КЕНДІРЛІСОР (Кендирлысор) – сор, Қарақия ауданы. Атау кендірлі (сын есім)
және сор (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кең шатқалдағы
тҧзды сор».
КЕНЖЕ (Кенже) – тӛбе, Тҥпқараған ауданы. Этноороним. «Кенже руының тӛбесі».
КЕНЖЕҚАЗҒАН (Кенжеказган) – қ.,
Маңғыстау ауданы, Бозашыда.
Атау Кенже
(зат есім) және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ру
атынан
қойылған.
Адай атадан Айтумыс, одан – Ӛрдек, одан - Кенже тарайды. Мағынасы:
«Кенже руының қазған қҧдығы».
КЕНТ (Кент) – қ., Маңғыстау ауданы.
Кент – қала аттарын жасауға негіз болатын,
иран тілінен енген сӛз.
Кент – географиялық терминінің «қала, ауыл,»
деген
мағыналарынан басқа «су сақтауға арналған шҧңқыр» ретінде де
қолданылады екен
(В.И.Савина 115).
Сонда атаудың мағынасы: «ауыл маңынан қазылған қҧдық» немесе
«су сақтауға арналған шҧңқыр, қҧдық»
деген мән беретін тәрізді
.
КЕНТТІБАБА (Кенттыбаба) – қор., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «халық
қоныстанған жердегі әулие адамның қорымы».
КЕНТАЙҚАЗҒАН (Кентайказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Кентай (зат есім) және
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропогидроним. Мағынасы:
«Кентай қазған қҧдық».
КЕНІШБАЙ (Кенишбай) – мола, Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним.
КЕҢҚОЛТЫҚ (Кенколтык) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кең (сын есім) және
қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қазақ тілінің тҥсіндірме
сӛздігінде: «қолтық – «белгілі бір мекен-жайдың я орман-тоғай, сай-саланың тасалау,
ықтасындау, ойпаңдау жері» – деп тҥсінік берілген (ҚТТС, 6 т. 305). Атаудың
мағынасы: «ҥлкен ықтасындау, ойпаңдау жер».
КЕҢСАЙ (Кенсай) – сай, қ., Маңғыстау ауданы. Атау кең (сын есім) және сай (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен, кең сай».
Достарыңызбен бөлісу: