Айбаты жұрттан бөлекше



бет1/2
Дата23.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499607
  1   2
Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...


Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...
Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров пен Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Қ.Тоқаевтың арасындағы жылы қарым-қаты­настың арқасында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми бай­ланыстар айтарлықтай ілгерілеп, нақты, табысты жұмыстар атқа­рылып жатыр. Екі президент Бішкекте, Ыстықкөлде, Астанада бір­неше рет кездесіп, қырғыз-қазақ халықтары арасындағы ынтымақ пен бауыр­ластықты нығайтуға күш-жігерін жұмсап келеді.



Қырғыз Республикасының Пре­зиден­ті С.Жапаров: «Біз жаңа қырғыз елін құру ісінде Манасты халқымызға тағы да түсіндіріп, оны жаңаша қабылдап, жаңаша санаға сіңіруден бастағалы отырмыз» дейді.
Қырғыз-қазақ халықтарының мә­де­ни байлығының тамыры тереңде жа­тыр. Әйгілі «Манас», «Ер Төстік», «Құр­манбек» дастандары қазақ бауырларына қандай жақын болса, «Ер Тарғын», «Қо­быланды», «Алпамыс», «Қыз Жібек» қырғыздардың ғасырлар бойы сүйіп оқитын шығармаларының қатарына жа­тады. Бұл эпостар мен дастандардың сюжеттік мотивтерін, образдар жүйесі­нің ұқсастығын оңай аңғаруға болады. Ал ертегілер мен мақал-мәтелдердің көп­шілігі екі халықта бірдей. Кейбір шы­ғармаларда екі ұлт өкілдерінің ке­йіп­­­керлері қатар кездеседі. Мысалы, «Ма­нас» эпосында Айдарханның баласы Көкше батыр Айкөл Манаспен бірге азаттық үшін жауларға қарсы күреседі. Манасшы Сағымбай Оразбақовтың нұсқасында Ер Көкше батыр былайша суреттеледі:
Айдархан ұлы Ер Көкше,
Айбаты жұрттан бөлекше.
«Манас» эпосының тарихи тағдырын сөз қылғанда қазақ халқының қос ұлы­ның есімі әрқашан ерекше ыстық ықы­ласпен, зор ілтипатпен еске алынады. Біріншісі – Шоқан Уәлиханов, екіншісі – Мұхтар Әуезов. Екеуі қырғыз жерінде екі мезгілде болса да бір пікірде «Манас» эпосын жоғары бағалаған. Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл сапары күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жоңғар очерктері» атты терең ғылыми еңбектер жазған. Ол «Манас» эпосын ең алғаш қағаз бетіне түсіріп, эпостың «Көкетайдың асы» бөлімін орыс тіліне аударып, кең ауқымға алып шықты. Ол эпопеяны «Қырғыз тарихының энциклопедиясы» деп атады.
Мұхтар Әуезов Ленинград универ­ситетінің аспиранты кезінде-ақ «Манас» эпосына қызығушылық танытты. Нәти­жесінде, жиырма жыл уақытын жұмсап, «Қырғыздың батырлық эпосы «Манас» деген іргелі монографиясын жазды. Онда белгілі манасшылар С.Оразбақов пен С.Қаралаевтың варианттарын салыс­тырып, әрбірінің жеке ерекшеліктерін, басты кейіпкерлердің портреттері мен образдарды, табиғат көріністерін, соғыс эпизодтарының суреттелуін, көркемсөз тіркестерінің қолданылуын, эпостың шығу дәуірі сияқты мәселелерді терең зерттеген.

«Манас» эпосын «Илиада», «Одиссея», «Роланд туралы жыр», «Нибелунгтар туралы жыр», «Калевала», «Гэсэриада», «Махабхарата» және орыстың «Игорь полкі туралы жыр» эпостарымен салыс­тырып, олардың айырмашылықтарын анықтаған.
Мұхтар Әуезов пен «Манастың» ажы­рамас бірлігі 1952 жылы Фрунзе (қа­зіргі Бішкек) қаласында өткен «Манас» эпосына арналған Бүкілодақтық конференцияда айқын көрінді. Мұхтар Омарханұлы «Манас» эпосына қарсы шық­қан Климович, Боровков, Балтин, Нуровтарды қатты сынға алып, «Манас» эпосының халықтық нұсқасын жасау қажет» деп, қырғыздың белгілі ға­­лымы Болот Юнусалиевпен бірге эпос­қа қатысты дауға нүкте қойды. Со­ны­мен қатар «Манас» эпосының бі­рік­тірілген құрама нұсқасын жасауда ақын-жазушыларымыз Кубанычбек Мәликов, Аалы Токомбаев, Түгөлбай Сыдықбековке құнды кеңестер берді. Бұл еңбекті жоғары бағалаған кітаптың бас редакторы Б.Юнусалиев кітаптың кіріспе сөзінде «көп алғыс айтамыз» деп ерекше жазды.
М.Әуезов пен С.Қаралаев өте жа­қын болған. Мұхаң оған бірнеше рет «Манасты» айтқызып, тыңдаған.
1957 жылы Қырғызстан Мәдениет министрлігі Мұхтар Омарханұлына «Семетей – Манастың ұлы» деген көркем фильмнің сценарий авторын жіберіп, ақыл-кеңесін сұраған.
Шыңғыс Айтматовтан: «Қай жерден­сің?» деп сұрағанда, «Манас» пайда бол­ған, Әуезов туған жерденмін» деп жауап беруі бекер болмаса керек.
Қырғыздың төкпе ақындары Тоқтағұл, Османқұл, Қалық, Алымқұл қазақтың жыр алыбы Жамбыл, Кенен, басқа да ақындармен тығыз байланыста болды. Уақыт өткен сайын екі ел арасындағы қарым-қатынас тереңдей түсті. Қырғыз әдебиетінің негізін салушылар Қасым Тыныстанов, Сыдық Қарашев, Қасымалы Баялиновтің алғашқы шығармалары қазақ тіліндегі газет-журналдарда жа­рық көрді. Белгілі ақындар Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллиннің өлең­дері қырғыз ақындарына қатты әсер етті. Мысалы, жас ақын Қасым Ты­ныс­танов қазақ зиялыларымен, Ахмет Байтұрсынұлымен араласқандықтан «Алаш» партиясының идеялары туралы біл­мей қалуы мүмкін емес еді.

Мұхтар Әуезов қырғыз кеңес әдебиеті өкілдері А.Токомбаев, Т.Сыдықбеков, М.Элебаев, Ж.Бөкенбаев, Т.Үметәлиев, К.Мәликовтің шығармашылық табысына қуанып отырды.
Белгілі сыншы К.Асаналиев айтқан­дай, Шыңғыс Айтматов есімін Мұхтар Әуезовтің атымен ұдайы қатар айтамыз дегенді кім ойлаған?
Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айт­матов, бірі – ұстаз, бірі – шәкірт, жарық жанған қос жұлдыз секілді.
1958 жылы «Жәмилә» повесі туралы талас-тартыс мәселесінде Мұхтар Әуезов «Литературная газетаға» жаз­ған «Сапарың құтты болсын!» деген мақа­ласында «Шыңғыс Айтматовтың әңгі­месі психологиялық, табиғи, нәзік және қарапайым» деп шешуші пікір білдіріп, француз жазушысы Луи Арагонға повесті аударуға ұсыныс білдірген.
Шыңғыс Айтматов ұстазының шы­ғар­маларын насихаттаушы, қорғаушы, бастырып шығарушы. Шыңғыс Айт­матовтың сөзімен айтсақ, «Мұхтар Әуе­зовтің «Абай» эпопеясы – біздің көр­кемдік және әлеуметтік энциклопедия­мыз, ол – біздің ортақ мандатымыз».
М.Әуезовтің 1916 жылғы ұлт-азаттық күресті баяндайтын «Қилы заман» повесі 1928 жылдан бері шықпай жатып қалған еді. Дегенмен 1977 жылы Ш.Айтматовтың бастамасымен әрі алғы сөзімен повесть баспадан шығады.
М.Әуезовтің «Көксерек» (қырғыз­ша – «Көк карышкыр») повесінің қырғыз­ша аудармасы Қырғыз мемлекеттік мұ­рағатынан табылуы – әдебиеттану саласында үлкен оқиға.
Мұхтар Әуезов дүниеден өткенде Шыңғыс Айтматов ұшақпен ұшып ба­рып, ұстазына топырақ салуға үлгер­ген еді. Өткенде мен Алматыда М.Әуе­зовті соңғы сапарға шығарып салу­дағы фотосуреттерді көрдім, сонда Ш.Айт­матов терең қайғыға батып тұрғаны байқалады.

Әрине, Ш.Айтматов ұстазы М.Әуе­зовтің «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көк­серек» сияқты шығармаларын экранға шығару мақсатында Болотбек Шәмшиев пен Төлөмүш Өкеевке тапсырма беріп, олар әлемдік шедеврге лайықты көркем фильмдер түсірді. Басты рөлдерді белгілі қырғыз-қазақ әртістері сомдады.
Түптеп келгенде, Ш.Айтматов айт­қандай, «Мұхтар Әуезов сияқты биік көр­кемдік шыңдар керек». Мұхтар Әуезовтің биік шыңынан біз өзімізді бағалап, өзге мәдениеттермен етене араласамыз.
Мұхтар Әуезов ауқымындағы байланысты Шыңғыс Айтматовтан көре аламыз. Қырғыз жазушысының Ә.Нұрпейісов, О.Сүлейменов, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Мәмбетов, Ш.Мұртаза, Қ.Нұрмаханов, З.Қаб­долов, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов және басқалармен шығармашылық бай­ла­нысы кімді болса да толғантпай қоймайды.
Шыңғыс Айтматов Лениндік сый­лықты иеленгенде алғашқылардың қата­рында батыр Бауыржан Момышұлы, профессор Бейсенбай Кенжебаев, басқа да көптеген қазақ бауырлар құттықтаған. Досы, академик Зейнолла Қабдолов былай дейді: «Шыңғыс тудырған Толғанай аналардың анасына айналды. Бұл не деген сөз? Бұл – біздің қандас қырғыздың алғаш бір жарқ еткен ұлттық рухының ұшқыны – Шыңғыс Айтматов жалпы адамзаттың санасында асқақтаған Прометей есіміне айналды деген сөз». Бір қызығы, Шыңғыс Айтматов Зейнолла Қабдоловқа арнап «Қызыл алма» әңгімесін жазған болатын.
Шындықты айту – парыз. Ш.Айт­матовтың еңбектері қырғыз оқыр­мандарына жеткенше қазақ аудармашылары жазушының шығармаларын қазақ оқырмандарына жеткізіп үлгеретін. Жазушының туындыларын аудару ісінде Қ.Нұрмаханов, А.Нұрқатов, З.Қабдолов, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Н.Оразалин айрықша шығармашылық күш жұмсады.
Шыңғыс Айтматов шығармалары жалпы қазақ мәдениетіне үлкен әсер етті. Оның барлық шығармасы сах­наға шығарылып, астанадан аудандық театрларға дейін қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мәселен, 1964 жылы режиссер Ә.Мәмбетов қой­ған «Ана – Жер-ана» (қырғызша «Са­ман­чының жолы») қойылымы театр­дың мақтанышына айналып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атан­ды. С.Майқанова, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев, А.Әшімов, Н.Жантөрин ойнаған кейіпкерлердің бейнесі мил­лиондаған көрерменнің жан дүниесін баурады. Ал Н.Жантөриннің Ш.Айтма­тов шығармалары бойынша түсіріл­ген «Аптап», «Жорға сапары» фильмде­ріне қатысуы, Ф.Шәріпованың Бибіжан рө­лін сомдауы, Д.Садырбаевтың «Махаббат ­дастаны» көркем фильмі ешкімді бейжай қалдырмасы анық.
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» ро­манының бірінші кітабына алғысөз жаз­­ған Ш.Айтматов «Как человек, как со­беседник он всегда глубок, мудр и сдер­­жен. Таков он и в своем творчестве» («Адам ретінде, сұхбаттас ретінде ол қа­­шанда терең, дана, ұстамды. Ол өз шы­ғар­машылығында да сондай») деген болатын.
Шыңғыс Айтматов Қ.Мұхамед­ж­а­нов­­пен бірлесіп «Көктөбедегі кездесу» драмасын жазды. Бұл драма бүкіл әлем­ге та­рады. Сондай-ақ М.Шахановпен бірі­гіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» шығармасы да көне заманнан бү­гін­гі күнге дейінгі түйткілді мәселелерді қозғайды. Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Кекілбаев, Қ.Нұр­ма­ханов, І.Жақанов, М.Шаханов, Н.Ора­залин, басқалармен жеке достығы туралы ұзақ-сонар сөз айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет