Қуантқанқызы Гүлшат Сисенбаева Нұрайым Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады. Библиографияда баспа туындыларына библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың аты-жөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай - ретроспективті (ағымды, өткенді шолу)
- перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер),
тақырыбына қарай: - салалық,
- өлкетану,
- елтану,
- сын
- жалпы әмбебап
Библиография жазу негіздері Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері – библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |