Нұсқаулар 1 зертханалық жұмыс т ақырып 1



бет1/7
Дата26.02.2022
өлшемі0.96 Mb.
#455771
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7
1 Зертханалық жұмыс АКТ


Студенттердің зертханалық жұмыстарына тапсырмалар мен оны орындауға арналған нұсқаулар


1 - зертханалық жұмыс
Тақырып 1. Санау жүйелері
Тапсырма: берілген нұсқа бойынша сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екiлiк сан таңбалары арнайы тeрминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тiлiндегi bit (binary digit - екiлiк таңба) деген қысқарған сөз. компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтiн сегiз разрядты екiлiк санды "байт" (ағылшынның byte деген сөзiнен) деп атау келiсiлген.
1 байт = бiр-бiрiмен қатарласа тiзбек түрiнде орналасқан 8 бит,
мысалы, Е -10000101, е -10100101, / - 00101111,8 - 00111000, т.с.с.
1 байт=8 бит
1 Кбайт=210 байт=1024 байт
1 Мбайт=210 Кбайт=1024 Кбайт
1 Гбайт=210 Мбайт=1024 Мбайт
Кез келген ондық сан белгiлi бiр ереже арқылы екiлiк санға айналады және екiлiк санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әрiптер мен символдарға келетiн болсақ, олар реттi түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөмірінe сәйкес екiлiк кодқа ие болады. Екiлiк сандарды ондық сандар тәрiздi қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болады.

Санау жүйелері

Негіздері

Алфавит немесе цифр

Позициялық

Ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,В,C,D,E,F

Позициялық емес

Римдік жазу




I(1), V(5), X(10), L(50), C(100), D(500), M(1000)

1.1-сурет. Санау жүйелері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет