Бүгін менің презентациямның, жұмысымның тақырыбы –Барыс туралы. Оны Ілбіс депте атайды.
Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Біз барыстың басқа аң атаулыдан ерекше екенін тым ерте пайымдаған халықпыз. Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзінше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар.
Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограммдай. Түсі көк-сұр, теңбіл-шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын, әрі қалың. Табиғат оларды аяздан сенімді қорғайтын қалың жүнімен, өткір тістерімен, күшті табандарымен және дамыған интеллектімен марапаттады, сондықтан табиғатта бұл жыртқыштың адамдардан басқа жаулары жоқ дерлік.
Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Орталық Азия және Оңтүстік Сібір тауларын қамтиды. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді.
Барыс таулардың ұшар басында өмір сүретіндіктен көзге сирек түседі. Сонымен қатар барыстың түсі өзі мекендейтін таулы жартастардың түсімен ұқсас болып кейде көзге тіптен көрінбейді. Барыс негізінен түнде жүріп, күндіз демалады. Үлкен танауымен кең кеудесінің арқасында ауа жетіспейтіни 6000 м биіктіктеде өзін еркін сезінеді. Жыртқыш жануарлардың ең басты ісі ол аңшылықт азығын аулау. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе арқарды, таутекені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Жемін биік тасты жерден, кейде құз арасынан аңдып отырып, 15 м-ге дейінгі биіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Өткір көздері мен сақ құлақтары азығын тез табуға көмектеседі. Аса сақтылықпен ол өзі көздеген жемтігіне жәйлап басып, жақындап бірден бас салады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда ұзын болады. Соның арқасында ұзаққа секіріп, шапшаң жүгіріп жемтігіне тез қол жеткізе алады. Барыс бір секіргенде 7 м ге дейін секіре алады. Бұл мысық тұқымдастарының арасында абсалютты рекорд. Алайда тау тастың арасында аң аулау оңай емес. Сондықтан жемтігі қол жеткізбестей болса соңына дейін қумай энергиясын келесі аңшылыққа сақтап қояды. Арасында аңшылық барыс үшін қауіпті болады. Мысалы кейбір кезде барыс елікті ұстаймын деп биік жартастардан құлайды. Бірақ соған қарамастан өз жемтігін аузынан шығармайды. Құлағаннан кейін 2-3 күннен кейін өз қалпына келеді.
Барыс туралы қызықты деректер:
Алматы қаласының қала таңбасында – барыс бейнеленген.
Барыс 1996 ж. Қызыл кітапқа енген.
Барыс 20-30 ж өмір сүре алады.
Барыс жылына 2 рет балалай алады.
23 қазан Халықаралық Қар Барысы күні.
Барлық жерде барыс саны өте аз. Барыс адамға тиіспеседе адамдар оның әдемі терісіне қызығып, өлтіруге құштар. Мен, қар барысын жоғалтпай, бұл текті аңды сақтап қаламыз деп үміттенемін!