Бүгінде жас ұрпақ – Қазақстанның берік тірегі деп сеніммен айтуға болады. Жастар жылы аяқталуға жақын қалғанымен, елімізде және облысымызда болып жатқан дамулар тек бір жылға байланысты емес. Біз осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастыра береміз және елімізді қуатты, озық етеміз. Ал, ол үшін жастар энергиясы қажет.
Биыл 15 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Көшбасшы бол» жобасы аясында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өз жұмысын бастаған болатын. Қозғалыстың негізгі мақсаты – Президенттің – Ассамблея Төрағасының саясатын, ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметін қолдау үшін жастарды шоғырландыру. Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқы ассамблеясының» XXVI сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру Жолы жаңа жастар қозғалысы арқылы жастарды жаңғырту жолына жұмылдырып, маңызды жастар стартаптарын қолдау бағытындағы бірлескен жұмыстарды орындауды тапсырған болатын. Осы мақсатта Жол картасы әзірленді. Бұл «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған шаралардың бірі.
Облыс тұрғындарының 30% жуығы жастар. Ақтөбе облысында жастардың саны 240 мыңға жуық. Облыс тұрғындарының ішінде жастардың 150 мыңға жуығы қалаға орналасқан, 86 мыңнан астамы аудандарда, ауылдық жерлерде тұрады. Бұл үлкен адами әлеует, оның сапалы сипаттамаларына өңірдің тұрақты дамуы тәуелді. Жастар жылының міндеті – жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасау, маңызды және өзекті мәселелерді шешу, одан әрі даму үшін іргетас қалыптастыру.
Осылайша, Жастар жылы атаулы және ақпараттық жұмысты, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, бос уақытты сапалы ұйымдастыруды көздейтін әлеуметтік маңызды жобалар әзір леніп, іске асырылуда. Қазіргі таңда жастар жылын ұйымдастыру және өткізу бойынша кеңейтілген іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жыл жалпы республикалық «Еріктілер жылы» болып қабылданғаны белгілі. Бұл жобаның да негізгі қозғаушы күші мен басым локомотивтік құрылымы жастарға негізделетіні анық. Ендеше, жас буынның қоғамнан алар орны мен басар үлес салмағының ауқымды болуы ертеңгі қоғам бейнесінің жасампаз болып қалыптасуының кепілі болса керек. Облысымызда бірегей жұмыстарын атқарып келе жатқан бірнеше еріктілер қозғалысы бар. Олар өзіндік еңбектері арқылы қоғамға өз үлестерін қосып, еріктілік сипатына ерекше дем беріп жүр. Аталмыш айтулы жыл аясында осы облыстық еріктілер ұйымдарының бірлесіп, өзара ықпалдастықты бір арнаға тоғыстырып, арнайы «Жақсылыққа жанашыр жандармыз» тақырыбында форумын өткізу қажет. Осы басқосу барысында облыс бойынша көлемді жобаны бекітіп, барлық еріктілер қозғалысының ерік күші мен жігерін бір жобаға бағыттап, айтулы жылдың ауқымды амалына қадам басуымыз шарт. Себебі, күштің бірлікте екендігін бізден бұрынғы данышпандар саралап кеткені мәлім құбылыс. Ендеше, жастар қоғамның негізгі бет бейнесі. Жазушы Асқар Сүлейменов «Қаланың паспорты базар мен такси» деп жазады өз афоризмдерінде. Сол секілді мемлекет пен қоғамның бейнесі жастар екендігі айдан анық. Жаһандану заманында жасампаз дамудың кепілі заманауи қоғам. Оның кепілі жастар. Алға, жас достар!
Достарыңызбен бөлісу: |