Билет № 18
1.Аңырақай шайқасы.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте
елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде
Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде
болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Əбілқайыр тікелей басшылық етті.
Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. Аңырақай шайқасы
дəстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан
əскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай
хан атанған Əбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына
«Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды.
Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін
арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі
қашып, қатты абыржыды. Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы
жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай
шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді.
Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап
қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кəрінеді.
2.Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлының бастаған
көтерілістері.
19 ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың
əлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара,
шөмекей жəне т.б рулар қысты Сырдарияның төменгі жағында тек малшы
көшпенділер ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен айналысатын отырықшы
қазақтар да тұрды. Бұлардың көпшілігі кедей жатақтар, олардың негізгі кəсібі
суармалы егəн шаруашылығы еді. Хиуа жəне Қоқан феодалдары Сырдарияның
төменгі ағысы бойындағы жəне Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің
аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Хиуа хандығы жергілікті
халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына
ғана емес, сондай ақ Хиуа жəне Қоқан билеушілеріне де зекет жəне ұшыр төледі.
Алым-салық жинау үшін олар əскери күштерді пайдаланды. Хиуа жəне Қоқан
хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға
бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Əлім руынан шыққан Жанқожа
Нұрмұхамедұлы басқарды. Шекті рулары басшыларының бірі Жанқожа жай
қарапайым халық арасында беделді əрі мақсаткер батыр ретінде данққа бөленді.
Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте
күшті отаршылдық езгіге түсті. Оның жасақтары Кенесары сарбаздарымен бірге
Созақ қамалын корғауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде
Жанқожаның əскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып қала коменденты
Бабажанды өлтірді. 1843 ж Жанқожа батырдың жасақтары қуандария бойындағы
хиуалықтар тұрызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж осы қамалды қайтадан
қалпына келтіру үшін жіберілген 2 мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді.
Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арсындағы күрес
күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының əскері өзен бойындағы қазақтарды
егістікпен жəне пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария өзенін бөгеп
тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан ары қарай жалғасты.
Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан
айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша
əскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды.
Бұл кезде Жанқожаның əскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске басқа
рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты.
Нəтижесінде көтерілісшілер саны ең əуелі үш мыңға , ал 1857 жылдың қаңтар
айында бес мың адамға жетті. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы
меңгерген əскери əдісін қолданды. Кө терілістің кеңінен таралуы Орынбор
генрал губернаторлығы əкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен
көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған əскери топ
жіберілді. Оның құрамында 300- казак-орыс, 320 жаяу əскер, үш зеңбірек жəне
екі ракеталық зеңбірек кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9
қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек
мылтықпен жақсы қаруланған Фитинговтың əскеріне қарсы Жанқожаның ақ
туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа
сарбаздарының шабуылы сəтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап
тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден
алып ығып қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф
қазақтарың 212 үйін өртеп 20 мыңнан астам ірі қарасын тартып алып кетті.
Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына ондағы Хиуа
хандығының жеріне өтуге мəжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ
ауылдары көшп кетті.жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары
тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе
шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша
өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет
Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің
шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен жəне Кіші
Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті
руына түтін салығы салынуы жəне жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының
күшеюімен байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың
отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей
əскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша
əскерлерінің арасында қырғын шайқастар жүрді. 8-шілде күні Есеттің
жасақтары күтпеген жерден А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап,
сұлтанды жəне он-шақты би старшындарды өлтірді. Аайда оқ дəрісі мол
мылтықтармен қаруланған патша əскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мəжбүр
болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша əскерлері Есет батыр
бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша
үкіметінің отарлау саясатына жəне жергілікті бай шонжарларға қарсы
бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі
сəтсіздікпен аяқталды.Жанқожа Нұрмұхамедұлы жəне Есет Көтібарұлы
бастаған көтелістердің басты себептері:
•Жер мəселесі- Хиуа, Қоқан хандықтары Қазақ жерінің билігін көздеп,
бірнеше рет шабуыл жасап тұрды: 1808ж Ташкентті; 1814ж Түркістанды,
1818ж Ақмешітті басып алады
•Салық мəселесі. Қоқандықтар қазақтарға ауыр алым-салықтар енгізді.
Мысалы, Сыр мен Арал қазақтары жыл сайын Қоқан хандығына 6қой,
4арба сексеуіл, 1000бау қамыс төлеу міндеттелді. Ал хиуалықтар
зекет,ұшыр салығын жинап отырды.
•Бекіністердің салынуы. 1835ж Сырдария бойында Қожанияз жəне
Жаңақала бекіністері, Хиуа хандығы Қуаңдария өзенінің бойында Құртөбе
əскери бекінісін құрды.1847ж Райым, 1855ж Қазалы бекіністері салынды.
Достарыңызбен бөлісу: |