасаған кезде болады.
Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау кең мағынада болуы керек және квалификациялау мен қайта квалификациялауды жоғарылату мүмкіндігі,сапалы да перспективалы жұмыс орындарында талаптарды күшейту,минималды еңбек жалақыны көтеру, өндіріс орындарында жұмысшылардың жарақаты үшін материалдық және құқықтық жауапкершілікті күшейту болып табылады.Бұл шарттардың өсуі экономикалық өсу негізінде ресурстық қамтамасыз етуді күшейту болып қана табылмайды, сонымен қатар бұл сұраққа қатысты заңдар мен сәйкес қоғамдық пікірлердің өзгерісін білдіреді. Жұмыспен қамтудағы әлеуметтік-экономикалық үлгі өтпелі экономиканың шартына сәйкес шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының құрылуына әкеледі.
Жалпы экономикалық факторларға сай, жұмыспен қамту үлгісінің дамуына мына себептер үлкен әсерін тигізеді: еңбек ресурстарының және жұмыс орындарының өсу дисбалансы;барлық тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі сақталуы;әйел адамдарының шектен тыс жұмысбасты болуы;материалдық өнім өндіруді төмендететін экономиканың секторлары мен сфераларында еңбек ресурстарының рационалды емес қозғалысы;тұрғындардың депрофессионалдылығы және профессиональды-квалификациядық еңбектегі жұмыспен қамтудың дисбалансы;квалификациялық кадрлардың республикадан эммигрциясы және квалификационды емес жұмысшылардың иммиграциясы;мемлекеттің экономикалық секторында тұрғындардың еңбек мотивациясының төмендеуі|;мемлекеттің әлсіз әрекеті жеткіліксіз қаржылық қамтамасыз ету бағдарламасына әкеліп, еңбек нарығында мемлекеттік құрылымның шығындалуына соқтырды.
Осындай жағдайда жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық үлгісінің дамуы қазіргі жағдайда еліміздің экономикалық жағдайын жақсарту арқылы жоғарылату деп түсіндіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система – Алматы: Гылым, 2000.
-
Казахстанская модель социально-экономического развития: научные основы построения и реализации / под ред. М.Б. Кенжегузина – Алматы, ИЭ МОН РК, 2005.
-
www.stat/kz
Достарыңызбен бөлісу: |