Абаева Мереке Данияровна
ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫН САҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде жас ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Сол себепті, музей қорын жинау, оны жүйеге түсіру, коллекцияның есебін алып, сақтау музейдің негізгі жұмысы. Осының барлығы – қор сақтаушылардың еңбегінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Алматы қаласының музейлерінде, туындылар жайында біраз мағлұматтар жинай отырып, сақтау қорларымен таныстым. Негізінде музей қорындағы туындыларды автор музейге сақтау үшін береді немесе сыйлыққа тарту етеді, немесе музей өз қорын байыту мақсатында сатып алады. Сол үшін оған арнайы паспорт жасалып толтырылады. Паспортқа оның құндылығына байланысты мұражайдың қүндылық белгісі беріледі және автордың аты-жөні, туындының атауы, қашан жасалғаны, орындалу техникасы, жылы, қандай бағаға сатып алынғандығы, көлемі және паспортқа қандай номер берілгендігі, паспорттың қай күні ашылғандығы жайлы мәліметтер толық жазылады.
Туынды сол күннен бастап сақталып, мұражайдың қарамағына өтеді. Паспорттың екі данасы жасалады. Бір данасы бас қор сақтаушыда, екіншісі қор сақтаушыда болады. Туынды өзінің арнайы орнына орналастырылады.
Сақтау режимі. Туындыларды сақтау камерасында температураны өлшейтін арнайы құрал болу керек. Сол құрал арқылы, осы камераның температурасын бақылай алады [1, с. 12].
Камераның ішіндегі температура +18° +20° болуы қажет. Туындыларға өте зиянды нәрсе ол күннің жарық сәулесі болғандықтан сақтау камерасының терезелері арнайы кішірек етіліп жасалынады және зиянсыз электр жарықтарын пайдаланады. Сонымен қатар өнер туындыларға кері әсерін тигізетіндерге микроорганизмдерді жатқызамыз. Микроорганизмдер кескіндемелерді кеміріп жеп, кескіндеменің құндылығын жойып жібереді. Микроорганизмдерге қарсы, ай сайын дезенфикациялық тазалық жұмыстары өткізіліп отырады. Өнер туындыларына зиянын тигізетін шаң болып табылады. Шаңды болдырмау үшін тазартулар жүргізіліп отырады. Олар 3 айда бір рет болады.
Жәдігерлер арнайы шкафтарда сақталады. Оларды тік тұрғызып сақтау керек, егер олай сақтамай, бір-бірінің үстіне қабаттап жинап қойса, астындағы туындыларға зиян келеді. Сондықтан шкафтарда сақтау тәсілі өте қолайлы. Туындыны шкафқа салған кезде беттерін бір-біріне қаратып қояды және туындыларды іздеген кезде оларды тез тауып алу үшін шкафтарда арнайы тізімі болады. Осы тізім арқылы, туындыларды тез аралықта қопарыстырмай тауып алуға болады.
Әр туынды орындалу технологиясына қарай әр түрлі тәсілде сақталады. Мысалы: майлы бояу тік сақталады. Егер тік сақталмаса, кенеп өз қалпынан бұзылады. Бетіндегі бояулар түсе бастайды. Яғни, бұрынғы қалпынан мүлдем өзгереді. Майлы бояуға жарық қажет. Ал графикаға жарық қажет емес. Оның қараңғы жерде сақталғаны жөн [2, с. 12].
Сонымен қатар, графикалық туындылар сақталған шкафты ашып, айына екі рет таңертеңннен кешке дейін ауа кіргізіп қою керек. Бірақ кешке қайта жауып қояды. Ашып қойған кезде күн сәулесі немесе жарық түспеуі қажет. Ал өнер туындыларын қайта қалпына келтіру кезінде біріншіден, өнер туындыларын көрмеге апарардың алдында жаңғыртушының көмегімен тазалау жұмысы жүреді және көрмеге апарар алдында арнайы карточка ашылады. Карточкада көрмеге қойыларға дейінгі оның жағдайы және қай автордың туындысы, алынған жылы, тағы қысқаша тарихы баяндалады. Туындылар көрмеге қойылғанда арнайы әйнектердің астында тұруы қажет. Көрмеде тұрған жәдігерлердің жаңғыртушының көмегімен тазартып тұруы керек. Туындыларды көрмеге үш айдан артық ұстауға болмайды, ауыстырып тұру қажет.
Туындыларды қалпына келтіру тазалаудан басталады. Содан кейін технологиялық жұмыстар басталады. Туындының қағазына байланысты оған арнайы кілей (желім) қолданылады. Желімнің құрамында жоғары сортты ұн, глицерин, желатин, тазартылған су, этил спирті, антисептин, спентохлор, фенолят, натрий т.б. болады. Қалпына келтіру орнында химиялық бұрыш болу керек. Майлы бояу, графика, пейзаж жасалу технологиялары әртүрлі болғандықтан, оларға әртүрлі технологиялық әдістер арқылы жұмыс жүргізіледі [3, с. 58].
Туындыларды жаңғырту орны жұмыс істеуге ыңғайлы болу керек. үстелдер кең және жалпақ болуы тиіс. Қалпына келтіру тәсілдер:
1. Туындыны тазалау, тазалау құралы өте жұмсақ әрі майда болуы керек. өйткені жәдігердің бетіндегі бояуын қырып, өшіріп кетуі мүмкін.
2. Бүлінген туындының бүлінген жерлерін, егер туындының қағазының бір жері жыртылса, оған өзіне ұқсас қағазбен жамау керек. Жапсырылған қағаз көзге көрінбеу керек. Өйткені сол жыртылып қалған бөлшекте суреті бірге кетеді. Оны қалпына келтіруші шартты түрде суретті салып қоюға болады. Немесе бояуы үшкін, бет әлпеті танылмаса бояуларды қайта орнына келтіруге болады. Енді артқы бетіне көшетін болсақ бүктелген жәдігердің бүктелген жерлері сызық түсіп, жыртылып кету жағдайында болады. Сол себепті оған желім жағып, арнайы материалмен жабыстырылады. Жабыстырылып болған соң қағаздың қалыңдығына байланысты тура сондай қағазды артқы бетіне жабыстырамыз. Осы әдістерді жүзеге асырған соң 3. 3 тәсіл: преске саламыз, қатты салмақпен бастырылған қағаз өз қалпына келеді. Престің табаны тегіс болу керек. Оған арнайы тақтай салып, жәдігерді киіз сияқты материалмен орап престің астына саламыз. Престен шыққан соң жәдігердің астына және үстіне жұқа қағазбен жауып, кептіру амалын істейміз. Егер жәдігер өте қатты зақымданған болса, оны жұмыс үстінде фотоға түсіру керек. Жәдігерді жасап болғаннан кейін оны қайтадан фотоға түсіру керек. Жаңғырту кешенінде жәдігерлер қайтып қабылданады. Берген аұқтыға қайтып келген заттардың қайтып келгені белгіленеді. Жәдігерлер орнына қойылады [4, с. 87].
Туындылар арнайы жасалған шкафтарда сақталу қажет. Ол шкафтар арнайы жасалады. Экспозицияда тұрған жәдігерді айына бір рет жаңғыртушының көмегімен тазарту жұмыстарын жүргіземіз. Экспозицияға жіберер алдында арнайы комиссия құрылып, оны жаңғырту керектігіне шешім қабылдайды. Комиссия мүшесі тоғыз адамнан тұрады. Ол жаңғыртушы, яғни қор сақтаушы, бас қор сақтаушылардың шешімімен жүзеге асады. Содан кейін, оған арнайы карточка, яғни акт толтырылады. Актіде жәдігердің аты, оның құндылық белгісі, жылы, авторы, көлемі, қай күні музейге қабылданғаны, қысқаша тарихы, бағасы және мұражайға келер алдындағы түр-сипаты жазылады, және енді көрмеге барар алдында қандай жағдайда болды, неше рет жаңғыртушының көмегімен қалпына келтірілді, сосын көрмеден келген жәдігер карточкаға мағұлмат жазады. Ол мағлұматта көрмеден келгеннен кейінгі жағдайы қандай болғаны да жазылады .
Көркемөнер туындылары сақтайтын орында графика, парандай, майлы бояудан басқа, газет-журналдар, конверттер, қолхаттар сақталады. Олардың сақталу ерекшеліктері әртүрлі. Жәдігерді жаңғырту барысында автордың қолынан басқа сызылған сызық немесе бояу жаңғырту барысында жаңғыртушының көмегімен алынып тасталады. Жәдігер дұрыс сақталмаса беті сарғайып кетеді. Жаңғыртушыға барар да фотоға түсіреді. Жаңғыртуға дейінгі және жаңғыртудан кейінгі болып бөлінеді [5, с. 101]. Қайта қалпына келтірушіге барар алдындағы түрінен мүлдем өзгеріп келеді. Жаңғыртушы өзінің дәрежесін көтеру үшін білімін арттыру мақсатында, жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланады. Сол арқылы кейінгі жаңғыртушыларға өз әдісін үйретеді. Әр жаңғыртушының өзіндік құпия әдіс-тәсілдері болады. Оны тек өзі ғана біледі.
Қорыта келгенде Алматы қаласы музейлеріндегі суретшілердің картиналарын сақтау және қайта қалпына келтіру іс-шаралары бейнелеу өнерінің үздік туындыларын сақтау ғана емес, сонымен қоса тарихтағы ірі тұлғалар мен мәдениет саласының даму тарихы жайлы ақпарат беру болып саналады. Өнер туындыларын өңдеу кезіңде жаңа жәдігерлерді жасап шығару үшін әр түрлі желімдердің түрі қолданылады. Сол үшін сапалы (желімдер) лактар жасап шығаруы тиіс және оларды қалай жасалғанына қарап пайдалану қажет. Мысалы: жәдігерге сапасыз майлы бояу немесе әр түрлі сапасыз лактың түрлерін қолданса, біраз уақыт өткен соң жәдігерлер өз сапасын жойып, салынған сурет сарғайып, үгіліп түсіп, өз құныдылығын жойып жібереді.
Ал жәдігерлерді өңдеп шығару үшін төмендегідей ережелерді қолдану керек. Жәдігерді өңдейтін майлы бояу немесе лак, түссіз және жұқа жағылып өтуі тиіс. Майлы бояу немесе лак жабыспақ және сұйық болмау керек.
Өңделіп шығарылған жәдігердің бетін жауып, шаңнан қорғап және ұсақ жәндіктерден, суға тигізбей және газы бар жерге қоюға болмайды. Жәдігерді күн сәулесінің астына қоюға болмайды. Осы жәдігерлерді өңдеуге арнайы лактар жасалынып шығарылады. Майлы бояу және лак сапалы әрі жәдігерге қонымды болуы тиіс [6, с. 158].
Майлы бояу, лактардың өз маркалары номерлары болуы тиіс. Олар: Ф-42; Ф-32 Л; 12, 31 AC - 528 және БМК-5/4, 4/5 және тағы басқа түрлері өте көп. Лактау, майлы бояудың бұл түрлері ең сапалы, және көп уақыт сақталатын, қонымды, төзімді түрлері болып табылады. Бұл түрлері басқа лактар мен майлы бояудан айырмашылығы немесе ерекшелігі күн сәулесіне төзімді. Сондықтан осы лактардың түрлері өте жақсы көрсеткіш көрсетіп, ең сапалы деп танылып отыр және технологиялық жағынан ең сапалы болып табылған лактың түрі маркасы АКО номері (45-80 жєне 45-66). Осы АКО лагының түрі мына маркалы ПФ-060, лагымен араластырылып, қолданылады. Себебі бұл екі маркалы лак бір-біріне жақсы сәйкеседі және жәдігерлерді өңдеуге өте ыңғайлы түрлері деп санайды суретшілер.
Осы лактардың тағы бір түрлері олар кремді лактар. Олардың маркасы: ФЭС-60; ФЭС-66, ФЭС-80 және молекулалық түрі бар, ол ФЭС-98; оның салмағы 1580. Лактардың құрамында спиртті түрлері бар. Олар өте сапасыз және жәдігерлерге қонымсыз болып келеді.
Лактар технологиялық жағынан да бірнеше түрлі болады. Оның бір түрі АКО. Ол таза майлы бояу болып табылады. АКО майлы бояуының қасиеті, жәдігерді өңдеуге өте ыңғайлы және өңдеп болған соң тез кеуіп, басқа майлы бояу немесе лактарға қарағанда тез ериді. Еру температурасы +40; +55[48].
Ако майлы бояуының ерекшелігі өте жылтыр, нәзік түсті болып, физикалық-технологиялық жағынан жоғарғы көрсеткіш жасап отыр. АКО майлы бояуымен өңделген жәдігер өте сәнді, түсі әдемі нәзік болып келеді. АКО майлы бояуы таза майлы қоспалардан жасалған. АКО майлы бояуының қаттылығы 0,52-0,62, салмағы 50 кг/см. Нәзіктігі 1 мм майлы бояулар негізінен, көп уақытта жәдігерлерді өңдеу ретінде қолданылады. Осы АКО майлы бояуын мына маркалы ИПК-3 бояуымен салыстырып көрген. Күн сәулесін және су тигізіп, екі бояуды +40° ыстыққа қойғанда және 80% су тигізген сәтте АКО майлы бояуы өте төзімді әрі сапалы болып анықталған. Осы кезде ИПК-3 майлы бояуы дереу сарғайып, озінің жылтырын жоғалтып, жәдігер сол сәтте отырып кетті. өте сапалы майлы бояудың құрамында механикалық және химиялық заттардың құрамы көп болады. Ал осы құрамында химиялық заттары аз немесе сапасыз жасалған майлы бояу түрлері жәдігерді өңдеген кезде біраз уақыт өткен соң дереу жәдігерді сарғайтып, құндылығын жойып жібереді. Сапасыз жасалған майлы бояу өте жабысқақ, өшкін және сарғайған болып келеді.
Соңғы зерттеуге Қарағанда АКО майлы бояуы дүние жүзінің 80% суретшілері жәдігерлерді өңдейді екен. АКО майлы бояуымен әсіресе өте қатты ескіріп, сапасы нашарлаған, құнды жәдігерлерді өңдейді. Осы АКО майлы бояуымен өңделіп болған жәдігер әйнек терезенің (арнайы) астына қойып кептіріп және қараңғы шкафта +40°С температурасында кептіріліп отырады және әр кезде температурасы өлшеніп отыруы қажет. 100% кептірілгенше осы әйнектің астында немесе арнайы жасалған қараңғы шкафта тұру қажет. Әр түрлі бояулармен өңделген жәдігерлер әр уақытта ескіріп отырады. Ал АКО майлы бояумен өңделген жәдігердің 98% басқа майлы бояулар мен салыстырғанда өте көп уақытқа дейін сақталатын көрінеді [7, с. 67]. Туындылардың ескірген түрлерін арнайы аппаратпен тексеріп, олардың қандай майлы бояу түрлерімен өңделетінін анықтайды. Жәдігерлерді өңдеген кезде олардың бетін жылтырату ретінде 9Б-2 майлы түссіз бояуы қолданылады. Әр түрлі майлы бояумен өңделіп, жылтыратылған жәдігерлердің 90% уақыт өте келе сапасын жойды. Соның ішінде АКО майлы бояуының жылтыратқыш түрі бар. Ол өте түссіз, қою, нәзік, жылтыр болып келеді. Уақыт өткен кезде олардың 50% өз сапасын жояды. Жәдігерлерді өңдеп болған соң 10 тәулік бір-бірімен салыстырады. Әр түрлі температурада, әр түрлі күн сәулелерінің астында және сулы жерлерде. Осы тексеру барысында да қай майлы бояу өте құнды және сапалы екенін анықтайды.
АКО майлы бояуы нағыз сапалы майлы бояу болып табылады. Әр түрлі температурада шыдап, қараңғыда да жарықта да төзімді. АКО майлы бояуымен өңделген жәдігерлер ерекше әдемі, жаңадан сызық болған қалпындағыдай болады. АКО майлы бояуымен әсіресе тым қатты ескірген, ертеден келе жатқан жәдігерді өңдейді. Жәдігер сәтті өңделсе оларды әр жерлерге көрмеге апарып қояды, және атақты немесе лауазымы жоғары адамдарға сыйға тартады. Әр түрлі өнер туындылары әр түрлі майлы бояумен бояп, өңдегендіктен, олар әр түрлі уақытта ескіреді және өз сапасын жояды. Туындыларды авторлары неғұрлым сапалы майлы бояулармен салса, соғұрлым өте сапалы және көп уақытқа шыдай алады.
Аса қатты кірлеген және қатты ескірген өнер туындыларын аса байыппен, үлкен жауапкершілікпен өңдеу қажет. Ал осы өнер туындыларын жай бір адам өңдеп шығарса ол өте сапасыз, біраз уақыт өткен соң бұрыңғысынан әрі ескіріп, тозып ыдырап өз құндылығын мәңгілікке жойып жібереді. Жәдігер немесе туындыларды өңдеген кезде өте абай болған жүн. Себебі кейбір туынды өте ертеден келе жатқан, көп сақталған және өте қымбат туынды болса, оны бүлдіріп алған жағдайда қайта өз қалпына келтіру мүмкін емес. Туындыны қайта өңдеген кезде ол мүлдем өз қалпынан өзгеріп, басқаша болып кетеді. Туындыларды өңдеу барысында, арнайы бөлмеде отырып өңдейді. Соңғы кездері туындыларды өңдеу бір топқа топтастырылып отыр. Әсіресе майлы бояумен сызылған туындыларды өңдеу өте қиынға соғады.
Туындылардың ішіндегі осы майлы бояумен салынып және өте ертеректен бері авторлары белгісіз болып келген туынды түрлері өте көп. Олардың ескіргенін арнайы аппаратураға салып білеміз немесе туындылардың бояулары өшкін, суреттердің шет жақтары әсіресе нәрсе тиген жерлері ыдырап кетеді. Осыған қарап олардың ескіргенін білеміз. Сапалы (сызылған) туындылар немесе жәдігерлер көп уақытқа дейін қайтадан өңдеуді қажет етпейді. Қайта өңделіп шыққан туынды сапалы майлы бояумен өңдеу арқылы өзінің бұрынғы қалпына қайта келтіруге болады.
Ал тым ертеден сақталып келе жатқан туындыны өңдеу өте қиынға соғады. Себебі сол кезеңдегі майлы бояу түрі немесе лак басқаша болса, өңдер кезінде осыған сәйкес немесе тура сол сияқты майлы бояу және лақ түрімен өңдеп қалпына келтірген жөн. Кейбір қатты ескірген туындылардың бояуы өшіп, яғни сызылған жері өшіп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда ол жерін өте абайлап, үлкен тәжірибесі бар және жауапкершілігі мол суретші немесе жоғары маман осы жәдігерді өңдеу тиіс. Туындының өңі өшіп жоғалып кеткен жерін орнына келтіру ол өте сапалы майлы бояу және сапалы лак түрін қажет етеді [8, с. 181].
Міне осылай жәдігерді немесе туындыны өз қалпына келтіреді мамандар. Өңдеу кезінде оның сызу түрлеріне аса мән беру керек. Себебі бір сызықжуан, ал бір сызық орташа болып келеді. Жәдігерді өңдеу барысында осы сызықтардан немесе майлы бояу, лактардан қате жіберіп алмау керек. Ал қателескен жағдайда ол жәдігер ескі, авторы белгісіз немесе қайтыс болған болса, ол туындыны қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сол себепті осы жәдігермен немесе туындымен суретші немесе маманы жоғары жәдігер өңдеуші айналысуы қажет. Ал бертін уақытта сызылған жәдігер болған жағдайда оны қалпына келтіру оңай болады.
Қорытындылай келгенде, жәдігерімізді жаңғырту оны қалпына келтіру туындыларды сақтап қалудың және насихаттаудың негізгі тәсілі болып саналады. Олар жәдігердің құндылығын жойып жібермеуіне тосқауыл болады. Жәдігерлер өте ұзақ уақыт сақталу керек болғандықтан оны жаңғырту әдісі өте сапалы, үлкен жауапкершілікпен жаңғыртылады және кейінгі ұрпаққа жәдігерді сол қалпында жеткізу мүмкіндігін тудырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ибраева А.Ғ Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесі (1831-2006 жж.) – Астана, 2010.
2. Восстановление памятников культуры. Проблемы реставрации. // Сборник статей под. ред Лихачева Р.А – Москва, 2011.
3. Фармаковский М.В. Консервация и реставрация музейных коллекции. – Москва, 1974.
4. Никитин.М.К, Мельникова.Е.П. Химия в реставрации. - Москва, 1990.
5. Тайман С. Қазақстанда мұражай ісінің даму тәжірибелері және проблемалары (1946-1970 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дисс... – Қарағанды, 1999.
6. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. – Алматы, 1982.
7. Коссова И.М. Тенденции и перспективы развития клубных форм работы. Конспект лекций. – Москва, 1988.
8. Разгон А.М. Научное описание музейных предметов. – Москва, 1954.
Достарыңызбен бөлісу: |