«Би терапиясы»
Би – адамның ішкі сезімін ақтарудың ерекше түрі. Билеу арқылы жылауға, күлуге болады, сүріну мен қайта тұруды сипаттауға болады. Бидің құдіретін түсіну үшін бишінің қимылы мен жанарына назар салсаңыз, жеткілікті.
Би тарихы.
Би тарихының қай уақытта бастау алғаны белгісіз. Дегенмен, біздің заманымызға дейінгі VI-VIII ғасырда тастарға түскен таңбалар арқылы жаңа мәдениеттің тарихы басталғанын аңғаруға болады.
Бастапқыда би көңіл көтерудің немесе мәдени ортаның белгісі емес еді. Бұл қарым-қатынас құралы болатын немесе адамдардың ішкі сезімі, олардың өздерін көрсету мүмкіндігі мен ойларын білдіретін еді. Ежелде адамдар барлық маңызды оқиғаларды (махаббат, соғыс, аң аулау) би қимылдары арқылы көрсететін, тіпті, қимылдарында жан-жануарлардың әрекеті кездесетін.
Бақсылар мен африкалық билер – адамдарға үгіт-насихат жүргізуде биді қолдануға болатындығының анық дәлелі. Олар баяу басталып, музыканың ырғағына сай жылдамдай түседі. Бұл хореографиялық композияциялар адамдарға рахаттану сезімін сыйлап, олардың ойын жаулап алу үшін қолданылған.
Билеуге тұрарлық 5 себеп:
Би – тәннің сұлулығын сақтап қана қоймай, жаныңызды тыныштандырып, күйзелістен арылтады.
Билеу барысында эндорфин (ауырсынуды басып, эйфория сезімін шақырады) гормоны бөлінеді.
Екіншіден, би көптеген дерттің алдын алады (остреохондроз, диабет, артық салмақ). Одан бөлек, музыка мидың жұмысын белсенді ете түседі.
Ойлау қабілеті даму үшін де адамға қозғалыс керек. Ал, би – таптырмас жаттығу.
Үшіншіден, қарым-қатынасты күшейтеді. Топтық сабақтар, жұптық жұмыс, адамның әлеуметтік қарым-қатынасын дамытып, оның топта жұмыс істеу дағдысын дамытады.
Төртіншіден, би адамның өзіне деген сенімділігін арттырады. Ол адамдардан жасқанбайтын, жаңа ортамен еркін араласа алатын қабілетке ие болады. Бесіншіден, тән сұлулығы сақталады. Бұлшық еттеріңіз дамиды. Одан бөлек, адамның ойын тазалайды.
Би – адамдар өз сезімдерін және эмоцияларын білдіру үшін қолданатын көне жолдардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |