Билет № 1
Физиканы оқытудағы эксперименттік әдістер
Орта мектепте физиканы оқытуда эксперименттік әдіс негізгі оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Оның мәні физика ғылымында қалай зор болса, физиканы оқытуда да зор.
Физикалық эксперимент келесі түрде қолданылады:
- оқытушы өткізетін демонстрациалық эксперимент;
- бағдарламалық мәтінді оқып үйрену процесінде оқушылар орындайтын фронталь зертханалық жұмыстар;
- физика курсының алдынғы бөлімін немесе толық мектеп курсының соңында оқушылардың орындайтын физикалық практикум жұмыстары;
- эксперименттік есептер;
- сыныптан тыс физикалық тәжірибелер (үйірмелер, конференциялар) және эксперименталды үй жұмыстары. ектептегі физикалық эксперименттің бәрін алғанда демонстрациалық эксперимент негізгі орын алады.
Демонстрациалық әдістің өзгешелігі оның көрнекілігінде, нанымдылығында және педагогикалық тиімділігінде.
Демонстрациалық эксперимент оқулық физикалық эксперименттің құраушыларының бірі болып табылады және оқытушының арнайы приборлардың көмегімен демонстрациалық үстел үстінде физикалық құбылыстарды еске түсіру (елестету) болып көрінеді. Ол оқытудың иллюстративті (суретті) эипирикалық әдіске жатады.
Демонстрациалық эксперименттің оқытудағы рөлі білім көзі және шындық белгісі ретінде, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктерімен анықталады.
Демонстрациалық эксперименттің мағынасы:
- оқушылар физикадағы эксперименттік әдіспен және физикалық зерттеулердегі эксперименттің рөлімен танысады (нәтижесінде ғылыми көзқарастары қалыптасады);
- оқушыларда кейбір эксперименттік ептілік қалыптасады: құбылыстарды бақылау, гипотезаларын ұсыну, экспериментті жлспарлау, нәтижедерді талдай алу, шамалар арасындағы байланысты тағайндау және қорытынды жасау.
Демонстрациалық эксперимент көрнекілік құралы бола тұрып, оқушылардың оқу материалды қабылдауын, оны түсінуін және есте сақтауын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады; политехникалық оқытуды іске асыруға мұмкіндік береді; физикаға деген қызығушылықтың артуына және оқуға ықпалын тигізеді
Айналмалы қозғалыс динамикасы.
3. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |