9.1 Аниондардың жіктелуі
Аниондарды периодтық жүйенің көптеген р – элементтерінен құрайды. Сыртқы электрондық қабатының құрылысы мынадай:
Аниондарды анықтау тотығу-тотықсыздану реакцияларына, олардың нашар еритін қосылыс түзетіндігіне, сонымен қатар газ түзілу қасиеттеріне негізделген.
Аниондардың топтарға жіктелуі барий және күміс тұздарының ерігіштігінің әр түрлілігіне негізделген. Көптеген жағдайда аниондарды бөлшектеу әдісімен анықтайды. Топтық реагенттер топ аниондарының бар екендігін анықтау үшін қолданылады. Аниондарды үш аналитикалық топқа бөледі (13-кесте)
7- кесте - Аниондардың жіктелуі
Топ
|
Аниондар
|
Топтық реагенті
|
Топ сипаттамасы
|
I
|
SO42- , SO32- , CO32+,
PO43- , SiO32-
|
BaCl2 бейтарап және әлсіз сілтілік ортада
|
Барий тұздары суда ерімейді
|
II
|
Cl- , Br- , J- ,S2-
|
2н. HNO3 қатысындағы
AgNO3 тұзы
|
Күміс тұздары
суда және
сұйытылған
HNO3 –тез
ерімейді
|
III
|
NO3- , NO2- ,CH3COO-
|
Топтық реагенті жоқ
|
Барий мен күміс тұздары суда жақсы ериді
|
Бірінші аналитикалық топ аниондары
І топ аниондарына жеңіл ыдырайтын қышқыл қалдықтары жатады: SO42-, SO32- , PO43-, SiO32-. І топ аниондарының тұздарына 2н. HCl немесе 2н. H2SO4 ерітінділерімен әсер еткенде түрлі қасиеттері бар газдар бөлінеді.
Мысалы көмір қышқылының тұздарынан түссіз, иіссіз CO2 көміртек (IV) газы бөлінеді. Күкіртті қышқыл тұздары түссіз SO2 газын бөледі.
9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |