Билет №18 Аңырақай шайқасы


Ағартушы ғалым Шоқан Уəлиханов жəне оның Қазақстанның тарихы



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Билет 18-35

2.Ағартушы ғалым Шоқан Уəлиханов жəне оның Қазақстанның тарихы,
географиясы, экономикасы мен мəдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.
Шоқан Уəлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.
Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.
Шоқан – əке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан
əжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды жақсы көрді.
Шоқан Уəлиханұлы 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2-3
жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Мұғалімдер Шоқанды
14-15 жасында-ақ болашақ ғалым деп білген. Шоқан Семей, Аягөз, Қапал,
Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ
халқы ауыз əдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты
материалдар жинаған.
Ш. Уəлиханұлының ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын
аудартып, 1857 жылдың ақпанында 22 жасында ол қоғамның толық мүшелігіне
қабылданады. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады.
Потанин Шоқанды «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деген.
1856 жылы Ш. Уəлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық
Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық
тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды. 1857 жылы Шоқан Уəлиханұлы
Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық
дастаны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.
Уəлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі болып саналатын ерте заман
бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. Оның «Ыстықкөлге барған сапардың
күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы»,
«Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-этнографиялық туындылары
жоғарыда аталған сапарларының нəтижесі болды.
Шығыс Түркістандағы Қашғария еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан
бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін
қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтты.


Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол
Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мəдениеті, географиялық жағдайы
жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның
негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші
Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін
жазды.
Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда жəне Англияда неміс жəне
ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын,
этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет