«Бәсекелестік ортаны дамыту жолында»
Өткен жылы облыстық қаржы басқармасы өңіріміздегі коммуналдық меншік нысандарына түгендеу жүргізді. Соның корытындысына сәйкес нысан саны 7062 бірлікті, ал олардың құны 133,8 млрд.теңгені құрады.
Қаржы басқармасы тарапынан коммуналдық меншік нысандарын теңгерім ұстаушылардың тиімді әрі мақсатқа сай пайдалануды қадағалаумен қатар, коммуналдық меншік нысандарын иесіз қалаған мүліктерді мемлекеттік меншікке алу арқылы толықтыру бағытында бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Соған байланысты иесіз мүлік орналасқан ауданда жергілікті атқарушы билік мүлікті иесіз ретінде әділет органдарында тіркетіп, бір жыл мерзімнен кейін сотқа жүгіну арқылы мемелекет есебіне қабылдайды. Сәйкесінше қаржы басқармасы мемлекеттік мүлік тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді. Бұл жұмыстар басқарма тарапынан үнемі бақылауда әрі жалғасын табады.
Қазіргі таңда Елбасымыздың Үкіметтің алдына қойған тапсырмалардың бірі – бәсекелестік ортаны дамыту үшін мемлекеттің қатысу үлесі бар мекеме-кәсіпорындарды мейлінше азайту бағытында жұмыстар жүргізу. Соған орай мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі жүзеге асырылды. Мониторингтің негізгі мақсаты өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржылық-экономикалық, құқықтық, экологиялық және басқа да параметрлер бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқару тиімділігінің кешенді талдауы және мемлекеттік мүлік жағдайын біртұтас бағалау болып табылады. Өткен жылы облыстық қаржы басқармасы 24 мониторинг нысанының тізбесін белгіледі. Оның қорытындысы бойынша ұсынымдар мен кәсіпорын қызметін одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданды.
Былтыр басқармамен коммуналдық объектілерді сату, жалға беру, мемлекеттік заңды тұлғалардың таза табыстарың бір бөлігін аударуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында қазынаға 38,4 млн.теңге түсім түсуі қамтамасыз етілді. Жекешелендіру бойынша 69 автокөлік және бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесін сату бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 41 автокөлік 6,9 млн.теңгеге сатылды. Жалға беру бойынша 2013 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 70 мүліктік жалдау шарттары әрекет етті. Өткен жылы облыстық коммуналдық мүлікті жалдаудан түскен түсімдер 20,9 млн.теңгені құрады. Сөйтіп жылдық жоспар 101,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік заңды тұлғалардан таза табыстың бір бөлігін аудару бойынша былтыр 121 ұйым қаржы-шаруашылық қызметін атқарды. 2012 жылдың қортындысы бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 9 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жылды таза табыспен аяқтады. Барлығы 10,6 млн.теңге таза табыстың бір бөлігі толықтай облыстық бюджетке аударылды.
ҚР Президенті Н.Назарбаев биылғы Жолдауында Үкіметке «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысуымен барлық компанияға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындардың тізімін анықтауды міндеттеді. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдауды да тапсырды. Осыған орай, Үкімет аталмыш жоспарды дайындауда. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен биылғы жылы облысымыз бойынша барлық квазимемлекеттік сектор субъектісін оңтайландыру бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстары қаралып, талдау жасалуда. Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарды жекешелендіру, тарату жолымен, мемлекеттің өзіне тән емес функцияларын бәсекелестік ортаға беру жұмыстары жалғасады.
Еліміздегі меншікті жекешелендірудің негізгі мақсаты бәсекелестік ортаны құру, шағын және орта бизнесті дамыту және жеке кәсіпкерліктің үстемділігімен ұйымдастыру-шаруашылық құрылымдарын құру болып табылады. Осы ретте 2012-2013 жылдары облыс көлемінде жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 18 ұйым бәсекелестік ортаға берілді. Оның ішінде ауыл шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 2 ұйымның 51 пайыздық үлесі жекешлендірілді. Білім беру, байланыс және коммуникация, туризм, сәулет және қала құрылысы, табиғат пайдалану саласындағы 16 ұйымның қызмет түрлері қайта құру немесе тарату жолымен бәсекелестік ортаға табысталды.
Тілепберген Каюпов,
облыстық қаржы басқармасы
басшысының орынбасары
Достарыңызбен бөлісу: |