Мерейтойлық медальдармен марапаттады. Елге еңбегі сіңген бір топ жандарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»



Дата04.07.2016
өлшемі23.5 Kb.
#177795
Астана ақшамы. - 2011.- № 144.-13 желтоқсан

Өкешқызы Г., Сұлтанқызы С., Аймағанбет Г.



Мерейтойлық медальдармен марапаттады.

Елге еңбегі сіңген бір топ жандарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі күн. Алдымен жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы былай деді; «Тәуелсіздігіміздің табанды, егемендігіміздің елеулі болуы үшін аянбай көп еңбек еттіңіздер. Осыны ескере отырып, Президенттің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 172 Жарлығы бойынша сіздерді «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттаймын».



Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Халық игілігі жолында жан аямай еңбек етіп, егемендігімізді нығайтуға үлес қосқандардың қатарында астаналық зиялы қауым өкілдері де болды.

Астана – Тәуелсіз еліміздің ең басты жетістігі. Елорданың өсіп-өркедеуіне, жан жақты дамуына үлес қосқандардың қатарында өнер қайраткері Қайрат Байбосынов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, «Нұр Астана» мешітінің имамы Қалижан Заңкоев, «Жас қазақ» газетінің тілшісі Төлен Тілеубай және тағы басқа бірқатар елордалық оқу орындарының басшылары марапатталды. Сондай-ақ мерейтойлық медаль иегерлері санатында әріптесіміз – «Астана ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Талғат Батырхан, «Вечерняя Астана» газеті бас редакторы Нұрғали Әбілдаев бар. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен беріліп отырған мерекелік медаль еңбектеріңізге деген құрмет пен ізеттің белгісі. Елорданың гүлденуіне, дамуына аянбай еңбек ете беріңіздер, Тәуелсіздігіміз тек тұғырдан көріне берсін, -деді А. Балаева.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет