Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М. Ақпамбетова, ж әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане. 2008.№1. С. 8-9



Дата19.06.2016
өлшемі64.95 Kb.
Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М .Ақпамбетова, Ж Әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане.-2008. -№1.- С. 8-9.
Сарыарқа - Торғай жазығы мен Алтай тауларының арасындағы аридті-денудациялы орташа биіктіктегі кең алкапты алып жаткан қыратты өлке. Қырат оңтүстікте Балқаш, Сасыккөл мен Алакөлдері және Бетпакдала шөлді жазығына қарай, ал солтүстікте — Солтүстік Қазақ жазығына қарай аласарады. Өлкенің жер бедері пайдалы қазбаларға өте бай. Жер койнауында көмірдің мол қоры, темір рудасы, алтын және баска да түсті металдар коры кездеседі [ 1]. Бірақ осы ресурстарды игеруде және адам өмірінде маңызды орын алатын ресурс ол — су. Осы су ресурсының жеткіліксіздігі Орталық Қазақстан аридті өлкесіңдегі маңызды мәселе. Орталық Қазақстан жер бедерінде барлығы 2200-ге жуык өзен және уакытша ағындар мен 40-қа жуық сукоймалар бар. Өлкедегі басты су кездері - Самарканд, Шерубай-Нұра және Кеңгір сукоймаларына құятын - Нұра және Сарысу өзендері [2].

Сарысу өзені аңғары Сарыарқа даласы мен Ұлытау тауларының аралығында Қазақстанның оңтүстігіне қарай бағытталады. Батысында және шығысында Атасу—Көкпекті және Сарыарка көтерілімдерімен, солтүстік—батыс бөлігі Бетпакдала кыратымен шектеседі. Өзен аңғарының орографиялық ерекшеліктеріне байланысты жер бедерінің төрт түрлі кұрылымы ажыратылады. Орографиясының басты сипаты жер бедеріндегі көтерілімдердің сирек кездесуімен және палеозойлық күрделі құрылымымен ерекшеленеді. Территорияның жазық бөлігі біршама жас үштік және төрттік шөгінділерден кұралған. Салыстырмалы биіктігі 30-60 м-ден көп емес неғүрлым биік көтерілімдер палеозой құрылымдық бөлімдерінде кездеседі. Абсолютгік биіктігі территорияның солтүстік бөлігінде 430 м. Жазыктың оңтүстік бөлігіндегі биіктік 270-280 м [3].

Сарысу өзеніне солтүстік-шығысы мен оңтүстік —батысында ешқандай өзен саласы құймайды. Өзен аңғарының табанында 3-4 м тереңдікте шайылған жыныстар кездеседі. Үштік шөгінділер жауып жаткан аймақтарда құмдар мен саздауыттар кездеседі. Палеозой құрылымдык жыныстарда кұмдар сирек кездеседі, ал негізінен саздауыттар аралас шөгінді палеозой жыныстарымен ерекшеленеді.

Сарысу өзені аңғарының су деңгейі көктем, жаз, күз айларында сақталады. Қыста түгелімен катады. Өзен қар суымен коректенетіндіктен көктемгі кар еруі кезінде ең жоғарғы су деңгейімен, өзен арнасының жоғарлауымен ерекшеленеді. Өзен аңғарындағы кыста қаңтардың орташа температурасы -14,8-15,3 °С, шідде айында +20,3 °С. Абсолюттік минимум кыста -48 °С, ал максимум +40-43 °С. Жылы кезеңдегі орташа тәуліктік ауа температурасы 0 °С-тан жоғары 200-207 күнді құрайды, ал аязсыз күндер 110-135 күнге созылады. Орташа жылдык температура +2,3 °С,

ал жылдық орташа ылғалдылык мөлшері 5,9 мб (1,2 кес-телер).

1-кесте


Ауа температурасының айлар бойынша жылдык таралуы


2-кесте


Ауаның абсолюттік ылғалдылығы,мб



Абсолютті ылғалдылыктың жоғарғы көрсеткіші кыс айларында, ал төменгі көрсеткіші жаз айларына сәйкес келеді (3-кесте). 3 кесте

Ауаньң салыстырмалы ылғалдылығы, %


Өзен аңғарындағы жылдық жауын-шашын мөлшері жер бедеріне, ауа температурасы мен жыл мезгілдеріне сәйкес өзгерістер жасайды. Мысалы, өзен аңғарының жазық бөлігіндегі салалар құймайтын ауданы көктемгі еріген қар суымен және жауын-шашынымен қоректенеді. Нәтижесінде анғарларда сорлар және тақырлар қалыптасады.

Сарысу-Теңіз көтеріліміне жағатын рельефті негізгі екі генетикалық түрлерге бөлеміз. Олар — эрозиялык денудациялық және аккумулятивтік. Эрозиялық-денудациялық түріне үгілуге ұшырап жер бедері аласаларған ұсақ шоқылар және ірі көтерілімдер аймағы жатады. Олар шөгіңді жыныстардан құралған. Ұсақ шоқылы жер бедерінің морфологиясы металлогендік жыныстарға тәуелді. Бұл биіктігі 10-20 м дейінгі төбешіктер негізгі геологиялық кұрылымға ұласады. Осы аймақта девондық жанартаулық жыныстар дамымаған, яғни ұсақ шоқылы өлкеде кездеспейді. Сондықтан, жер бедері аласа таулар, шыңдары жалпақ, беткейлер мен төбешіктер болып келеді.

Аккумулятивті жер бедері өзен аңғарының үлкен бөлігін қамтиды, күрделі неогендік саздауыттан және төрттік шөгінділерден тұрады. Өзен аңғарындағы аккумулятавті-аллювийлі жазықтардың жасы орта-жоғарғы төрттік болып табылады. Төрттік жыныстар ауданның үлкен бөлігін қам-тиды. Жалпы қалындығы 10-15 м, кейбір жерлерде 20 м.

Сарысу өзені арнаның биіктігі 0,5-1,0 метрден аспайды, ал ені барлық жерінде 1 км. Өзен арнасы аллювиальды құмды-сазды шөгінділерден түзілген. Сарысу өзені арнасында келесі террасалар анықталған:

1) І-ші арналық терраса — өзен жайылмасына иілген түрде жатыр. Террасаның ені 5-10 км. І-ші арналық террасада биік арнаның жоғары жағына өтерде тым иілген және жыралы болып келеді. Жыраның биіктігі 3-5 м, мұнда аллювиальді жыныстар таралған. Бор дәуіріндегі құмды-саздауытгы жыныстар І-ші араналык террасадан ІІ-ші арналык террасаға ұласады. Террасаның тік беткейлерінде деллювиальді аймақтар, ал төменгі беткейіндегі ағынсыз учаскілерінде тақырлар қалыптасады.

2) ІІ-ші арналық терраса — территория қүрғақ әрі аласа көтерілімдер жалпы солтүстіктен онтүстікке қарай еңіс келеді. Абсолюттік биіктігі солтүстігінде 340-370 м-ден және оңтүстігінде 270-300 м-ге ауытқиды. Сарысу өзенінің террасасы жайылмасында жалпы жағалауы бойымен созы-лып жатыр. Солтүстігі және солтүстік-шығысында енді болып келеді, 10-12 км, ал батыс және оңтүстік-батысында біртіндеп жіңішкере береді және ені 1 км-ден көтерілмейді. Террасаның биіктігі бірінші террасадан 4-15 м көтеріңкі. Террасаның негізгі бөлігі аллювиальді және палеозой жасты шөгінділерінен түзілген.

3) Ш-ші арналық терраса эрозиялық шөгінділермен ерекшеленеді. Екінші террасадан 4-6 м көтеріңкі. Террасаның гипсометриялық жағдайы мынадай: абсолюттік көрсеткіші солтүстігінде 370-380 м, оңтүстігіңде 300-320 м.

4) ІV-ші арналық терраса — көтерілісімдердің тұрақтануы және тегістелген биіктіктермен, жалпы оңтүстікке карай аз еңістігімен ерекшеленеді. Абсолюттік көрсеткіштері солтүстігінде 340-360 м және онтүстігінде 320-300 м аралығында айқындалады [4].

Сонымен Сарысу өзені аңғарында төрт типті арна маңы терраса кездеседі. Террасалардың абсолюттік биіктіктері мен еніне қарай жайылмасының еңді және өзен аңғарының аласа көтерілімдер мен жазықтарды орналасқанын көреміз. Өзен арнасында тік кұламалы беткейлер аз кездеседі. Арнасының тік беткейлік еңістігі біртіндеп тегіс жайылмаға айналады.

Сарысу өзені аңғарындағы табиғи факторлардың әсерін орографиялық өзгеруінен, өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруінен байкаймыз. Сарысу аңғарына әсер ететін келесі табиғи факторларды белгілуге болады:

-эолдық әрекет, өзен аңғарының жер бедері мүжілген және тегістелген көтерілімдердің қалыптасуы, жазык аймақтарында сор, тақырлардын пайда болуына әкеп соғады;

-климаттық фактор, өзеннің басты гидрогеологиялық режиміне әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген орогидрографиялық элементтердің өзгеруінен байқаймыз. Жылдық жауын-шашын өзгерісі де өзеннің су режимінің бұзылуына әкеп соғады.

Сарыарқаны су ресурсымен қамтамасыз етіп отырған Нұра-Сарысу бассейіні өзендеріне антропогендік факторлардың әсері де аз емес. Нұра-Сарысу бассейінінінің су ресурстарын пайдалану дәрежесі өзеннін су режимімен сәйкес келуін қамтамасыз ету казіргі су шаруашылығы ба-сқармасындағы басты мәселе. Өзен аңғарынан келесі антропогендік факторлардың әсерін байқауға болады.

-өнеркәсіптік ластануы, өзен суының «Қазақмыс» корпорациясының қолданылуы;

-жылу-энергетикалық кешендерден ластану;

-көмір және тау-кен өндірістік шаруашылыктардың ластауы;

-тұрмыстық ағын сулардың әсері;

-ауыл шаруашылық қалдыктардың тасталуы.

Нұра-Сарысу бассейінінің ластану дәрежесін азайту мақсатында экологиялық қоршаған ортаны корғау шаралары жүргізілуде. Қарағанды облысында республикада бірінші халықаралық кауымдастық департаментінің келісімімен Ұлыбританиямен біріккен су бассейінінің компьютерлік моделін жасады. Бұл жұмыс Нұра-Сарысу бассейінінін су шаруашылық басқармасымен, Қарағанды гидрометереологиялық орталығымен, Қарағанды облыстык территориялық қоршаған ортаны корғау басқармасы және «Орталық қазжер-қойнауы» басқармасымен бірлесіп жасалды.

Сонымен қатар халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және оның сапасы туралы Қазакстан Республикасы Президентінін 13 желтоқсан 2001 жылғы №1625 «ҚР мемлекеттік 2002—2010 жж. ауызсу бағдарламасына» сәйкес «Қарағанды облыстық ауызсу» бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаны орындау екі этапқа бөліңді: 1 этап — 2002— 2005жж., 2 этап - 2006-2010жж [2].

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. - Алматы: «Қазақстан», 1975.

2.Баспа материалдары //Орталық Қазақстан, 23 наурыз, 2004, №76.

3.Сорокин М.М. //Отчет по теме: Гидрогеология. Сарысуский бассейн. — Караганда, 1988.

4.Аубекеров Б.Ж. Медоев А.Г. и др. //Отчет по теме: Геоморфология и новейшая тектоника в зоне канала Караганда-Джезказганская обл. ИНГ. КазССР. Гидропоект. - Алма-Ата, 1987.

5.Рахметкалиев А.Н. //Отчет: Нұра-Сарысу бассейінің кешенді зерттеу. — Карағанды, 2003-2005.



Резюме

В статье рассматриваются орогидрографические условия и природно-антропогенные факторы Сарыарки на примере долины реки Сарысу. Исследованы и определены природные факторы, оказывающие воздействие на экологию и окружающую среду региона, а также дана характеристика антропогенным факторам.
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Яковлев, А. Табиғат – ел байлығы / А. Яковлев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 23 қаңтар (№12)
Files -> Қарқаралы орманының қорғалуына 125 жыл [Текст] / С. Т. Тохметов // Гүлстан. 2009. №4. С. 40-45 б.
Files -> Жанысбай С. Арқаның омырауында алқасындай / Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. – 2003. – 14 тамыз. –
Files -> Бекішев, Қ. Байқоңырдың әсері / Қайыржан Бекішев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 9 тамыз (№126-127). –
Files -> Байқоңыр дейтін бір мұң бар: Кеселді космодром кімге керек? / Жаңабек Шағатай. 2003. 16 қазан
Files -> Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 2007. – 5 маусым (№86)
Files -> Облыстыќ статистика басќармасы Ќараѓанды облысындаѓы экологиялыќ ахуал // Орталыќ Ќазаќстан. – 2003. – 1 ќараша (№174-175)
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Задача настоящего исследования выделение наиболее характерных и урожайных растительных сообществ о участием изучаемых видов, выявление в них экотипов о наибольшим содержанием гликозидов в органах в фазу цветения
Files -> Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет