Лектор: аға оқытушы - Аналитикалық химия және химиялық талдау.Сапалық талдау әдісі. Катиондар мен аниондардың жіктелуі.
Лекция №1
Тақырыптың жоспары Тақырыптың жоспары Аналитикалық химия – қосылыстардың құрамын талдау негізін құрайтын және химиялық элементтерді бөлу, анықтау және олардың химиялық құрлымын айқындайтын тәсілдерді дамытумен айналысатын химия ғылымының негізгі саласының бірі. - Аналитикалық химия – қосылыстардың құрамын талдау негізін құрайтын және химиялық элементтерді бөлу, анықтау және олардың химиялық құрлымын айқындайтын тәсілдерді дамытумен айналысатын химия ғылымының негізгі саласының бірі.
- Аналитикалық химия пәні дегеніміз химиялық жүйелердің сапалық құрамын, құрлымын және олардың сандық мөлшерін анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым.
- Академик И.Т.Алимариннің анықтамасы бойынша “Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын зерттеу теориясымен айналысатын, химиялық элементтерді анықтап, ажыратып, бөліп алумен қатар қосылыстың құрлымын да қарастыратын ғылым саласы. ”
Химиялық талдау әдістері Химиялық талдау әдістері Химиялық талдау әдістері қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып екі тарауға бөлінеді. Сапалық талдаудың негізгі мақсаты зерттелетін заттың сапалық құрамын анықтау, демек қандай бөлшектерден (атом, ион, молекуладан) тұратындығын табу. Сандық талдау әдісінің мақсаты зерттелетін заттың құрамындағы құрамдастардың (компоненттердің) массалық үлесін немесе грамм мөлшерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |