Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


 Оғыздардың мекен еткен жерлері Қазақстанның



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

3. Оғыздардың мекен еткен жерлері Қазақстанның Ырғыз, Жайық, Ембі, 
Ойыл өзендерінің бойларында, Арал маңы, Сырдария жазығы, Қаратау 
баурайлары, Шу жазығы болатын. Әсіресе ықшамды орналасқан аймақтары 
Арал өңірі, Каспий маңының солтүстік-шығысы мен Сырдарияның төменгі 
ағысы. ІХ-Х ғасырдың басында Сырдария атырабының ортаңғы және төменгі 
ағысы мен сол алқабына қабысып жатқан Қазақстанның Батыс даласында 
Мафазат әл-гуз - Оғыз мемлекеті құрылды. Оғыздар туралы жазған Ибн әл-
Факихтің еңбегі әртүрлі толық мәлімет береді, соның бірі: «түріктер 
арасында өзгелерден гөрі көбірек құрметтеледі», - дегені.
О. Сүлейменов «Аз и Я» атты еңбегінде оғыздарды «б.д.д. VІІ ғасырда 
белгілі болған елдердің бірі»,-деп келтіреді. Бұл жерде үзіндіні сол қалпында 
аудармай келтірейін: «Ассирийские хроники эпохи царя Ассархадона пока 
что – самый древний документ, могущий подтвердить факт существования в 
VІІ веке до н.э. тюркского этнонима иш-огуз». Шежіре түрік елінің жалпы 
рухани өмірінде маңызды орын алады, бәлкім соны көріп естіген әл-Факих 
оларды «құрметтеледі» деп келтірген. Осы сөздің мәнін ашсақ, ол - түркі 
елдердің шежіре арқылы әрбір тайпаның шыққан тегі мен жасаған батырлық 
- болмыс тарихын білуінде шығар. Керуеннің маңызды жолында орналасқан 
Янгикент қаласы - Оғыз мемлекетінің астанасы болды. Этникалық тұрғыда 
оның қағанаты біркелкі болмады, оның ішінде түркі және ирантілдес, фин-
угор тектес тайпалар астасып жатты. Әу баста оғыз тобының өзегі Жетісуда 
ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында сол аймақтың 
халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады. Жетісу атырабын қарлықтар 
иелену жолында, ата мекені Талас пен Ыстықкөл болған оғыздар жанкешті 
қарсылық көрсеткен еді,- деп Бичурин Н.Я. өз еңбегінде баяндаған болатын. 
Кескілескен шайқаста жеңілген оғыздар VІІІ ғасырда Арал теңізі 
жағалауындағы аудандарға тұрақтап, сол ғасырдың соңында өз 
мемлекеттерін құрады. Оғыздардың Арал жағалауы мен Батыс Қазақстанға 
орын ауыстыруы оңайға соққан жоқ. Олардың мұнда орнығуында Арал 
жағалауындағы екі тайпаның – печенектердің, қанғарлардың және басқа да 
сақ-массагет тегінен тараған әулеттердің қарсылығын, ал одан әрі батысқа 
жылжуында сарматтардың ұрпақтарын және фин-угор тайпаларының 
қарсылығын күшпен басуына тура келді. Оғыз мемлекеті Х ғасырда Еуразия 
даласындағы әскери-саяси өмірде зор рөл атқарған елеулі күшке айналды. 
Мәселен, 965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар 
Қағанатын құлатса, ал 985 жылы Еділдегі Бұлғария мемлекетін жеңіліске 
ұшыратты. Оғыздардың тарихи құбылысының соңғы шарықтауы Әлихан 
жабғы мен Шахмәліктің билігі тұсында, 1041 жылы Хорезм мемлекетін аз 
уақытқа бағындырғанында байқалады. ХІ ғасырдың ортасында Оғыз 
Жабғыларының мемлекетін Дешті-Қыпшақтағы қимақ-қыпшақ тайпалары 
құлатты. 
Батыс Түрік қағанатының құрамында болған қимақ тайпаларының атауы 
алғаш рет VІІ ғасырда ескеріледі. Ол кезде олар Ертіс өзенінің алқабы мен 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Алтай тауының солтүстігін қоныстанған болатын. Батыс түрік қағанаты 
ыдырай бастаған кезде (шамасы VІІ ғасырдың ортасы) қимақтардың 
оқшаулануы басталады. Тап осы уақыттан бастап олардың тайпа одағы 
ретінде өзегі қалыптасатын кезеңі деуге болады. VІІІ ғасырда батысқа қарай 
іргесін кеңейтіп, үш бағытқа: Оралдың оңтүстігіне; Сырдария бойы мен 
Оңтүстік Қазақстанға; Жетісудың Балқаш көлі мен Алакөл алқабына дейін 
жылжыды. Ұйғыр қағандығы 840 жылы құлаған кезде, жеті тайпадан 
тұратын Қимақ конфедерациясы құрылып қалыптасады. Тайпалар басшысы 
жабғы деген дәреже иеленген. Ал ІХ ғ. соңы мен Х ғ. бас кезінде 
жалпытүркілік қаған дәрежесін иеленген билеушілері бар мемлекет құрады. 
Ертіс өзені бойындағы Имакия қаласы қимақтардың астанасы болды. 
Қимақтардың мемлекеттік құрылымы түркілік және түркі тілдес 
халықтардың мемлекеттері, барлық өркениетті елдердегідей, қалыптасқан 
әлеуметтік құрылымды қорғау мен заңдастыруға арналған тұтқа болды. 
Арабтың ғалымы Әл Идриси өзінің «Нузхат Әл Мүштак Фихтира Әл Афак» 
атты еңбегінде қимақтан шыққан ғалым Ибн Хаган туралы әңгіме қозғайды: 
әуелі оны ерекше атап, «Соның жазған қимақтар туралы тарихи шығармасын 
өз еңбегімде қолдандым»,- дейді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында Орталық 
Азия тарихына үлкен үлес қосқан қыпшақтарға - Ұлы Даласындағы тарихи 
сахнада жол бере отырып, Қимақ Қағандығы қыпшақ бірлестігінің құрамына 
қосылып кетті. 
Қимақ Қағанаты саяси сахнадан кеткен соң ортағасырлық жазба 
деректерде қыпшақ деген атаумен белгілі тайпалардың бірігуі күшейген. 
Қыпшақ этнонимі орта ғасырлардан гөрі мейлінше ертерек мәлім болған 
сияқты. Бірқатар зерттеушілер және қытайдың «Тарихи жазбалар» атты 
жылнамаларында біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырларда өмір сүрген 
тайпалардың бірі дейді. Оны ежелгі қытай транскрипциясындағы «цзюйше» 
атымен байланыстырса, С.М. Ахинжанов қыпшақ этнонимі алғашында «се» 
(қытай деректері) және «сир» (көне түркі деректері) түрінде пайда болған 
тайпалар дейді. «Қыпшақ» атауы нақты түрде 760 ж. ежелгі түріктің 
руникалық ескерткішінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбек 
қыпшақтарды VІІІ ғасырға жататын түрік тайпаларының тізімінде көрсетеді. 
Батыс еуропа деректерінде «коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде 
«половцы» делінеді.
Алтай тауы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар әуелі Батыс Түрік 
қағанатының құрамында болып, кейін қимақтардың басшылығымен 
конфедерация одағының өзегін құрайды. Сол себепті қыпшақтардың саяси 
тарихы ІХ-Х ғасырларда қимақтардың тарихымен қоса өрледі. ХІ ғасырдың 
басында Қимақ мемлекетінің өкімет билігі қыпшақ хандарының қолына 
көшеді. Сөйтіп, ХІ ғ. басынан бастап қыпшақ бірлестігі көптеген елдердің 
басын біріктіріп, қыпшақ деген сөз қол астына біріккен халықтардың жалпы 
аты ретінде қолдана бастады, ал мемлекеті «Қыпшақ Хандығы, Дешті 
Қыпшақ Даласы» деп аталды. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қыпшақ хандарының жетекшілік нысанында әскери-саяси әдісін тиімді 
де шеберлікпен ұтымды пайдалану арқасында шекарасын шығысындағы 
Ертістен батыстағы Дунайға дейін кеңейтті. Сығанақ қаласын астанасына 
айналдырды. Олар бірнеше негізгі тайпа топтарынан: сібір-алтайлық; орал-
қазақстандық; алдыңғы Кавказды қоса отырып - Дондық; Қырымды қоса 
отырып - Днепрлік; Балканды қоса отырып - Дунайлық болып ұйымдасты. 
Олар көптеген елдердің ортағасырлық тарихында маңызды рөл атқарды, 
мәселен: Үндістан, Мысыр (Египет), Қытай, Ұрым (Византия), Грузия, 
Бұлғар, Хорезм. Олар Киев Русімен экономикалық, әскери-саяси, мәдени 
және қандастық тығыз байланыс орнатады. Қыпшақтар - қазақ, ноғай, 
қырым-сібір татарлары, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, балқар, қарачай, кумык, 
түркмен және басқа да түрік елдерінің этногенезінде белгілі рөл атқарады. 
Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монғол, қытай, үнді, 
араб халықтарының құрамына кірді.
Қыпшақтардың сыртқы саяси байланыстарының ауқымы кең болды. 
Мәселен, хорезмшахтар мемлекетін қыпшақ әулеттері билеп тұрды. Ұрым, 
Ұлы Болғар, Киев Русі, Селжүк сұлтандығы тәрізді мемлекеттердің 
саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін 
византиялық сарайда Циты, Караджи, Алакасен деген қыпшақтар ірі 
қызметте отырған. Крестілердің жорығын (крестовый поход) 1205 жылы 
қыпшақтар Андрианопольге жақын жерде талқандап, император Балдуинді 
тұтқынға түсіріпті. 1118 жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз 
әскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың қыпшақ жауынгерін 
отбасымен шақырып, оларға жер де бөліп беріпті. Қыпшақтар 1121 жылы 
Дидгор тауларында түрік-селжүктерді талқандауға, 1122 жылы Тбилисиді 
алуға, 1123 жылы Ширванға жорыққа қатысты. Қыпшақтар ХІV ғ. дейін 
грузин деректерінде еске алынып отырады. Олар жайлы грузия топонимиясы 
мен грузин халқының аңыздарында мәлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде 
әскери үстемдікті қолға алып, әр алуан соғыс жорықтарына қатысты. 
Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс Мысыр елінің 
мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк әулетінің (1250-1517) негізін 
қалады.  
Ертістен Днепрге дейінгі аридтік зонаны алып жатқан Дешті 
Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық кеңістікті Еділ бойы арқылы екі 
этникалық-аймақтық бірлікке бөлу есебінен қарауға болады: Тоқсоба әулеті 
тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі әулеті билеген Шығыс 
қыпшақ қағанаты. Шығыс қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе 
алатын билігі болды. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі 
мен әскерінің ісін жүргізетін басқару әкімшілігі болған. Әскери-әкімшілік 
басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген. Әулеттік топ мен тайпалардың 
өзі әлеуметтік маңызына қарай иерархиялық жүйе-сатыларға бөліну көрініс 
табады. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да бөлінді. 
Меншікті білдіретін таңбалары болған. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Ұлан-ғайыр кең өлкені билеп, әскери-саяси биліктің тізгінін қолына 
ұстаған іргелі Орда құрған қыпшақ дәуірі, бізге мирас болып қалған кешегі 
бақи өмірімен тікелей жанды байланысы бар, сөйлеу тілінің сипатынан толық 
мағлұмат бере алатын бағалы еңбек - «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінде 
жазылған ескерткіш). Осы ескерткіш готикалық көне шрифтімен жазылған 
жалғыз дана қолжазбасы бұл күндері Венецияда Марк әулиенің шіркеуінде 
сақтаулы. Зерттеуші Машковтың айтуынша, бұл дәуірде Қыпшақ тілі батыс 
еуропа жиһанкездері мен шығысты зерттеушілер үшін халықаралық тіл 
болып есептелді. Кодекс куманикус екі бөлімнен тұрады. Бес түрлі 
қолтаңбамен жазылған бірінші бөлім (итальян бөлімі) латын сөздерінің 
алфавиттік тәртібі бойынша тізілген үш тілді (латынша-парсыша-куманша) 
сөздіктен, зат есімдер мен есімдіктердің септелу үлгісінен, лексикалық 
мағыналарына қарай топтастырылған сан алуан есім сөздерден тұрады. Ал он 
төрт түрлі қолтаңбамен жазылған екінші бөлімнің (неміс бөлімі) денін Інжіл 
үзінділерінің аудармалары және осы секілді діни уағыздар құраса, қалғанын 
куманша-немісше, куманша-латынша сөздер, ақын Петрарканың қолымен 
жазылған итальян поэзиясының үзінділері, куманша, латынша текстер, 
аудармасыз берілген куман жұмбақтары құрайды. Жалпы алғанда, қыпшақ 
тілін зерттеу, оны оқып-үйрену ХІ ғасырдан, М. Қашқаридан басталады. 
Содан бастап ол тілді орыс, еуропа, араб, армян авторлары зерттеп білген, 
оқып-үйренген, сол тілге Фердоуси мен Сағдиден бастап талай туындылар 
аударылған. Осыдан, Қыпшақтар дәуірі, билік құрған хандары мен халықтың 
әлемдік өркениетте маңызды рөл атқарғаны «тайға таңба басқандай» 
негізделіп тұр.
4. Найман, керейт, жалайырлардың ерте мемлекеттік бірлестіктері 
Орталық Азияның шығысында пайда болған еді. VІІІ ғасырдың ортасында 
жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында «Сегіз-оғыз» немесе «Сегіз тайпа 
одағы» деп аталатын найман тайпа одағы қалыптасты. Ляо патшалығы, яғни 
қидандар оларды монғол тілдес найман атауымен атап кетті, ол түріктің сегіз 
оғыз атына пара-пар келетін мағынаны білдіреді. 
Христиан дінін қабылдауына байланысты керейт туралы алғашқы 
мәлімет ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады. 1007 жылы найман мен 
керейттердің несториан бағытындағы христиан дінін қабылдағаны туралы 
белгілі көрініс бар. Олардың мекен құрған аумағы Онгин өзенінің алабы мен 
Орхон өзенінің ортаңғы ағысы. 
Орхон өзенінің жоғарғы алабын жалайыр тайпалары жайлады. Мал 
бағумен айналысқан көшпелі тайпалар болды. Мемлекеттік бірлестіктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет