Жандарбекова Рима Есенбековна
Сайрам ауданы, Ш.Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының XVIII-XIX ғасырлар аралығында рухани мәдениетінің дамуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы қазақ халқының рухани мәдениеті туралы мағлұмат беру
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Жоспар:
-
Музыкалық шығармашылық:Біржан-сал, Жаяу Мұса,Тәттімбет.
-
Қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
1. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
2.ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫ:
Шоқан Уәлиханов.
Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов орыстың әскери мектебінің түлегі еді.Алайда Шоқанды қазақ даласында орыстандыру саясатын жүргізуші болды деп бағалау үстірт пікір.Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты.Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды
Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән.Ең бастысы –білім мен ғылымды адамдарды бағытқа жеткізетін күш деп ұғыну.Алайда қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті.Мұның өзі Шығыс Ренессансына,тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты.
Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз.Ол шын мәнісінде нағыз ренессанстық тұлға.Небары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті.
Ыбырай Алтынсарин
Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға-Ыбырай Алтынсарин.Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты,алғашқы педагогикалық оқулық “Қазақ хрестоматиясын”және қазақ балаларына орыс тілін уйретуге арналған оқу құралдарын жазды.Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби тілін ің негізін салушылардың бірі жәнехалықтың ауыз әдебиетін,әдет-ғұрпын зерттеуші ретінде белгілі;ол жазған қазақтардың құдалық және үйлену рәсімдері туралы,адамдарды жерлеу және еске алу салттары жөніндегі еңбектері жоғары бағаланып,1847 жылы Ы.Алтынсарин РесейГеографиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшесі болып қабылданды.Ыбырай 1884 жылы Қазан қаласында атақты “Ислам шариаты” атты кітабын шығарды
Абай Құнанбаев.
Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы- ұлы философ –ақын Абай Құнанбаев.Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді.Абай, міне осындай тұлға болды.Абай өз шығармашылығында қазақ елін белгілі тарихи тұйыққа тіреліп,одан қалай шығуды білмей ,болашғы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді.Осындай шым-шытырында ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрінен арылып,халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап,оны емдеудің жолдарын көрсете білді.
Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:
1)Біржан салдың қандай музыкаларын білесің?
2)Мұсаны неліктен ЖАЯУ МҰСА деп атаған?
3) «Жанбота» әні дүниеге қалай келген?
4)ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ағартушыларын ата.
5)Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |