Бүгін «Қазақ мұңы» газетінің жарық көргеніне 102 жыл. Сонау 1918 жылдың 16 сәуірінде алғашқы саны Орынборда шығарылған газеттің бас редакторы Нәзір Төреқұлұлы болған еді



Дата02.01.2022
өлшемі15.19 Kb.
#454380
Журн тарихы


Бүгін «Қазақ мұңы» газетінің жарық көргеніне 102 жыл. Сонау 1918 жылдың 16 сәуірінде алғашқы саны Орынборда шығарылған газеттің бас редакторы Нәзір Төреқұлұлы болған еді.
Орынборда шыққан «Қазақ мұңы» газеті Торғай облыстық Совдепінің басылымы болды. Газеттің тұңғыш нөмірінде Торғай кеңестерінің І съезінде сөйлеген Әліби Жангединнің кеңестік декреттердің артықшылықтары мен еңбекшілердің өз үкіметін құрудай асқақ мұраттары жайында сөйлеген сөзі берілді. «Қазақ мұңы» жарық көрген күннен бастап большевиктер саясатын насихаттап, Алашорда мен алашордашыларға қарсы саяси бағыт ұстанды. Бұл тұста әртүрлі үкіметтер мен әскери одақтар бір-бірін мойындамай, билік бір қолдан екінші қолға тез ауысып жатқан еді. Әсіресе стратегиялық маңызы зор Орынбор қаласы мүдделі топтардың тоғысқан орталығы саналатын. Қала большевиктер қолына өткенмен, жарты жылдан соң ақ гвардияшылар қолына өтті. Осылайша «Қазақ мұңы» газеті де қысқа ғұмырымен қош айтысып, жарық көруін тоқтатады. Ал басылым редакторы болған Нәзір Төреқұлов туған жері Түркістан аймағына қарай ығысады. Нəзір Төреқұлұлы кейін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат атанды.
Қазақстан тарихында бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны қашан да ерекше болды. Сонау қылышынан қан тамған Ресей империясының билігі тұсында да қазақ зиялылары халқымыздың тілін, мәдениетін, тарихын сақтап қалды. Зиялылар өз ой-пікірі мен көзқарастарын баспасөз арқылы елге таратты.
Алаш зиялылары бастан өткерген газет шығару мұңы бүгінде жоқ, Қазақстан бойынша 1 000-нан астам баспасөз басылымдары жарық көреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының жарық көруіне барлық жағдай жасалған, цифрлық кезеңге аяқ басқанымызға қарамастан әр газеттің өз оқырманы қалыптасты.
«Қазақ мұңы» – газет. Торғай облыстық депутаттар кеңесінің органы. 1918 жылы 16 сәуірде Орынборда шығарылды. Редакторы Нәзір Төреқұлов.
Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 наурызда Орынборда жарық көрді. Осы тұста “Қазақ” газеті алашордашыл басылым деген айыппен жабылып, баспаханасы тәркіленді. Оның орнына “Қазақ мәселесі” мен “Известия” шығарылсын деген қаулы қабылданған. Газеттің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің кеңестердің облыстық съезін ашардағы сөзі толық берілді. “Қазақ мәселесі” большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.
1 Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату жылдарындағы мерзімді баспасөз.
2 «Тіршілік» газетінің тарихы шығарушылары.
3 «Заря свободы» газетінің тарихы шығарушылары.
Кеңес өкіметінің алғашқы шараларының бірі – сол кезде белгілі себептермен котреволюцияшыл-буржуазиялық баспасөз деп аталған «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран», «Алаш» сияқты, т.б. ұлттық басылымдарды біржолата тоқтатып, жабу болды. Осыған орай жаңадан құрылған қазақ жеріндегі кеңестер белсенді қызмет атқарды. Олар негізінен 1918 жылдың соңына дейін өздері байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан бір топ газет-журналдарды жойып жіберудің арқасында солардың баспаханалары мен қағаз қорларын пайдалана отырып өздерінің газеттерін шығара бастады.
Қазан төңкерісіне дейін де Қазақстанда еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары деп аталған ұйымдардың болғаны тарихтан мәлім. Мысалы, Верныйда «Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы» құрылып, жұмыс істеген. Бұл одақ 1917 жылдың 13 желтоқсанында «Садақ» атты сықақ журналын шығара бастайды. Ол негізінен, Жетісу елі ішіндегі кемшіліктерді ашып, түзетуді, жұртқа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді мақсат еткен. Журналға идеялық жағынан жетекшілік жасаған О.Жандосов болса, редакторы Ә.Басиров еді.
Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметінің тұсында қазақ жерінде де облыстық, уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы, Ақмолада құрылған осындай «Қазақ» комитетінің құрамында С.Сейфуллин де болған. Бұл комитет сол кезде бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, олардың орнына жұмысшы-кедейлерді іске тарту, дінмен күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.
Осы комитетінің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында «Жас қазақ» ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50-ден аспаса, кейін көбейе түсті.
Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң, білім тарату, жаңа саясат істеріне қатысу болып табылды. Осы ұйымның жарғысынан: «Жас қазақ» Ресейдің ең дұрыс жобалы төңкерісшіл партиясымен қатар майданға шығады. Онан соң Ресейдің құрама республика болуын қуаттайды» деген жолдарды оқуға болар еді.
Алайда «Жас қазақ» ұйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік жарнадан және елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып, 1917-1918 жылдары «Айна» деген журналдың бір санын, «Тіршілік» деп алатын газеттің бірнеше нөмірін шығарғандарын айтар едік.
«ТІРШІЛІК» ГАЗЕТІ
«Тіршілік» – газет, Ақмола уездік ревкомы мен совдепінің органы, Қазақстандағы тұңғыш кеңестік газеттердің бірі. 1917 жылғы сәуірден 1918 жылғы шілдеге дейін шығып тұрды. Газеттің ресми редакторы «Дала уалаятының газеті» және «Айқап» журналдарынан белгілі Рақымжан Дүйсенбаев, идеялық жетекшісі және негізгі авторы С.Сейфуллин болды. Басылымның негізгі авторлары болып, оның өз редакторлары және «Жас қазақ» ұйымы басқармасының белсенді мүшелері А.Асылбеков, Ж.Нұркин, Б.Серікбаевтар саналды. Себебі, «Тіршіліктің» бетінде олардың көптеген мақалалары мен памфлеттері жарияланды.
«Тіршілік» газеті бұқараны кеңес үкіметі үшін күресте жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Саяси бостандық, ұлт мәселелері жөнінде еңбекші халық арасында революциялық үгіт-насихат жүргізді.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуіндегі» мағлұматтарға қарағанда, «Тіршілік» газеті шамамен 1917 жылдың шілдесінен 1918 жылдың шілдесіне дейін, яғни Ақмолада Кеңес өкіметі уақытша құлағанға дейін, бір жылдай шығып тұрған.
1917 жылы 27 желтоқсанда Ақмола еңбекшілерінің жалпы жиналысында өкімет билігін кеңес қолына көшіру туралы қаулы қабылданады. Осы жиналыста уақытша ревком құрылып, оның құрамына С.Сейфуллин де енеді. Ал 1918 жылдың ақпан айында Ақмоланың уездік Совдепі сайланып, ол осы Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады.
Осыған байланысты «Тіршілік» 1918 жылдың басында әуелі ревкомның, сонан соң Совдептің органы болып, төңкерісшіл-демократияшыл газетке айналды. Оған С.Сейфуллиннің сол кезде шығып тұрған қазақ басылымдары туралы: «Бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқаның бәрі бір бағытта болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отырды. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл, байшыл бәрінің орталық туы «Қазақ» газеті болды», - деп жазуы дәлел.
Бірақ «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» демекші, Сәкеннің буржуазияшыл-ұлтшыл, антисоветтік бағытта болды деп ұшқыр пікір білдірген «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Ұран», «Абай» сияқты газет-журналдардың барлығы да түптеп келгенде халықтық, әрі кеткенде ұлтжанды ғана болғандығы туралы біздер еңбегіміздің «XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзінің тарихы» деген алғашқы бөлімінде жан-жақты тоқталып өткендіктен, оған қайтып оралуды жөн көрмей отырмыз.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында «Тіршілік» газеті жайлы: «Ашық хатта» баяндалған газеттің 4-ші санында жарияланған, «Шамиль» деп қол қойған «Ақмола обылысының жандарал қазақ коминтеті» деген мақаласымен басталады. Бұл мақалада көп жайтты жалған дәлелдермен келтіріп, халықты дұрыс жолдан тайдырмақ түрде жарияланған соң, областной қазақ коминтеті дұрыстығын қайта жариялады.
Берілген мақалада: «Областной қазақ комитеттін құртпақ мақсатта Мұқан Айтпенұлы, Абдырахман Қылышбайұлы, Шаймерден Әлжанұлы және жанында бес-алты жолдастары болды. Омбы төңкерісіне де тікелей қатысты осылар, билік басына келген кез келген комитетке риза болмай соңын дау- жанжалмен ақтайды делінген. Және де бұл адамдар коминтетін ақшасы жайлы да жалған ақпараттар беріп халықты дұрыс жолдан тайдырмақ болған. Яғни, оқитын студеттеріне берілетін стипендиясы үкімен басында отыратын бастықтың балаларына жеткілікті жағдайда ақшасы беріліп, ал оқитын кедейдің балаларына стипендиялары толық берілмей, қалған ақшаларын өздері алып қалады деп келтірген. Бұның бәрін жалған деп осы «Тіршілік» газетіне Областной қазақ коминтеті мақала ретінде жариялаған».
Сонымен қатар, тек осы мақала ғана емес, бұл газетте «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасындағы жанжал туралы да мақала жазып, халыққа жолдап отырған. «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасында ұстанатын бағыты жайлы болған. Газеттің редакторы Сәкен Сейфуллиннің осы жанжалға өз ойын қоса кеткен: «Алаш газетіне қазақ арасынан шыққан оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жиналған мен негізінен осы газеттің ұстанатын бағытын дұрыс көрем, себебі газет басшылары кез-келген тығырықтан, кедергіден асықпай ақыл мен баппен ойланып, шығады,- деп Алаш гезетінің жұмыстарына талдау жасап өз ойын келтірген».
Ал «Үш жүз» газеті жайлы: «Үш жүз газетінің басшылары көбінесе тірелген тығырықтардан ақылмен емес, жұдырық күшімен шығады және асығыс шешім қабылдап, оңбай қателікке бой алдырады,- деп ойын білдірді».
Қорыта айтқанда, «Тіршілік» газеті сол кездегі «Барды бар, жоқты жоқ» деп айтатын газеттің бірі болған. Қазіргі таңда газет Көкшетау қаласында «Арқа ажары» деген аптеп шығады.
Cәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен (шын аты Садуақас) Сейфоллаұлы 1894 жылы 23 мамырда Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысында – Нілді мыс қорыту заводына таяу жердегі қазақ ауылында туған. Қазіргі әкімшілік бөлік бойынша бұл жер Қарағанды облысының Жаңарқа ауданына қарайды.
1913-1916 жылдар арасында Сәкен Сейфуллин Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін-ақ ол Ақмола қаласына ауысып, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ Комитетінің төрағасы болып сайланады.
Сәкеннің қатысуымен Ақмола жастары «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады. 1917 жылдың желтоқсанында Ақмола Совдепі құрылғанда Сәкен Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады.
1918 жылы маусым айында патшашыл ақ қазақтар мен чехословактардың контрреволюциялық көтерілісі кезінде Ақмолада кеңес өкіметі құлап, Сәкен бір топ жолдастарымен революция жауларының қолына түседі. Ол «қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатерлі адам» деп табылады да, басқа да тұтқындармен бірге Қызылжар түрмесіне айдалады. Атаман Анненковтың «азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде тоғыз айға созылған ауыр азапты шегеді. Тек 1919 жылдың наурызында ғана Сәкен Омбының тұтқын лагерінен қашып шығады. Дүйсембі деген жалған ат жазылған құжатпен ол Павлодар, Баянауыл арқылы өзінің туған еліне келіп, Түркістанға өтеді. Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) Совдепінің көмегімен Сарысу, Шу өзендері бойындағы елдері советтендіру жұмысына қатысады.
1920 жылдың көктемінде Сәкен Сейфуллин Ақмолаға қайта оралып, Колчак үстемдігі құлаған қалада кеңес жұмысын жандандыруға араласады. Ол уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары болып істейді. Сол жылдың жазында қазақтың Автономиялық республикасын жариялайтын құрылтай съезіне дайындалу кезінде Сәкен Сейфуллин қазақ өлкесі бойында құрылған ревкомның құрамына кіреді. Құрылтай съезінде бірінші сайланған Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып өтеді.
1921 жылы сәуірде Сәкен Сейфуллин бұрын Сибревкомға қарайтын Акмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қабылдап алу жөніндегі төтенше үкімет комиссиясының енеді. Ол Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Омбы қалаларында болып, сайлау жұмыстарына басшылық етеді. 1922 жылы маусымда Қазақ АССР халық комиссарлары Кеңесі Сәкенді оқу-ағарту Халық Комиссарының орынбасары етіп тағайындайды. Сонымен қатар ол «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып бекітіледі. Советтердің бүкіл Қазақстандық III съезі 1922 жылдың қазан айында Сәкен Сейфуллинді Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы етіп сайлайды. 1923 жылдың қаңтарында Советтердің X съезінде Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшелігіне өтеді.
1925-1937 жылдары Сәкен Сейфуллин Қазақстандағы әртүрлі мәдени-ағарту орындарында жазушылар Одағында, партия тарихы институтында, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз) журналының редакцияларында басшы қызметтерде болады. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқиды.
Проза жанрында Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық роман, «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) атты повестер мен көптеген әңгімелер жариялады. 1932 жылы қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге арнаған «Қазақ әдебиеті» (Билер дәуірінің әдебиеті) атты зерттеу оқулығын жариялады. Ол мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарын жазуға қатысты және әдебиет сынына араласып көптеген мақалалар жазды.
Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен Сейфуллин тарапынан саясатты бұрмалаушылықтар мен әділетсіздіктер көрген тұста, өзінің ойың сезімін іркіп қалған емес. Әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған. Ол «Ұлттардың өзін-өзі билеуі» деген Ленин қағидасына сенді. Сондықтан Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап қорқытқысы келгендерге ашық наразылық білдірді. 1923 жылы Қазақстан партия ұйымының III конференциясы тұсында Сәкен бастаған 14 коммунистің РКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Е. Ярославскийге жазған хаты осыны дәлелдейді. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы болып жүрген кезінде қазақ тілін мемлектеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды ұлғайту мәселелерін күн тәртібіне қойып, шешімдер қабылдатқан. Бұрын «қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» екенін дәлелдеп, мақалалар жазып, осы қателікті түзетуге себепкер болды.
1925-1933 жылдары Қазақстан партия ұйымын басқарған Голощекин саясатын ашық қарсы болғандардың бірі – Сәкен. Қазақстанда әр кезде болған ұлт саясатының бұрмалануы ақынның көркем шығармаларында да («Совет баласы», «Отарбаның жұмсақ вагонында», «Қызыл ат», «Біздің тұрмыс», т.б.) суреттелген. Сондықтан орталықтан келіп ел басқарушылар «шыншыл», «қыңыр» Сәкенді жақсы көрмеген. Оны әрдайым сынап, «партиялық тазалаулардан» өткізіп отырған. Ақыры 1937 жылы «халық жауы» есебінде тұтқындады. Ақын 1938 жылы 25 ақпанда Алматы түрмесінде, кеше өзі орнатысқан өкіметтің қолынан атылды.

«ЗАРЯ СВОБОДЫ» ГАЗЕТІ


Кеңес өкіметі Верный қаласында 1918 жылдың 3 наурызында орнады. Ол көп кешікпей бүкіл Жетісу облысына да билік жүргізе бастады. «Заря свободы» деп аталатын (қазіргі «Огни Алатау») басылымды шығаруға күш салды. Сөйтіп, ол газеттің алғашқы нөмірі 1918 жылдың 8 наурызында жарық көрді.
Ең бастысы «Заря свободы» газеті редакциясы құрамында арнаулы қазақ бөлімі болды. Мұнда маңызды мәселелер және жергілікті халыққа қатысы бар материалдар орыс және қазақ тілдерінде аралас басылып отырды.
Газеттің бетінде Жетісуда кеңес өкіметін орнату үшін күреске белсене қатысқан большевик Тоқаш Бокиннің, Сабыржан Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жиі басылып, орынды пайдаланылып отырылды.
Осы басылымның бетінде басқа да көптеген аралас материалдар басылды. Осының өзі, бір жағынан – қазақ ішінде дербес газет шығарудың бастамасы әрі ұлт кадрларын әзірлеудің бірден-бір дұрыс жолы еді.
«Заря свободыда» кейде большевиктердің ұғымына жат, ұлтшылдықты, дінді уағыздайтын материалдар да жарияланып қалып жүрді. Бірақ оның қазақтарға келіп-кететіні шамалы еді. Себебі, түптеп келгенде большевиктерде де, эсер-меньшевиктер де өздерінің бас пайдасын ойлайтын. Олардың бұратаналардың болашақтарын ойлап бас қатыруларына уақыттары жоқ-тын.
Міне, осындай кейбір кемшіліктеріне қатысты «Заря свободы» газеті өзінің 80-нөмірінен кейін 1918 жылдың 18 маусымында шығуын тоқтатты.

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында «Тіпшілік» газеті жайлы: «Ашық хатта» баяндалған газеттің 4-ші санында жарияланған, «Шамиль» деп қол қойған «Ақмола обылысының жандарал қазақ коминтеті» деген мақаласымен басталады. Бұл мақалада көп жайтты жалған дәлелдермен келтіріп, халықты дұрыс жолдан тайдырмақ түрде жарияланған соң, областной қазақ коминтеті дұрыстығын қайта жариялады.


Берілген мақалада: «Областной қазақ коминтетін құртпақ мақсатта Мұқан Айтпенұлы, Абдырахман Қылышбайұлы, Шаймерден Әлжанұлы және жанында бес-алты жолдастары болды. Омбы төңкерісіне де тікелей қатысты осылар, билік басына келген кез-келген коминтетке риза болмай соңын дау- жанжалмен ақтайды делінген. Және де бұл адамдар коминтетін ақшасы жайлы да жалған ақпараттар беріп халықты дұрыс жолдан тайдырмақ болған. Яғни, оқитын студеттеріне берілетін степендиясы үкімен басында отыратын бастықтың балаларына жеткеллекті жағдайда ақшасы беріліп, ал оқитын кедейдің балаларына степендиялары толық берілмей, қадған ақшаларын өздері алып қалады деп келтірген. Бұның бәрін жалған деп осы «Тіршілік» газетіне Областной қазақ коминтеті мақала ретінде жариялаған».
Сонымен қатар, тек осы мақала ғана емес, бұл газетте «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасындағы жанжал туралыда мақала жазып, халыққа жолдап отырған. «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасында ұстанатын бағыты жайлы болған. Газеттің редакторы Сәкен Сейфуллиннің осы жанжалға өз ойын қоса кеткен: «Алаш газетіне қазақ арасынан шыққан оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жиналған мен негізінен осы газеттің ұстанатын бағытын дұрыс көрем, себебі газет басшылары кез-келген тығырықтан, кедергіден асықпай ақыл мен баппен ойланып, шығады,- деп Алаш гезетінің жұмыстарына талдау жасап өз ойын келтірген». Ал «Үш жүз» газеті жайлы: «Үш жүз газетінің басшылары көпнесе тірелген тығырықтардан ақылмен емес, жұдырық күшімен шығады және асығыс шешім қабылдап, оңбай қателікке боялдырады,- деп ойын білдірді».
Қорыта айтқанда, «Тіршілік» газеті сол кездегі «Барды бар, жоқты жоқ»- деп айтатын газеттің бірі болған. Қазіргі таңда газет Көкшетау қаласында «Арқа ажары» деген аптеп шығып тұр. Бұл газеттің ары қарай жалғасын тауып шығып тұрғаны біз мақтанышпен айтамыз. 2017 жылы Сәкен Сейфуллинге арналып Көкшетау қаласында ескерткіш орнатылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет