Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет120/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАРАМОЛА (Карамола) – мола, тӛбе, Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Атау қара (сын 
есім) және мола (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ескі мола» 
болуы мҥмкін. 
ҚАРАМҦРАТ (Карамурат)  – мола, Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
ҚАРАНАР (Каранар) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және нар (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Нар деп – «жалғыз ӛркешті ірі тҥйені» 
айтады. Сонда атаудың мағынасы: «тасы, топырағы қара тҥсті, ҥлкен шатқал».
ҚАРАНЫҢ СОРЫ (Каранын соры) – сор, Маңғыстау ауданы. XVIII-XIX 
ғасырларда ӛмір сҥрген, Беріш руынан шыққан, Есполай ҧрпағы Қара есімімен 
байланысты аталған. Мағынасы: «Қараның тамының маңындағы сор». 
ҚАРАҢҒЫБҦЛАҚ (Карангыбулак) – б., Бейнеу ауданы. Атау қараңғы (сын есім) 
және бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Суы аз бҧлақ» мәніндегі 
атау. 
ҚАРАҢҚҦДЫҚ (Каранкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қараң (сын есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Суы біткен қҧдық» мәніндегі 
атау. 
ҚАРАОБА (Караоба) – қ., қон., мола, Маңғыстау, Бейнеу, Мҧнайлы ауд-да. Атау қара 
(сын есім) және оба (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ғ.Қоңқашпаев 
атаудың қҧрамындағы оба – «жотаға не жазық жерге жинаған, ҥйілген тас», - дейді. 
Э.Мурзаев оба сӛзі моңғол тіліндегі овоо, обоо – «ҥйінді, ҥймек», «тӛбе», «тас 
ҥйіндісі», «қорған» екенін айтқан (Э.Мурзаев, 1984, 401). Сонда атаудың мағынасы: 
«қара тасты ҥйінді бар жерден қазылған қҧдық». 


ҚАРАОЙЫҚ (Караойык) – мола, Қарақия ауданы. Атау қара (сын есім) және ойық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен ойыс жердегі мола». 
ҚАРАПАТ (Карапат) – су кӛзі, Бейнеу ауданы, Сам қҧмының солтҥстік шетіне таман 
орналасқан. Мағынасы: «суы ӛте кӛп қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет