Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет19/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   333
АҚЛАН (Аклан) – қорғ., Бейнеу ауданы. Абс. биіктігі 290 м. Мағынасы: «тасы, 
топырағы ақ тҥсті, жартасты, қҧзды тау». 
АҚМАЯ (Акмая) – тау, Таушық – Қаламқас автомобиль жол бойында орналасқан. 
Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және мая (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. 
Тау кескіні мая тҥйенің (бір ӛркешті) ӛркеші сияқты болуына және тҥсінің ақтығына 
байланысты аталған.
АҚМЕШІТ (Акмешит) – тӛбе, ҥңг., тӛбе, мола. Қарақия ауданы. Атау ақ (сын есім) 
және мешіт (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мешіт  «діни, мұсылмандардың 


жиылып намаз оқитын және бала оқытатын жері», Ақ борлы жерден салынған 
мешітке байланысты аталған. 
АҚМОЛА (Акмола) – мола, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және мола (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ақ сӛзі – «киелі, қасиетті» деген мағынада 
қолданылып, «киелі мола» деген мәнде және моланың ақ тастан салынуына 
байланысты да аталуы мҥмкін.
АҚМОЛАЛЫ (Акмолалы) – қ., Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және молалы (сын 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау: «ақ тастан қаланған моланың жанынан 
қазылған қҧдық» мәнін береді. 
АҚМОЛДА (Акмолда) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
АҚМОНШАҚ (Акмоншак) – шатқ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «бір-біріне 
тізбектелген тӛбелі шатқал». 
АҚМҦРЫН (Акмурын) – шатқ., қорым, Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және мҧрын 
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Аталған жердің сырт кӛрінісінің шығыңқы, 
биік (мҧрын тәріздес) пішініне қарай аталған. Мағынасы: «сусыған биік қҧмды жер». 
АҚМЫШ (Акмыш) – б., Маңғыстау ауданы. Атау ақ (етістік) және –мыш жҧрнағы 
арқылы жасалған. С.Қондыбай –мыш тҧлғасын оғыз тіліндегі «бҧлақ» деген сӛз деп 
қарастырады (С.Қондыбай, 2007, 171). Біздің пікірімізше, топоним қҧрамындағы -мыш
– есімшенің кӛне жҧрнағы. М.Томанов «-мыш – Орхон Енисей жазбалары тілінде
сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің ӛткен шағын жасаған 
аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (тҥйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің 
қызметін атқарған», – деп кӛрсетеді (М. Томанов, 2002, 272-273). Демек Ақмыш 
«аққан бҧлақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет