Бес күндік оқу жүйесі көптеген дамыған елдерде ертеден қалыптасып жүйеге қойылған. Менің ойымша, бес күндік оқу аптасын енгізу оқушыға да, ата-анаға да, педагогке де тиімді. Себебі, оқу жүктемесі ауыр
Бес күндік оқу жүйесі Бес күндік оқу жүйесі көптеген дамыған елдерде ертеден қалыптасып жүйеге қойылған. Менің ойымша, бес күндік оқу аптасын енгізу оқушыға да, ата-анаға да, педагогке де тиімді. Себебі, оқу жүктемесі ауыр. Бұл балалардың денсаулығына да әсер етеді. Сондықтан бір күн демалыс балалар үшін аздық етеді. Отбасы — тәрбие бастауы. Демалыс күндері балалар ата-анасының қасында болғандары дұрыс. Сондай-ақ, сенбі күні балалардың қосымша білім беру орталықтарына барып, шығармашылық жұмыстармен айналысуына, тіл үйрену курстарына қатысуына мүмкіндігі болады.
Айта кетерлік бір жайт, бес күндік оқу апталығы еліміздегі кейбір мектептерде бұрыннан бар. Мәселен, Алматы қаласындағы №82 жалпы білім беретін аралас мектепте бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу апталығымен оқиды. Алайда басқа мектептерге қарағанда күнделікті сабақтан бір сағат кеш шығатын көрінеді. Яғни мектеп әкімшілігі сенбі күнгі сабақтың жүктемесін басқа күндерге сыйғызуға тырысқан. Еліміздегі заңгерлердің көбі «оқушылардың мектептегі және мектептен тыс жерлердегі, факультативтік және үйірмелік сабақтарға бөлетін апталық жүктемесі белгілі бір уақыттан аспауы керек. Оқушылардың апталық жүктемесінің көбеюі олардың денсаулығына кері әсер етеді. 1-сынып оқушысының апталық оқу жүктемесі 24 сағаттан, 2-сынып оқушысының сабақ жүктемесі аптасына 25 сағаттан, 3 және 4 сынып оқушысының жүктемесі 29 сағаттан, 5-сыныптікі 32 сағаттан, 6- сыныптікі 33 сағаттан, 7-сыныптікі 34 сағаттан, 8-сыныптікі 36 сағаттан, 9-сыныптікі 38 сағаттан, 10-11 сынып оқушысынікі 39 сағаттан аспауы керек» деген болатын. Алайда оқушылардың апталық жүктемесі арнайы заңмен бекітіле тұра, көп жағдайда бұл талап сақтала бермейтіні де айтылған. Мәселен, 1-сыныптың оқушысы аптасына 24 сағат уақытын ғана сабақ оқуға бөлетін болса, онда не үй тапсырмасын бермеу керек, не сабақ уақытын бес күндікке ауыстыру керек еді.
Бес күндік білім жүйесінің бір ғана кемшің тұсы Мұғалімдердің айлық жалақысының қысқаруы. Мұғалімде сенбі күні демалатын болғандықтан бұл айлықтың қысқаруына жол береді. Десекте көш жүре келе түзелетінін ескерсек бұл мәселеніде Білім министрлігі өз шешімін тауып, бір ізге салатыны даусыз.